Сергіту сәті Сергіту сәті

Сабақ тақырыбы

Теңдік, теңсіздік, өрнек, теңдеу.

Сынып

4-сынып

Бағыт

Білімді бекіту, қолдану және тексеру

Жалпы мақсаттар

  • Теңдік, теңсіздік, өрнек және теңдеу туралы білімдерін жетілдіру.
  • Алған білімдерін таныс және жаңа оқу жағдайларында қолдана білуге үйрету.
  • Математика бойынша білім-білік дағдыларын игеру деңгейін тексеру.
  • Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

I. Кіріспе

Топқа бөлу

Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі. Суреттерді құрастыру арқылы топтарға бірігеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылар шеңберге тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсына отырып, бүгінгі күніне сәттілік тілейді.

Үй тапсырмасын пысықтау

№ 7, № 8. Оқушылардың жазба жұмыстарын тексеріп, жауаптарын салыстыру.

II. Негізгі бөлім

Жаңа сабақ: ауызша жұмыс

1) Математикалық диктант — «Кім шапшаң?»

жылдам жауап
  1. 7 саны 49-дан неше есе кем?

    Жауабы: 7

  2. 48 шығу үшін 8-ді неше есе арттыру керек?

    Жауабы: 6

  3. 8 шығу үшін 56-ны нешеге бөлу керек?

    Жауабы: 7

  4. Азайғыш — 1000, азайтқыш — 450. Айырманың мәнін тап.

    Жауабы: 550

  5. Бөлінгіш — 320. Бөлінді — 4. Бөлгіш нешеге тең?

    Жауабы: 80

  6. Санның төрттен бір бөлігі 60-қа тең. Сан нешеге тең?

    Жауабы: 240

№ 1. Жасырын санды ата

Берілген тапсырма бойынша белгісіз санды анықтау.

№ 6. Теңдеулерді шеш

4 оқушы тақтада орындап, шешу жолын түсіндіреді.

Өтілген материал бойынша жұмыс

Тапсырмаларды түсіндіріп шығару арқылы теңдік пен теңсіздік туралы білімді бекіту.

1) № 3. Есепті екі тәсілмен шығару

1-тәсіл: амалдар/өрнек арқылы

Торкөз дәптер — 30 дана

Барлығы — 70 дана

Шешуі: 70 − 30 = 40

Жауабы: 40 жолды дәптер

2-тәсіл: теңдеу құру арқылы

Торкөз дәптер — 30 дана

Жолды дәптер — x дана

Барлығы — 70 дана

Теңдеу: 30 + x = 70

Шешуі: x = 70 − 30 = 40

Жауабы: 40 жолды дәптер

2) № 4. Топтық жұмыс

I топ — а II топ — ә III топ — б

I сөреде — 45 кітап. Барлығы — 145 кітап. II сөредегі кітап саны I сөредегіден 2 есе артық.

Шешуі: 145 − (45 + 45 · 2) = 10

Жауабы: III сөреде 10 кітап бар.

3) Өздік жұмыс: № 5

Кестені пайдаланып, дұрыс теңдіктер мен теңсіздіктер құрастыр.

Берілген өрнектер

  • 165 : 5 бөлу
  • 29 · 4 көбейту

Берілген өрнектер

  • 425 + 230 қосу
  • 150 − 117 азайту

Сергіту сәті

Отбасы мерекесіне орай «Көңілді қалпақ» ойыны ұйымдастырылады. Басына қалпақ түскен оқушы «жеті байлықты» атап шығады.

Ой толғаныс: № 8

Фигуралардың периметрі мен ауданын тап.

1-фигура

P = (5 + 3) · 2 = 16 см

S = 5 · 3 = 15 см²

2-фигура

P = 3 · 4 = 12 см

S = 3 · 3 = 9 см²

№ 9. Шығармашылық жұмыс

Оқушылар тапсырманы өз идеяларымен толықтырып орындайды (қосымша есеп құрастыру, өрнек жазу немесе теңдеу құру).

III. Қорытынды

Қорытынды сұрақ

Бүгінгі сабақта біз не істедік?

Үй тапсырмасы

№ 7, 12-бет.

Рефлексия және бағалау

«Бүгінгі сабақта қалай жұмыстандың?» сұрағына жауап беру. Оқушылар смайликтерді таңдап, тақтаға жапсырады.

Ескерту: «Толық нұсқасын жүктеу» бөлімі — материалды кейін толықтыруға арналған.