Қазақстан - зайырлы мемлекет
Кештің тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғырым»
Іс-шара «Көк тудың желбірегені» әнімен ашылады. Бұл тәрбие сағаты Қазақстан Тәуелсіздігіне арналған мерекелік кеш ретінде ұйымдастырылады.
Мақсаты (білімділік)
Оқушылардың ел тарихын, салт-дәстүрді қаншалықты меңгергенін анықтау.
Мақсаты (дамытушылық)
Ой-өрісті, тіл байлығын дамыту; шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізуге үйрету; сөйлеу мәдениетін және ойды жүйелеу дағдыларын қалыптастыру.
Мақсаты (тәрбиелік)
Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, жауапкершілікке баулу; ел тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрін ұмытпай қадірлеуге тәрбиелеу.
Ұйымдастыру
- Көрнекіліктер: слайдтар, сұрақтар.
- Әдісі: сұрақ-жауап.
- Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, халықтық педагогика.
Кеш құрылымы
Жүргізушілердің құттықтау сөзі, тарихи-танымдық бөлім, үнсіздік минуты, тәуелсіздік жылнамасы, ән-күй және би нөмірлері, сұрақ-жауап.
Кештің барысы
Ұйымдастыру кезеңі
1-жүргізуші
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылып отырған «Тәуелсіздік тұғырым» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік жолында талай-талай тер төккен.
Билігім өз қолымда — еркіндігім, Елтаңбам.
Көк байрақтың бетінде қыран құстың бейнесі —
Сол қырандай еркін деп бала өседі талапты.
Сөз кезегі мектепаралық оқу-өндірістік комбинатының басшысы Уәлиев Мәулен Сабыржанұлына беріледі.
2-жүргізуші
Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке бейбіт жолмен қол жеткізу — халқымыздың даналығы мен бірлігінің нәтижесі. Тәуелсіздік жылдарында елімізді әлем танып, құрметтейтін деңгейге жеткізу жолында ел басқарған тұлғалардың еңбегі ерекше аталады.
Бұл күн — ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған арманның орындалған сәті. Сондықтан Тәуелсіздік күні әр азаматтың жүрегінен орын алатын қастерлі мереке.
Өлең жолдары
1-жүргізуші
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік — ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан-жүректі ұғысқан.
Ата-бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан — Гүлстан!
2-жүргізуші
Кең-байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.
Бүгін де бар әлемге даңқың жетті —
Тәуелсіз Қазақстан — елім менің.
Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырса да қыңқ етпеді жарасы.
Жараланған жолбарыстай ышқынып,
Айтты ол ащы соңғы сөзін, наласы...
1986 жыл — Желтоқсан жаңғырығы
1986 жылғы 16 желтоқсан — ерлік пен өрліктің, қайғы мен қасіреттің қатар өрілген, әрі жарқын, әрі қаралы күн. Бұл күн Қайрат, Сәбира, Ербол, Ләззат секілді мыңдаған қыршын жастың тағдырын қиған қасірет ретінде тарихта қалды.
Қайрат атты атым бар, он сегізде жасым бар...
Еркек тоқты — құрбандық, «атам» десең атыңдар!...
Еске алу
Тәуелсіздік жолында күресіп, жанын құрбан еткен батырлардың рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздік жарияланады.
1 минут үнсіздік
Сұранбады, жалынбады — тік тұрды,
Барлық жендет қорықты одан, тіксінді.
Тас қорғанда жалғыз өзі жатса да,
Қайсар ерлер айналада көп тынды...
Тәуелсіздік жылнамасы
-
1990
25 қазанда Егемендік туралы декларацияға қол қойылды.
-
1991
1 желтоқсанда халық тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенті етіп сайлады.
-
1991
16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет деп жарияланды.
-
1992
Наурыз айында Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.
-
1992
8 мамырда елімізді қорғайтын қуатты Республика Ұланы құрылды.
-
1992
4 маусымда Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран туралы заңға қол қойылды.
-
1992
Қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.
-
1993
15 қарашада ұлттық валюта — теңге айналымға енді.
-
1995
28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды.
-
1997
Дүниежүзі картасында жаңа елорда — Астана қаласы айқын көріне бастады.
-
1997
1 шілдеде Тіл туралы заң қабылданып, мемлекеттік тіл — қазақ тілі екені айқындалды.
Қазақстан — көпұлтты мемлекет
Кең-байтақ елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері татулық пен келісімде өмір сүреді.
Қазақстан — зайырлы мемлекет
Саяси тұрақтылық пен дамудың негізі — Конституция талаптарының орындалуы. Ата Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайды.
Қазақстан — унитарлы мемлекет
Ел 14 әкімшілік-аумақтық облысқа бөлінеді. Қойнауы қазынаға бай, несібесі мол Отанымыздың берекесі — бірлігінде.
Интерактив: сұрақ-жауап
-
1) Ел билеудегі ең лауазымды тұлға
Жауабы: Президент.
-
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы қашан қабылданды?
Жауабы: 1992 жылы 4 маусымда.
-
3) Жеті қазына
Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы.
-
4) Мемлекеттік Тудың авторы
Жауабы: Шәкен Ниязбеков.
-
5) Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары
Жауабы: Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков.
-
6) Мемлекеттік Әнұранның авторлары
Жауабы: Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
-
7) «Шығыстың қос шынары»
Жауабы: Әлия мен Мәншүк.
Өнер бағдарламасы
Ән
«Қазақстан» әні орындалады (сынып оқушысы).
Күй
«Балбырауын» күйі орындалады (оқушылар).
Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып-күйіп.
Өмірдің сырын ашып жүрегіме,
Музаның әміріне басымды иіп.
Би
«Қамажай» биі орындалады (бишілер тобы).
Қорытынды өлең
Бақытым — Республикам, Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемінде,
Қыс болса — бір шетінде, жаз — ауысқан.
Дайындаған: Омаров З. К.