Қандай жақсы дос болу
Сауат ашу (1-сынып)
Бөлім: «Мектебіме саяхат». Сабақ тақырыбы: «Менің достарым. Д дыбысы мен әрпі».
Оқу мақсаттары
-
1.2.1.2
Оқудың түрлерін қолдану: буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу.
-
1.2.9.1
Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.
-
1.3.8.1
Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтай отырып, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.
Тілдік мақсат
«Дос» сөзін үш тілде айту: дос друг friend
Мұғалімнің көмегімен оқушылар сөз тіркестерін құрастырады және ауызша айтады.
Құндылықтарды дарыту
- Бір-біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
- Көркем әрі ұқыпты жазуға дағдыландыру.
- Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.
- Ана тіліне сүйіспеншілікке баулу.
Пәнаралық байланыс және АКТ
Пәнаралық байланыс
Қазақ тілі, дене шынықтыру, ағылшын тілі, орыс тілі.
АКТ қолдану дағдылары
Интербелсенді тақта, бейнеролик.
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
1 минут
Психологиялық ахуал орнату. Амандасу.
Мұғалімнің нұсқауы: «Балалар, шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап, күлкімізді сыйлайық!»
Қол алысып, қане, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бірге жүру!
Қандай жақсы дос болу!
Ширату жаттығуы: «Мен саған, сен маған»
2 минут
Мұғалім доп арқылы бірнеше сұрақ қояды, оқушылар жауап береді:
-
Сұрақ: Футболды немен ойнайды?
Жауап: Доп.
-
Сұрақ: Қай музыкалық аспаппен күй орындалады?
Жауап: Домбыра.
-
Сұрақ: Айтқанда біз нені естиміз?
Жауап: Дыбыс.
Бүгінгі сөздердің бірінші дыбысына назар аударайық: ол қалай естіледі? Д — Д — Д. Оқушылар хормен қайталайды.
Дыбысты айту барысында оқушылар оның дауысты не дауыссыз екенін анықтап, ажыратады.
Мәлімет
- Өңір
- Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы
- Мектеп
- Саумалкөл № 2 гимназия-мектебі
- Мұғалім
- Қажанова Нұргүл Сексенбайқызы