Сүттің пайдасы
Кіріспе
Бұл жұмыс биология, химия және валеология бағыттарында әзірленді. Тақырып — төрт түліктің бірі сиыр малы (презентациясымен).
Зерттеудің өзектілігі қазіргі таңда ауыл шаруашылығының кенже қалуымен тығыз байланысты. Сырт көзге жуас, момын көрінетін сиыр малының қасиеттері мен адам өміріндегі орны туралы біз көбіне көркем шығармалардан, аңыз-әңгімелерден ғана үзік-үзік білеміз. Мысалы, жалғыз өгіздің бір табын малды ұялы қасқырдан түні бойы қорғағаны туралы оқиғалардың өзі бұл түліктің қайсарлығы мен иесіне адалдығын айқын көрсетеді.
Алайда бүгінгі таңда, тіпті облыс пен аудан орталықтарында тұратын көптеген жеткіншек Зеңгі баба түлігінің ерекшеліктерін, оның басқа мал түрлерінен қандай қасиеттерімен дараланатынын нақты айтып бере алмайды. Сиырды көбіне “сүт бағытындағы мүйізді ірі қара” деп қана қабылдап, оны тек ет пен сүт көзі ретінде бағамдау басым.
Шын мәнінде, сиыр малы да басқа жан-жануарлар сияқты сезінеді, түйсінеді және белгілі бір жағдайларда адамға серік бола алады. Сондықтан бұл тақырыпты тереңірек түсіндіру — ауыл тіршілігі мен адам денсаулығына қатысты маңызды міндеттердің бірі.
Зерттеу мақсаты
- Адам денсаулығы үшін сиыр сүті мен етінің пайдасын талқылау.
- Сиыр малының жалпы пайдасын негіздеп, ауыл шаруашылығын дамыту қажеттігін көрсету.
- Сиыр басын көбейтудің маңызын дәлелдеу.
- Сиыр малының көбеюіне бағытталған шаралардың барын және өзектілігін атап өту.
Зерттеу әдістері
Жұмыста сәйкестендіру, салыстыру, тұжырымдау, талдау (анализ) және нақты материалдарды қорытындылау әдістері қолданылды.
- Зерттеу нысаны
- сиыр малы
- Зерттеу пәні
- аудандағы сиыр санының өсімі (2009–2012)
Зерттеу мәселесі
Бұл ғылыми жобаны таңдаудағы негізгі себеп — сиыр малының адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін, сондай-ақ оның қандай түрлері бар екенін көрсету.
Сонымен қатар сиырды дұрыс күтіп-бағу жолдарын меңгеру, жас ерекшеліктерін ажырату және төліне қатысты атауларды тереңірек білу де жұмыстың маңызды бағыттары ретінде қарастырылды.