Сөздерді үлгі бойынша кестеге жазу

Қазақ тілі • 3-сынып

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы

Зат есімді қайталаймыз.

Сабақ туралы

Сабақтың түрі
Қайталау сабағы.
Сабақтың типі
Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру, баяндау, ойын.
Көрнекіліктер
Кесте, ребус.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың өткен сыныпта алған зат есім туралы білімдерін еске түсіру. Жаттығулар орындау барысында зат есімдерді тауып, оларды туынды зат есімге айналдыра білуге үйрету.

Дамытушылық

Оқушылардың ойлауын және сөйлеу тілін дамыту, ой-өрісін кеңейту.

Тәрбиелік

Тапсырмаларды жылдам, шапшаң әрі қатесіз орындауға баулу. Көркем жазуға икемдеу, машықтандыру.

Сабақтың барысы

Құрылымдалған жоспар

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа назар аударту
  • Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
  • Зейіндерін сабаққа аударту.
  • Психологиялық дайындық.

Психологиялық дайындық мәтіні

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз талантты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.

II. Үй тапсырмасын тексеру

4-жаттығу

4-жаттығудың орындалуын тексеру.

Қорыту сұрақтары

  1. Түбір дегеніміз не? Мысал келтір.
  2. Қосымша дегеніміз не? Мысал келтір.
  3. Қосымшалар қандай белгілермен белгіленеді?

III. Жаңа сабақ

Ойын + жаттығу

Ойын: «Адасқан әріптер»

Жаңа сөз құрау

Берілген әріптер: з т а е м і с

Шарты: көрсетілген белгілер арқылы әріптерден жаңа сөз құрау.

Сұрақ: «Балалар, зат есім туралы не білеміз?» Еске түсірейік.

1-жаттығу: «Сарғайған жапырақтар»

Зат есімді табу

Шарты: жапырақ бейнесіне жазылған сөздерден зат есімдерді тауып, тақтаға жазу.

Орман кітаптар ожау құстар

2-жаттығу: Кестемен жұмыс

Үлгі бойынша топтау

Сөздерді үлгі бойынша кестеге жазыңдар:

Жалқы есімдер Жалпы есімдер
  • Қалибек
  • Гүлнұр
  • Шынар
  • қала, қалалар
  • шырша, шыршалар
  • гүл, гүлдер

Сергіту сәті

Қимыл-қозғалыс

Қане, қатар түзеліп,

Оқушыға лайық.

Қолымызды жіберіп,

Түп-түзу болып тұрайық.

Бірінші қатар жай отыр,

Екінші қатар сен де отыр,

Үшінші қатар тез отыр.

3-жаттығу: Туынды зат есім жасау

Жұрнақ жалғау

Берілген сөздерге жұрнақ қосып, туынды зат есім жаса:

Бокс + -шы → боксшы
Теннис + -ші → теннисші
Волейбол + -шы → волейболшы
Шахмат + -шы → шахматшы
Футбол + -шы → футболшы
Хоккей + -ші → хоккейші

4-жаттығу: Ребус

Ойлан, тап

Ребусты шешу.

Сабақты бекіту

Қорытынды ойындар

Ойын: «Бір сын есімге — көп зат есім»

Берілген сын есімдер: қызық, әдемі.

Тапсырма: әр сын есімге сәйкес келетін бірнеше зат есім ойлап жаз.

Ойын: «Жаңа зат есім»

Тапсырма: «Қазақстан» сөзінен бірнеше зат есім құрастыру.

Үй тапсырмасы

Жаттығу + мәтін
  1. 5-жаттығу.
  2. Сенің сыныбыңда осындай есімді оқушы бар ма? Олардың жақсы қылықтары туралы әңгімеле.

Бағалау

5 балдық жүйе

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бес балдық жүйе бойынша бағалау.

Автор туралы мәлімет

Қала
Қызылорда
Мектеп
«Парасат» мектебі
Мұғалім
Тоқшылықова Замира Ғалымжанқызы