Нүктелердің координаталарын ата
6-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Тақырып: координаталық жазықтық және координаталар бойынша нүктені салу тақырыбына есептер шығару.
Білімділік мақсаты
Координаталық жазықтықты түсіну, координаталар бойынша нүктені сала білу және берілген нүктелердің координаталарын табу дағдыларын бекіту.
Дамытушылық мақсаты
Логикалық ойлауын, есте сақтауын, сызбамен жұмыс істеу қабілетін дамыту және шығармашылық жұмысқа жағдай жасау.
Тәрбиелік мақсаты
Оқушыларды өз ойын ашық айтуға, өз бетімен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа және нәтижеге ұмтылуға баулу.
Күтілетін нәтиже
- Білім деңгейін көтеру
- Дұрыс шешім қабылдау
- Ұқыптылық пен дәлдік қалыптастыру
Сабақ ресурстары мен форматы
Көрнекілігі
Интерактивті тақта, карточкалар, тест тапсырмалары
Әдісі
Сұрақ-жауап, жеке және топтық жұмыс
Сабақ типі
Білім–білік–дағдыны қалыптастыру
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
- Сабаққа дайындығын тексеру.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасы слайд арқылы тексеріледі. Оқушылар көршісімен дәптерлерін алмастырып, бір-бірінің жұмысын бағалайды.
Үй тапсырмасы
№1141 есеп және тышқанның суретін салып келу.
3) Қайталау сұрақтары
Негізгі ұғымдар
- Координаталар жүйесі қалай құрылады?
- Координаталық жазықтық деп нені айтамыз?
- Вертикаль ось қалай аталады?
- Горизонталь ось қалай аталады?
- Осьтердің қиылысу нүктесі қалай аталады?
Нүкте және координата
- Координаталық жазықтықта нүктенің орны қалай анықталады?
- Нүкте координатасы қалай жазылады?
- Бірінші координата қалай аталады?
- Екінші координата қалай аталады?
- Жазықтық неше бөлікке (ширекке) бөлінеді?
- Ширектердегі абсцисса мен ордината таңбалары қандай болады?
4) Ауызша жұмыс
Нүктелердің координаталарын атаңдар:
| Нүкте | Координатасы |
|---|---|
| A | (2; 2) |
| B | (-4; 3) |
| C | (-5; 0) |
| D | (-3; -2) |
| F | (4; -1) |
| E | (0; -2) |
5) Оқулықпен жұмыс (сапалы есептер)
№1142
Координаталық жазықтықта ABCD тіктөртбұрышы берілген: A(-2; -2), B(-2; 2), C(4; 2). D төбесінің координатасын анықтаңдар.
Берілген тіктөртбұрыштың периметрін есептеңдер. Бірлік кесінді 1 см-ге тең.
6) Шығармашылық жұмыс
Координаталары берілген нүктелерді табыңдар және оларды ретімен қосыңдар.
1-тапсырма
15 балл- (3; 6)
- (6; 3)
- (15; 3)
- (18; 6)
- (10; 6)
- (10; 16)
- (13; 11)
- (12; 15)
- (13; 14)
- (10; 14)
- (16; 6)
2-тапсырма
10 балл- (-4; 2)
- (-2; 4)
- (2; 4)
- (4; 2)
- (4; -2)
- (2; -4)
- (-2; -4)
- (-4; -2)
3-тапсырма
5 балл- (-4; 0)
- (-2; 4)
- (2; 4)
- (4; 0)
- (2; -4)
- (-2; -4)
7) Сергіту сәті және өмірмен байланыс
Күнделікті өмір
- Киноға немесе театрға барғанда қатар мен орынды анықтау.
- Географиялық картада ендік пен бойлық арқылы қалалардың орнын табу.
Кәсіби қолданылуы
Ұшқыштар мен теңізшілер координаталық тордың көмегімен объектілердің орнын анықтайды.
8) Тарихи дерек: Рене Декарт
Бүгінгі тақырыптың негізінде француз философы, математигі, физигі және физиологі Рене Декарт (1596–1650) жатыр. Декарттық координаталар жүйесі оның құрметіне аталған.
9) Қорытынды сұрақтар
Нүктелерді атаңдар
Осы нүктелердің координаталарында қандай ортақ белгі бар?
Нүктелер қайда орналасады?
Бұл нүктелер координаталық жазықтықтың қай бөлігінде орналасады?