Бағалау парағы Жұптық тапсырма

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Өңір / мектеп
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Теңдік ауылы, Теңдік орта мектебі КММ
Пән / сынып
Қазақстан тарихынан әңгімелер, 5-сынып
Мұғалім
Жапенова Гүлмира Жікеновна

Сабақтың тақырыбы

Қазақстан жеріндегі ғұн тайпалары. Еділ — Ғұн мемлекетінің әйгілі билеушісі.

Сабақтың мақсаты

Ғұн елінің қалыптасу тарихын, шаруашылық өмірін, тұрмысын және Еділ патша тұсындағы Ғұн мемлекетінің ерекшеліктерін меңгеру.

Сабақ құрылымы және жұмыс түрлері

Тренинг: «Алғашқы мемлекет»

Бір оқушы — тобыр. Екінші оқушы бірінші оқушының иығынан ұстап, ру құрайды. Үшіншісі қосылып — ру бірлестігі, төртіншісі — тайпа, оқушылар саны артқан сайын бірлестіктер ұлғайып, алғашқы мемлекет үлгісі құралады.

Кезең
Тобыр
1 адам
Кезең
Ру
2 адам
Кезең
Ру бірлестігі
3 адам
Кезең
Тайпа
4 адам
Кезең
Тайпа бірлестігі
5 адам
Кезең
Алғашқы мемлекет
6 адам

Жұпқа бөлу: «Алтын асық»

Оқушылар асық таңдап алып, бір-біріне тілек айтады. Асықтың түсі бойынша жұптар/топтар құрылады.

Түс Топ
Қызыл 1
Жасыл 1
Қоңыр 2
Сары 2
Қара 3
Ақ 3

Бағалау критерийлері

  • Сабаққа белсенді қатысу.
  • Тапсырмаларды дұрыс әрі толық орындау.
  • Сұрақтарға нақты, дәл жауап беру.
  • Сұрақтарды дұрыс қоя білу.

Бағалау құралы: бағалау парағы.

Тапсырмалар топтамасы

Үй тапсырмасы (жеке жұмыс)

  • 3 тест сұрағын құрастыру.
  • Оқулық: 60-беттегі сұрақтар мен тапсырмалар.
  • «Білімпаздар үшін»: «Алтын киімді адам» тақырыбын қосымша қарастыру.

Жеке тапсырма: тізбек сөздер

Тақырып: «Ұлы Қытай қорғаны». Берілген тізбектен сөздер мен ұғымдарды тауып, бөліп жазыңыз.

СКИФХАОМАВАРГМАССАГЕТЖАУЫНГРТҰМАРАБЫЗСАҚКИРТИГРАХАУДСПАРГАПИСХАОМАШЫРАҚПАТШАПАРСЫОБАПАРАДАРАЙАҒҰН

Бағалау: бағалау парағы.

Жұптық тапсырма: «Ғұн» (мазмұндау)

  • Ғұн мемлекеті.
  • Ғұндардың шаруашылығы.
  • Ғұндардың тұрмысы.

Бағалау: бағалау парағы.

Жұптық тапсырма: оқулықпен жұмыс «Тұлғалар»

Берілген ұғымдар мен тұлғаларға қысқаша түсініктеме беріңіз.

Еділ «Құдайдың қаһары» Ши-Хуанди Бледа Тұман Мөде

Бағалау: бағалау парағы.

Сергіту сәті

«Биле, биле!» — видео көрсету.

Арнайы сұрақтар: «Сен білесің бе?» — видео сұрақтар.

Сұрақтарды 11-сынып оқушысы Сарыбай Н. қояды.

Бағалау: бағалау парағы.

Сабақты бекіту: «Өзіңді тексер!»

Төмендегі сұрақтар арқылы негізгі ұғымдар мен деректерді қайталап, өз біліміңізді тексеріңіз.

  1. 1

    Қытай деректерінде «ғұн» атауының пайда болған кезеңі: б.з.б. III ғасырдың аяғы.

  2. 2

    Қытай деректеріндегі ғұн басшысы лауазымы: «шаньюй».

  3. 3

    Ғұндар туралы негізгі дереккөз: қытай деректері.

  4. 4

    Ғұндар кезеңін қамтитын аралық: б.з.б. IV ғасыр — б.з. III ғасыр.

  5. 5

    Ғұн державасының негізін қалаған: Мөде.

  6. 6

    «Жер — мемлекеттің негізі, оны қалай береміз?» деген ғұн басшысы: Мөде.

  7. 7

    Енисей жағалаулары мен Алтайды мекендеген ежелгі тайпа: ғұндар.

  8. 8

    Ғұн мемлекетінің әскери жүйесі бойынша бөлінуі: 3 қанат.

  9. 9

    Шаньюйдің жақын туыстары иеленген лауазым: «түменбасы».

  10. 10

    Ғұн мемлекетіндегі ру саны: 24.

  11. 11

    Түменбасы әскерінің құрамы: 10 мың атты әскер.

  12. 12

    Ақсақалдар кеңесі шақырылған жиілік: жылына 3 рет.

  13. 13

    Ғұн мемлекетінің оңтүстік және солтүстік болып бөлінген мерзімі: б.з.б. 55 жыл.

  14. 14

    «Халықтардың ұлы қоныс аударуын» бастаған: ғұндар.

  15. 15

    Рим империясына қауіп төндірген ғұн басшысы: Еділ.

  16. 16

    Еділдің (Аттиланың) қайтыс болған жылы: 453.

  17. 17

    Аттиланың (Еділдің) шамамен өмір сүрген жылдары: 400–453.

  18. 18

    «Еділ» (Аттила) атымен аталатын өзен: Волга.

  19. 19

    Ғұн әскерлерінің негізгі құрамы: атты әскер.

  20. 20

    Ғұндар өсірген үй малдары: үй малының барлық түрі.

  21. 21

    Ғұндардың негізгі баспанасы: киіз үй.

  22. 22

    Ғұндармен көршілес болған тайпалар: қаңлылар, савроматтар.

  23. 23

    Биліктің берілу жүйесі: мұрагерлік.

  24. 24

    Опасыздық жасағандарға берілген жаза: өлім жазасы.

  25. 25

    Ғұндардың негізгі өмір салты: көшпелі өмір.

  26. 26

    Бұйым бетіне түрлі-түсті заттарды жапсыру стилі: «полихромдық стиль».

  27. 27

    Алтын түйіршіктерді дәнекерлеу әдісі: зерлеу.

  28. 28

    Бұйымдарды безендіруде қолданылған негізгі бейне: жабайы аңдар.

  29. 29

    Ғұндардың жүннен киім тоқып кигенін дәлелдейтін негізгі айғақ: ұршық бастары.

  30. 30

    Ғұндардың ру көсемдері: ақсақалдар.

Ескерту: материалдың толық нұсқасы бөлек жүктеледі.