Сабақтың мақсаты:Сөз таптарын оқыту барысында логикалық ойлау қабілетін дамыту
Сабақ тақырыбы
Дара және күрделі сан есімдер.
Сабақтың мақсаты
-
Жалпы мақсат: сөз таптарын оқыту барысында логикалық ойлау қабілетін дамыту.
-
Білімділік: сан есім бойынша алған білім мен дағдыларды кеңейту; сан есімнің құрамдық түрлерін меңгерту; мәтіннен дара және күрделі сан есімдерді таба білу.
-
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ынтымақтастыққа, тіл тазалығын сақтауға тәрбиелеу.
-
Дамытушылық: есте сақтау мен ойлау қабілетін, танымдық қызығушылықты дамыту.
Көрнекіліктер мен сабақ форматы
Көрнекілігі
- Тірек сызбалар
- Қима қағаздар
- Оқулық
- Дәптер
Түрі және пәнаралық байланыс
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс:
- Математика
- География
- Әдебиет
Сабақ барысы
-
1
Ұйымдастыру кезеңі
«Шаттық шеңберін» құру арқылы оқушылардың көңіл күйін қалыптастырып, бір-біріне жылы тілек айтады. Одан кейін сынып ұлттық аспаптар құрамасын құрастыру тәсілімен топтарға бөлінеді.
-
2
Үй тапсырмасын пысықтау
Өткен сабақ материалын бекіту үшін үш топқа үш түрлі тапсырма беріледі. Жауапты топ басшысы бағалап отырады.
I топ
Сын есімнің емлесі және сын есім қатысқан мақал-мәтел.
II топ
Сын есімнің мағыналық түрлері және жұмбақ.
III топ
Сан есім және сан есімге байланысты жаңылтпаш құрастыру (ауыз әдебиеті үлгісінде болуы тиіс).
-
3
Жаңа сабаққа психологиялық дайындық
1 минут ішінде топтар төмендегі талап бойынша мүмкіндігінше көп сан есім жазып шығады:
- I топ: қатаң дыбыстан басталатын сан есімдер.
- II топ: ұяң дауыссыздан басталатын сан есімдер.
- III топ: үнді дыбыстан басталатын сан есімдер.
Кім көп сан есім жазса, сол оқушы жеңімпаз атанып, жазғандарын дауыстап оқиды.
-
4
Жаңа сабақ
Тақтаға күн реті және сабақ тақырыбы жазылады. Тірек сызба арқылы жаңа тақырып түсіндіріліп, дара және күрделі сан есімдердің ерекшеліктері талданады.