Қазақстанда мемлекеттік тіл

«Қос тіл – қос қанатың» | «Қазақшаң қалай?» сайысы

Бұл іс-шара оқушылардың қазақ тіліндегі сөйлеу мәдениетін көтеруге, тілге қызығушылығын арттыруға және көптілділік идеясын қолдауға бағытталған.

Білімдік мақсат

Коммуникативтік дағды мен білікті қалыптастыру, сөздік қорды байыту, сөйлем мен мәтін құрастыру, халық ауыз әдебиеті үлгілерін насихаттау.

Дамытушылық мақсат

Ой-қиялды дамыту, сөйлеу әуезділігін қалыптастыру және жетілдіру.

Тәрбиелік мақсат

Еліміздегі халықтардың ынтымақтастығы мен бірлігіне назар аударту, тілге қызығушылықты арттыру, патриоттық тәрбие беру.

Сабақ (іс-шара) барысы

I. Ұйымдастыру

  • Сыныпты түгендеу, назарды сабаққа шоғырландыру.
  • Сабақ (сайыс) мақсатын таныстыру.
  • Сәлемдесу және таныстыру кезеңі.

II. Ой қозғау: блиц-сұрақтар

Оқушылар сұрақтарға жылдам әрі нақты жауап береді.

  1. Сенің ең жақсы көретін пәнің қандай?
  2. Қазақ тілін не үшін жақсы көресің?
  3. Сенің Отаның қай ел?
  4. Орыс тілінде ертегі оқисың ба?
  5. Қазақ тілін не үшін үйренесің?
  6. Қазақ тілінде сөйлейсің бе?
  7. Қазақ тілінде ән айта аласың ба?
  8. «Қос тіл – қос қанатың» дегенді қалай түсінесің?
  9. Ағылшын тілін үйреніп жүрсің бе?
  10. Неліктен үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) оқу керек?

Түйін: Оқушылардың ойларын қорытындылап, ең озық пікірлерді нақтылау.

III. Тіл және Отан туралы өлеңдер

Оқушылар жатқа өлең оқып, сөйлеу мәнерін, ырғақ пен интонацияны көрсетеді.

IV. Сөзден мәтін құрастыру

Берілген сөздердің бірін таңдап, шағын мәтін құрастыру:

ауыл Отан мектеп

V. Сахналау

3 «Б» сыныбы

«Мақта қыз бен мысық»

4 «Б» сыныбы

«Бауырсақ»

5 «Б» сыныбы

«Алдар Көсе мен қу жауырын»

VI. «Кім көп сөз құрайды?» ойыны

Талқылау: «Қазақстандықтар» деп кімді айтады?

Дұрыс жауап: Қазақстанда тұратын әрбір азаматты қазақстандық деп атайды. Сондықтан осы елдің тілін білу — әрқайсымыздың парызымыз.

Тапсырма: «Қазақстандықтар» сөзінен 1 минут ішінде әр топ мүмкіндігінше көп сөз құрастырады.

VII. Сызба бойынша грамматикалық диктант

Берілген сызбаға сүйене отырып, оқушылар қысқа грамматикалық диктант жазады.

VIII. «Мәтінді аяқта» тапсырмасы

Қыс. Дала суық. Мен шанамды сүйреп далаға шықтым. Кенет бір кішкентай торғайды көрдім. Ол ұша алмай жатыр екен. Мен…

Оқушылар оқиғаны өз ойымен жалғастырып, адамгершілік және қамқорлық тақырыбын ашады.

IX. Мақал-мәтел сайысы

«Кім көп мақал-мәтел біледі?» — тіл байлығын, ой дәлдігін көрсететін кезең.

X. «Кім тез жауап береді?» тапсырмасы

Әріптер/сөздер үлестіріледі, оқушылар берілген сұрақтарға жедел жауап береді және дұрыс баламасын табады.

3 «Б» сыныбы

  1. Қазақстан — бұл біздің Отанымыз.
  2. Мен мектепке жаяу барамын.
  3. Құлағы ұзын, қорқақ аң — қоян.
  4. Шешемнің анасы — менің әжем.
  5. Біздің елде барлық ұлт өкілдері тату тұрады.
  6. Қойдың төлі — қозы.
  7. Бұл қара қарындаш.
  8. Қазақша мультфильм көру.
  9. Ол кішкентай ғана бала.

5-сынып

  1. Бақшада өседі — қызыл алма.
  2. 7 күн болады — бір апта.
  3. Қыста түн ұзақ.
  4. Біздің сынып әрдайым таза.
  5. Күзде жапырақтардың түсі сары.
  6. Бір жылда төрт жыл мезгілі бар.
  7. Астана — ауыл емес, қала.
  8. Бұл — азық-түлік дүкені.
  9. «Вчера» қазақша — кеше.

4-сынып

  • Барыс септігінің сұрағы: неге? кімге? қайда?
  • … байдың — елі бай (жері).
  • Аспанды қара… қаптады (бұлт).
  • Қазақ салт-дәстүрінде үлкендер беретін бата — (бата).
  • Әдемі болу үшін оған қарайсың, өзіңді көресің — (айна).
  • Мектеп — білім теңізі, оқушы — кеме.
  • Сырғанаймын қыста, демаламын жазда — (шана).
  • Адам досымен мықты, ағаш тамырымен мықты.

XI. Қазақша ән айту сайысы

Оқушылар қазақ тілінде ән орындап, дикциясы мен сахналық мәдениетін көрсетеді.

XII. Қорытынды тапсырма: қажетті сөзді тауып жаз

Төмендегі сөйлемдердегі бос орындарды толықтырып, негізгі ойды жинақтау.

Қазақстан — бұл …

Менің, сенің … тұрады.

Қазақстанда мемлекеттік тіл — …

Біз қазақ тілін …, себебі біз … тұрамыз.

Сол тілде біз … аламыз.

Ағылшын тілі арқылы … тілін меңгереміз.

Көп … білсең, келешекте білімді азамат боласың.

«Қос тіл – қос …» — осыны ұмытпа!

Бағалау

Ұпайларды санау, нәтижені жариялау.

Марапаттау

Жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларды марапаттау.