Параллелограмның қабырғаларын тап

Математикалық сайысқа арналған жоспар

Бұл материал математика пәні бойынша оқушылардың білімін, ойлау икемін және тапқырлығын дамытуға бағытталған жарыс форматындағы сабақ жоспарын ұсынады.

Тақырыбы
Озық ойлы оқушы
Түрі
Математикалық сайыс
Әдісі
Сұрақ-жауап
Көрнекілігі
Слайдтар, компьютер

Мақсаты

  • Математика пәніне қызығушылықты арттыру.
  • Оқушылардың шығармашылық ізденісін, тапқырлығын, зеректігін және ойлау дағдысын дамытуға ықпал ету.
  • Алғырлыққа, шапшаңдыққа және тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру

Сайысқа қатысатын оқушылармен танысу.

2) Сайыс шарты

Сайыс 5 кезеңнен тұрады. Әр кезеңнен кейін ұпай саны ең төмен 2 оқушы ойыннан шығып отырады.

  1. Бәйге
  2. Дода
  3. Көкпар
  4. Тіл-өнер
  5. Жорға

1-кезең: Бәйге

Жылдам сұрақтар

Қысқа әрі нақты жауап беруді талап ететін сұрақтар. Мақсат — негізгі ұғымдарды жылдам еске түсіру.

  1. Бұрышты өлшейтін құрал.
  2. Дәлелденбейтін ұйғарым (аксиома).
  3. Екі нүктенің арасындағы түзу.
  4. Барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш.
  5. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда.
  6. sin 45° мәні.
  7. 18 санының квадраты.
  8. 100 жылдың басқаша атауы.
  9. 5 санына кері сан.
  10. Ең кіші үш таңбалы сан.
  11. √361 мәні.
  12. «Эврика!» сөзі кімнің сөзі?
  13. Қиылыспайтын түзулер.
  14. Үшбұрыш бұрыштарының қосындысы.
  15. 50-дің 1/2 бөлігі.

2-кезең: Дода

Ұпайлық тапсырмалар

Математика

  • 10 ұпай Жауабы: 0

    Қарама-қарсы сандардың қосындысы.

  • 20 ұпай Жауабы: 20

    80 санының 25%-ын тап.

  • 30 ұпай Жауабы: 360 км

    Поезд тұрақты жылдамдықпен 2 сағатта 144 км жүрді. 5 сағатта қанша жол жүреді?

  • 40 ұпай Жауабы: масштаб

    Картадағы кесінді ұзындығының оған сәйкес жер бетіндегі қашықтыққа қатынасы.

  • 50 ұпай Жауабы: 78

    Бірінші себетте 48 алма бар, ал екінші себеттегі алма оның 5/8 бөлігі. Екі себетте неше алма бар?

Алгебра

  • 10 ұпай

    ax² + bx + c = 0 теңдеуі қалай аталады?

  • 20 ұпай

    sin 45° + cos 45° мәні.

  • 30 ұпай

    x² − 2x − 48 = 0, D = ?

  • 40 ұпай

    Теңдеуді шеш: 5x² + 4x − 1 = 0.

  • 50 ұпай

    Жүйені шеш: x − 6y = 17, 5x + 6y = 13.

Геометрия

  • 10 ұпай

    Пифагор теоремасын тұжырымда.

  • 20 ұпай

    Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы 15 см, бір катеті 9 см. Екінші катетін тап.

  • 30 ұпай

    Үшбұрыш бұрыштары 7:5:6 қатынасына пропорционал. Ең кіші бұрышын тап.

  • 40 ұпай

    A(1; 1) және B(−1; 1) нүктелерінің арақашықтығын тап.

  • 50 ұпай

    Параллелограмм қабырғаларының қатынасы 3:5, периметрі 48 см. Қабырғаларын тап.

3-кезең: Көкпар

Бұл бөлімде ұлттық таным мен математика байланысын байқататын және таңдаулы жауапты талап ететін сұрақтар беріледі.

1) Қол өлшемдерінің ішінде бөлшек ұғымын білдіретіні қайсы?

  • A) шынтақ елі
  • B) бір елі
  • C) кере қарыс
  • D) сынық сүйем

2) Биссектрисалары өзара перпендикуляр болатын төртбұрыш.

  • A) параллелограмм
  • B) трапеция
  • C) ромб
  • D) тік төртбұрыш

3) Әріпті өрнекті енгізген XVI ғасырдың көрнекті математигі.

  • A) Евклид
  • B) Рене Декарт
  • C) Франсуа Виет
  • D) Карл Гаусс

4) «Алгебра» оқулығын қазақ тілінде жазып, бірақ баспаға шығармаған кім?

  • A) А. Байтұрсынов
  • B) Қ. Сәтпаев
  • C) О. Жәутіков
  • D) Ы. Алтынсарин

5) Математикалық теңдеулер туралы ғылыми еңбек жазған қазақ ғалымы.

  • A) О. Жәутіков
  • B) К. Исақов
  • C) С. Сыдықов
  • D) Б. Байқадамов

4-кезең: Тіл-өнер

Логикалық ойлауды, зейінді және тапқырлықты тексеретін қызықты сұрақтар.

  1. Отбасында 7 қыз бар, әр қыздың бір-бірден інісі бар. Отбасында барлығы неше бала?
  2. Қай сандардың жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар?
  3. Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг тартады. Екі аяғымен тұрса қанша тартады?
  4. Ағаштың үстінде 30 торғай отыр еді. Оның екеуін атып түсірді. Қанша торғай қалды?
  5. Бөлмеде 7 майшам жанып тұр. Сен оның біреуін сөндірдің. Қанша майшам қалады?

5-кезең: Жорға

Жедел сұрақ-жауап

Екі нұсқалы жедел тапсырмалар. Мұнда жылдамдық пен дәлдік ерекше маңызды.

I нұсқа

  1. 60-тың 20%-ы. (12)
  2. 180 градусқа тең бұрыш қалай аталады?
  3. 3/4-ке кері сан.
  4. Радиус деген не?
  5. 121 — нешенің квадраты?
  6. Трапецияның орта сызығы неге тең?
  7. Негізгі тригонометриялық тепе-теңдік.
  8. Параллель түзулер қандай түзулер?
  9. Екінің алтыншы дәрежесі.
  10. Биссектриса деген не?
  11. Синус неше градуста 1-ге тең?
  12. Ең үлкен екі таңбалы сан. (99)
  13. Квадрат теңдеудің қай кезде 2 түбірі болады?
  14. Екі қатынастың теңдігі қалай аталады?
  15. Жай сандар қандай сандар?

II нұсқа

  1. 90-ның 30%-ы. (27)
  2. Тік бұрыш нешеге тең?
  3. 4/5-ке қарама-қарсы сан.
  4. Хорда деген не?
  5. 16-ның квадраты.
  6. Үшбұрыштың орта сызығы неге тең?
  7. Синустың косинусқа қатынасы қалай аталады?
  8. Перпендикуляр түзулер дегеніміз не?
  9. Үштің бесінші дәрежесі.
  10. Медиана деген не?
  11. Косинус неше градуста 0-ге тең?
  12. Ең кіші натурал сан.
  13. Квадрат теңдеудің қай кезде түбірі болмайды?
  14. Екі санның бөліндісі басқаша қалай аталады?
  15. Құрама сандар қандай сандар?