Парсы патшасы Дарийдің сақтарға шабуылдаған жылы
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Конспект
Б. з. б. 530 жылы Кир бастаған парсы әскері Сырдарияға дейін келіп, сақтармен соғысты. Томирис патшайымның баласы Спаргапис парсылардың торына түсіп, қаза табады.
Геродот өз жазбаларында сақтардың парсылармен соғысы туралы баяндайды:
“Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе - жекке шығып, қылыш және найзамен соғысады. Нәтижесінде массагеттер жеңіп шығады. Парсы жауынгерлерінің көбі қырылып, Кир өлтіріледі.”
Кир қайтыс болғаннан кейін 11 жыл өткен соң парсылар сақтарға қайта шабуылдады. Бұл жорықты Дарий патша басқарған. “Мен әскеріммен сақ жеріне жорыққа шықтым” - деген Дарийдің сөздері Бехистун жазбаларында жазылған.
Б. з. б. 519 жылы Дарий бастаған парсылар сақ жеріне шабуылдады. Cақтардың көсемі Скунха жеңіліп, парсы әскері Сырдариядан өтеді.
Грек тарихшысы Полиэн: “Шырақ есімді сақ денесін өзі жаралап, парсыларға қашып барып, өзін сақ көсемдерінен жәбір көрген етіп көрсетеді. Парсы әскерлерін алдап, шөлге апарып қырады” - деп жазған.
Дарий көп әскерінен айырылып, Персияға қайтуға мәжбүр болды. Шырақтың ерлігі арқасында сақтар өз тәуелсіздігін сақтап қалды.
Парсы патшасы Кирмен келіссөз жүргізуден бас тартқан Томирис (б. з. б. 570 - 520 ж. ж.) парсылармен соғысады. “Әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ. Томирис көп әскермен Кирге қарсы аттанып, 200 мың парсыны жойып жібереді” - деп жазды Помпей Трог.
Б. з. б. 4 ғасырда Александр Македонский (Ескендір Зұлқарнайын) бастаған гректер Орта Азияға басып кіріп, Сырдарияға аттанды. Ежелгі грек тарихшысы Арриан А. Македонскийдің Сырдариядан жүзіп өтіп, сақтармен соғысқанын жазған.
Сақ батыры Cпитамен 3 жыл бойы партизан соғысын жүргізіп, грек гарнизоны орналасқан Маракананы (Самарқан) қоршауға алды. Сақтар А. Македонскийдің ірі әскери бөлімін қоршауға алып, түгел қырып салды. “Скифтер мен Спитаменнің атты әскері оларды қоршауға алды да, садақпен атып, түгел қырып салды” - деп жазады Арриан. Кейбір деректерде осы соғыста Александрға сақ сарбазының жебесі тиіп, санынан жараланды деп көрсетеді. Cақтар гректердің Шығысқа жүретін жолын бөгеп тастады.
Б. з. б. 490 жылы Марафон шайқасында сақтар парсылардың құрамында болып, гректерге қарсы соғысты. Сақтар парсылармен бірігіп, Египеттегі және Грекиядағы соғыстарға қатысқан.
Конспект сұрақтар
1. Парсы патшасы Дарийдің сақтарға шабуылдаған жылы:
2. Дарийдің əскерін шөл далаға апарып қырған сақ малшысы:
3. Сақ патшайымы Томирис туралы “әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ” - деп жазған Рим тарихшысы:
4. А. Македонский сақтармен соғысты:
5. Грек - македон басқыншыларына қарсы күресті бастаған сақ батыры:
6. Марафон шайқасында сақтар кімдермен бірігіп соғысты:
7. Бехистун жазбаларындағы дерек:
8. “Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе - жекке шықты” - деп жазған тарихшы:
9. Парсылармен соғыста қаза тапқан Томиристің баласы:
10. Кир қайтыс болғаннан кейін парсылар сақтарға қанша жылдан кейін қайтадан шабуыл жасады:
Тақырыптың тесті
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі. жүктеу
Сақ тайпаларының орналасуы
Сақтардың соғыс стратегиясы
Сақтардың көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы
Жетісу жеріндегі сақтардың отырықшылығы, жер шаруашылығы және қалалық өмірі
Сақтар (скифтер)
Сақтар (сақалар)
Сақтар, скифтер: алтын адам
Бұқаралық мәдениет туралы
Темір дәуіріндегі тайпалық одақтар
Парсылар
Салықтардың экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу жүйесіндегі рөлі мен орны
Индустриалды-инновациялық даму жолында Қазақстанның нақты секторын тиімді инвестициялаудың қаржылық механизмі
алықаралық қаржылық есеп стандарты бойынша дебиторлық қарыздың өзгерістері
Аймақтық экономиканың дамуындағы кәсіпорындарда қаржылық жоспарлауды ұйымдастыру (ЖШС «ГЕРМЕС»)
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау және кәсіпорынның қаржылық тұрақтылыққа жету жолдары
Қаржылық лизингті жүзеге асыру барысында қатысушы субъектілер анықталып,міндеттері және құқықтары белгіленеді
Дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы Ахбаев Е.М. 2006-2007 оқу жылының ғылыми зерттеу жұмыс жоспары
Философия және саясаттану факультетінің 2006 жылы 19 желтоқсандағы Ғылыми кеңесінің мәжілісінің № 3 хаттамасынан
Жып - жылы сөйлеген сөздерімен, Жіберетін бойымды жылындырып
Алдыңғы қатарлы мемлекеттердегі қаржылық бақылаудың ұйымдастырылуы.