Мақтаншақ қоян ертегісін оқып беру

Жалпы мәлімет

Білім беру саласы
Коммуникация
Әлеумет бөлімі
Драма
Тақырыбы
«Мақтаншақ қоян» ертегісі (киілмелі қуыршақ театры)

Мақсаты

  • Кейіпкерлердің ерекшеліктерін жеткізу үшін мәнерлілік құралдарын қолдану дағдыларын қалыптастыру.
  • Ертегінің мазмұнын түсініп, кейіпкерлерге мінездеме бере білуге үйрету.
  • Кейіпкерлердің іс-әрекетін орындауға, сахналауға үйрету.
  • Шығармашылыққа, батылдыққа тәрбиелеу.

Алдын ала жұмыс

«Мақтаншақ қоян» ертегісін алдын ала оқып беру.

Қолданылатын көрнекі құралдар

  • Ерден атай, Айару (ойыншықтар)
  • Қолғап театры
  • Қоян, қасқыр ойыншықтары
  • Әліппе-дәптер

Сөздік жұмыс

қылдырықтай

Билингвальді компонент

қоян

заяц

қасқыр

волк

Сабақ барысы

1) Мотивациялық-қозғаушылық: «Шаттық шеңбері»

Педагогтің әрекеті

Балаларды шеңберге тұрғызып, жылы жүзбен бір-біріне қарап, өлең жолдарын айтуға бағыттайды.

Балалардың әрекеті

Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне жылы жүзбен қарап, өлеңді бірге айтады.

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

2) Ұйымдастырушылық-ізденістік: Айарудың тапсырмалары

Жұмыс «Әліппе-дәптермен» жүргізіледі. Балалар киілмелі қуыршақ театрының түрлерімен танысады: саусақ театры (қуыршақ саусаққа киіледі) және қолғап театры (қуыршақ қолға киіледі).

1-тапсырма: Таныс бол

Жұмбақ:

Сылдырдан қорқады,

Шошынып жортады.

(Қоян)

Сұрақ

Қоян туралы қандай ертегілерді білесіңдер?

Күтілетін әрекет

Балалар жұмбақтың шешуін табады және театр үлгілерімен танысады.

Ертегімен жұмыс

Ерден атай балаларға «Мақтаншақ қоян» ертегісін алып келеді. Талқылау сұрақтары:

  • Ертегі сендерге ұнады ма?
  • Қоян қандай аң?
  • Қасқыр қандай аң?

Балалардың жауаптары арқылы кейіпкерлерге сипаттама беріледі: қоян — қорқақ, жүйрік, қасқыр — өжет, жыртқыш.

2-тапсырма: Тіл ұстарту жаттығуы

Ян-ян-ян

Мақтаншақ қоян.

Ыр-ыр-ыр

Көкжал қасқыр.

Билингвальді қайталау: қоян — заяц, қасқыр — волк.

Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын сап көзінің.

Келе жатқан томпаңдап —

Көжегі екен өзінің.

Балалар өлең жолдарына сай қимыл-қозғалыс жасайды.

3-тапсырма: Кейіпкерлердің көңіл күйін бейнеле

Суреттегі кейіпкерлердің көңіл күйін мимика және қимыл арқылы қайталап көрсет.

4-тапсырма: Мақтану туралы ойлан

  • Қоян не деп мақтанды? Қайталап айтып бер.
  • Қоян сияқты мақтануға бола ма? Неліктен?

Педагог ертегіні қолғап театры арқылы көрсетуге ұсыныс жасап, қуыршақты қолға дұрыс кию жолын көрсетеді.

Сахналау

Қорапшадан ертегі кейіпкерлері бейнеленген карточкалар және бос карточкалар таңдатылып беріледі. Бос карточка алған балалар көрермен болады.

Нәтиже

Балалар қолғап театры арқылы ертегіні сахналайды және қойылымнан үзінді көрсетеді.

3) Рефлексиялық-түзетушілік

Қорытынды

Педагог қорытынды жасап, балаларды марапаттайды. Сұрақ: «Бүгін қандай ертегі қойылымын тамашаладыңдар?»

Өзін-өзі бағалау

  • 1 Ұнады — жасыл қоржынды таңдайды.
  • 2 Ұнамады — қызыл қоржынды таңдайды.

Күтілетін нәтижелер

Жасайды

Сюжет бойынша ертегі қойылымдарынан үзінді көрсетеді.

Түсінеді

Кейіпкерлердің теріс қылықтарын ажыратады.

Қолданады

Әдеби кейіпкерлерді адамгершілік ережелері тұрғысынан бағалайды, өз ойын айтады және өзгенің пікірін тыңдай біледі.

Автор туралы

ШҚО, Аягөз ауданы, Ақтоғай кенті, №3 Ақтоғай бала бақша-бөбекжайы

Тәрбиеші: Рузьева Гүлнұр Курманжанқызы