Күз ауылына саяхат
Пәні
Қазақ тілі
Сыныбы
6 (орыс бөлімі)
Сабақтың тақырыбы
Күз
Лексикалық тақырып
Күз (тақырып бойынша білімді тереңдету)
Грамматикалық тақырып
Етістік
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақтың мақсаттары
Жалпы мақсат
Жыл мезгілдері бойынша (төменгі сыныптардағы білімді еске түсіре отырып) қорытынды жасау және оқушылардың меңгерген білімін тереңдету.
Білімділік
- Тілдік қорын кеңейту.
- Өз ойын еркін, жүйелі жеткізуге үйрету.
- Алған білімнің өмірде қажетті екенін түсіндіріп, оны қолдануға дағдыландыру.
Тәрбиелік
- Эстетикалық және экологиялық тәрбие беру.
- Отанды, туған жерді, табиғатты қорғауға баулу.
- Табиғатқа қызығушылықты арттырып, бақылауға тәрбиелеу.
Дамытушылық
- Сөз байлығын дамыту.
- Ойлау қабілетін дамыту.
Көрнекілігі
Интерактивті тақта, суреттер, сызба-тіректер.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, әңгімелесу, талдау және жинақтау.
Сабақтың барысы
1-кезең: Ұйымдастыру
Сәлемдесу
Сыныппен амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Ой шақыру сұрақтары
- Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні?
- Ауа райы қандай?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
Интерактивті тақтаға назар аударамыз.
2-кезең: Ой шақыру (4 топқа бөлу)
Төменгі сыныптарда өткен жыл мезгілдерін еске түсіреміз. Интерактивті тақтада жылдың төрт мезгілі бейнеленген суреттер көрсетіледі. Суреттер бойынша тіл дамыту жұмыстары жүргізіледі.
1-топ (Қыс)
- Бұл кезде аяз болады, күн суытады.
- Қар жауады.
- Жаңа жыл мерекесін бүкіл әлем тамашалайды.
2-топ (Көктем)
- Күн жылынады.
- Құстар жылы жақтан ұшып келеді.
- Бұл кезде Аналар мерекесі, Наурыз мерекесі, Ынтымақтастық мерекесі, Жеңіс мерекесі өтеді.
3-топ (Жаз)
- Күн ұзақ, түн қысқа болады.
- Балалар өзенде шомылады.
- Балалар демалысқа шығады.
4-топ (Күз)
- Ауа райы салқын болады.
- Жемістер мен жидектер піседі.
- Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
3-кезең: «Күз ауылына саяхат»
Балалар, тыңдаңыздар:
Алмұрт, алма, шие, алша,
Жидек, жүзім піседі.
Байтақ далада пішен шабылады,
Қырман дәнге толады.
Балалар, айтыңдаршы: бұл қай кезде болады?
4-кезең: «Сөздіктер еліне саяхат»
Қазақша
- Суытты
- Жиі
- Сарғайды
- Қата бастады
- Тынышталды
Орысша
- похолодел
- часто
- пожелтели
- начали замерзать
- затихло
5-кезең: Мәтінмен жұмыс
2-тапсырма
Мәтінді оқып, күз мезгілінде қандай өзгерістер болатынын әңгімелеп беріңдер.
Күз
Қоңыр күз басталды. Күн суытты. Жаңбыр жиі жауа бастады. Жел күшейді.
Ағаштың жапырақтары сарғайды. Ағаштар жапырағынан айырыла бастады.
Құстар жылы жаққа ұшып кетті. Өзендер қата бастады.
Аңдар да өздеріне ін қаза бастады. Орман іші тынышталды.
Қыстың белгісі біліне бастады.
Мәтін бойынша сұрақтар
- Күзде қандай өзгерістер болады?
- Оны неден байқауға болады?
- Аңдар қайда кетті?
- Ненің белгісі біліне бастады?
Грамматика: етістік (қайталау)
Мәтіннен етістіктерді тауып, дауыстап айтыңдар. Етістіктің сөйлемдегі қызметін түсіндіріңдер.
6-кезең: «Тілмаштар еліне саяхат»
Тақырып: Күзде (Осенью)
Орысша мәтінді оқып, қазақша мазмұндап айтуға тырысыңдар. Негізгі ойды бөліп көрсетіңдер.
Орысша мәтін
Наступила осень.
Пожелтели листья, завяли цветы.
Часто идут дожди.
Надо быстро убирать урожай.
Люди трудятся, не жалея сил.
В садах и огородах собирают фрукты, овощи.
Дети помогают родителям собирать урожай.
Сергіту сәті: «Ұшты — ұшты»
Ұшты-ұшты арба ұшты.
Ұшты-ұшты қарға ұшты.
Ұшты-ұшты сырға ұшты.
Ұшты-ұшты тырма ұшты.
Ұшты-ұшты дәптер ұшты.
Ұшты-ұшты кептер ұшты.
7-кезең: «Сауаттылар еліне саяхат»
Төмендегі сөздерден қателерді тауып, дұрыс нұсқасын жазыңдар:
8-кезең: Демалайық, ойнайық
Тақтада күздің суреті, ал үстелде жеміс-жидектердің суреттері беріледі. Біз «жәрмеңке-көрмеге» барамыз: бұл жәрмеңкеде жеміс-жидек, көкөністер «сатылады». Қай топтың сөздік қоры тақырыпқа сай көбірек болса, сол топ жеңімпаз атанады. Екі топқа бөлінеміз.
Жұмбақтар
1)
Жазда жайнайды, күзде жайрайды.
Летом цветет, осенью опадает.
2)
Ұшып-қонып, гүл үстінде, сабағы жоқ гүл көрдің бе?
Над цветком цветок и порхает, и порхает.
Жұмбақ (шешіп көрейік)
Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты.
Іші жұмсақ, сырты қатты,
Еті қызыл, сүті тәтті.
Жаңылтпаш
Алақай, алақай,
Қуанды балақай.
Қыс кетті,
Құс кепті.
Мақал-мәтелдер
- Екпей егін шықпас, үйренбей білім жұқпас.
- Не ексең, соны орасың.
Әрі ойын, әрі оқу
Табиғатқа қатысты аудармасы ұқсас сөздерді анықтаңдар: сөздерді оқып, аудармасымен созвучие болатындарын белгілеңдер және табиғатқа қатысты сөздерді ажыратыңдар.
Оценка — баға
Берег — (салыстыру)
Мальчик — бала
Степь — (салыстыру)
Нация — ұлт
Туча — (салыстыру)
Піл — слон
Үйеңкі — (салыстыру)
Бор — мел
Шырша — (салыстыру)
Правильно — дұрыс
Перец — (салыстыру)
Пыль — шаң
Утро — (салыстыру)
Бумага — қағаз
Мороз — (салыстыру)
Победа — жеңіс
Фрукты — (аудармасын табу)
9-кезең: Бекіту
- Күзде ауа райы қандай болады?
- Табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Күз айлары қалай аталады?
- Оқу жылы қай айдан басталады?
- Күзде адамдар қалай киінеді?
Үй тапсырмасы
Мәтін мазмұны бойынша қысқаша әңгіме құрастырып келу және мәтіннен етістіктерді теріп жазу.
Бағалау
Топтық жұмысқа қатысуы, жауаптарының толықтығы, сөздік қоры және грамматикалық тапсырмаларды орындауына қарай бағаланады.