Сабақтың барысы. Жаңа сабақ

Ақтөбе облысы • Ақтөбе қаласы • «Сымбат» жеке мектебі

Курмалова Асель Агисовна

Сабақтың тақырыбы

2-ні қосу және азайту тәсілдері

Білімділік мақсаты

3 санын қосу және азайтудың сәйкес жағдайларын бекіту.

Дамытушылық мақсаты

Оқушылардың ақыл-ойын, ой-өрісін, логикалық ойлауын, есте сақтауын және білім-білік дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты

Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, алғырлыққа, ұқыптылыққа және шапшаң есептей білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі

Аралас, қайталау сабағы.

Әдіс-тәсілдер

Әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру, салыстыру, көрнекілікпен жұмыс.

Көрнекіліктер

Магнитті тақта, мақал-мәтелдер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу.
  • Сабаққа дайындықтарын тексеру.

II. Жаңа сабақ

Балалар, бүгін сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қонақтарға бүгінгі материалды қалай меңгеретінімізді көрсетейік: жылдам ойлап, нақты әрі шапшаң жауап беріп, білімімізді дәлелдейік.

Бүгінгі тақырып — 3-ті қосу және азайту кестесі бойынша білімді бекіту.

№1 тапсырма. «Ойлан, тап» (1-сынып)

Қосу және азайту кестесін толықтыр.

Қосылғыш 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9
Қосындының мәні 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Азайғыш 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Айырманың мәні 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9

Ескерту: Кестедегі бос ұяшықтарды оқушылар толықтырады.

№2 тапсырма. Сандар қатары

Тура санау

0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10

Кері санау

10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0

  • Бір санды аттап, тура және кері санау.
  • Бірліктер мен ондықтарды атау.

Сыныптар бойынша жұмыс

1-сынып

  • Ұзындығы 5 см кесінді сыз.
  • Ұзындығын 2 см арттыр.
  • Ұзындығын 2 см кеміт.

2-сынып

Ереже: Кез келген санға 1-ді қосса, келесі сан шығады.

Есеп

Асханаға 33 л сүт әкелінді. Таңертең 20 л сүт берілді. Асханада неше литр сүт қалды?

Әкелінді

33

Берілді

20

Қалды

?

Қосымша сұрақ: Екі есеп неше амалмен шығарылды?

III. Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы оқушылардың зейінін сергіту.

IV. №4 тапсырма. «Кім жылдам?» ойыны

2-сынып оқушыларын жарыстыру. Дәптерге әдемі, таза, қатесіз жазу талап етіледі.

1-сынып

10 = __ + __

9 = __ + __

8 = __ + __

7 = __ + __

6 = __ + __

5 = __ + __

4 = __ + __

3 = __ + __

2 = __ + __

2-сынып

Теңдеулерді шеш.

x + 3 = 11

3 + x = 12

11 − x = 3

12 − x = 3

V. Шығармашылық жұмыс

1-сынып

Бір шаршы қалатындай етіп, бір таяқшаны алып таста. Қандай фигуралар қалады?

2-сынып

Суретте көрсетілген нүктелерді пайдаланып, бес буыннан тұратын сынық сызық арқылы үлкен шаршыны тең екі бөлікке қалай бөлуге болады?

VI. Үй тапсырмасы

57-бет, №4.