Шеміршекті балықтың құрылысымен салыстыру

Сабақ тақырыбы: Сүйекті балықтар класы (7-сынып, Биология)

Бұл сабақта сүйекті балықтардың өзіне тән белгілері, олардың отрядтары мен тұқымдастары, сондай-ақ балық шаруашылығының маңызы және табиғатты қорғау шаралары қарастырылады. Оқушылар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген түрлерді есте сақтап, жойылып бара жатқан балықтарды қорғауға тәрбиеленеді.

Сілтеме: слайдтар Электронды оқулық (7-сынып) Виртуалды лаборатория

Жалпы мақсат

  • Сүйекті балықтардың ерекшеліктері, отрядтары мен тұқымдастары туралы жүйелі, тиянақты білім қалыптастыру.
  • Балық шаруашылығының маңызын түсіндіру және балықтарды қорғау шараларымен таныстыру.
  • Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген түрлерді білуге және табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Күтілетін оқу нәтижелері

Білу

Сүйекті балықтардың сыртқы және ішкі құрылысының негізгі бөліктерін сипаттай алады.

Түсіндіру

Сүйекті балықтарға тән ерекшеліктерге нақты мысалдармен сипаттама береді.

Салыстыру

Шеміршекті және сүйекті балықтардың айырмашылықтарын ажыратып, кесте арқылы дәлелдейді.

Қорғау

Жойылып бара жатқан сүйекті және шеміршекті балықтарды қорғаудың маңызын түсінеді және қорғау жолдарын ұсынады.

Негізгі идеялар

1) Алдыңғы білімді қорытындылау

Шеміршекті балықтар туралы білімді жүйелеп, жаңа тақырыпқа өту үшін салыстыру жасалады.

2) Сүйекті балықтарға жалпы сипаттама

  • «Сүйекті балықтар класы» атауының мәні.
  • Сыртқы және ішкі құрылысы.
  • Торсылдақтың қызметі.
  • Ас қорыту мүшелерінің ерекшеліктері.
  • Желбезектердің ерекшеліктері.

3) Топтарға жіктелуі және таралуы

  • Бекіретектес балықтардың өзіне тән белгілері.
  • Сәулеқанатты балықтардың кең таралған отрядтары.
  • Шеміршекті балықтармен салыстыру арқылы қорытынды шығару.

Жаңа терминдер

Желбезек қақпағы Торсылдақ Шоғал Уылдырық Мүйізді шытырлар Өрістегіш балықтар Тасбекірелер Қызыл кітап Саусаққанатты балықтар Латимерия

Тапсырмалар (сабақ құрылымы)

1) «Миға шабуыл»

Белсенді талқылау
  • Қандауырша мен шеміршекті балықтарды салыстыру, кестені толтыру.
  • Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын кесте арқылы тексеру.
  • Мәселе қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

2) Тұжырым картасын жасау

Топтық жұмыс

Берілген балықтың суретін пайдаланып, оқушылар топпен талқылап, сүйекті балықтар туралы білетіндерін постерге түсіреді және тұжырым картасын құрастырады.

3) Интерактивті тапсырмалар

Электронды оқулық

Электронды оқулықтағы тапсырмаларды орындау арқылы негізгі ұғымдарды бекіту.

4) Виртуалды лаборатория: зертханалық жұмыс

Зерттеу

Балықтың сыртқы құрылысы мен қозғалыс ерекшеліктерін бақылап, қорытынды жасау.

Мұғалім қолданатын әдіс-тәсілдер

Ұйымдастыру

  • Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
  • Оқу құралдарын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақ-жауап және кестелік тапсырмалар арқылы білім деңгейін анықтау.

Оқыту стратегиялары

АКТ, СТО, диалогтік оқыту және бағалау тәсілдерін қолдана отырып, жаңа тақырыпты меңгерту және зерттеу жұмысын ұйымдастыру.