Берке хан

7-сынып. Қазақстан тарихы (ІІ бөлім): Дамыған орта ғасырлардағы мемлекеттер

Бұл материал — дамыған орта ғасырлар тақырыптары бойынша қайталауға арналған бақылау жұмысының үлгілері. Тапсырмалар тарихи түсініктерді бекітуге, тұлғалар мен оқиғаларды сәйкестендіруге, даталармен жұмыс істеуге және терминдердің мәнін дұрыс қолдануға бағытталған.

Негізгі дағдылар

  • Ұғымдарды түсіндіру және анықтама беру
  • Даталар мен оқиғаларды байланыстыру
  • Тұлға–оқиға және мемлекет–орталық сәйкестігі
  • Қысқа жауапты мазмұнды құрастыру

Жұмыс форматы

Әр нұсқа 6 тапсырмадан тұрады: ашық сұрақтар, сәйкестендіру кестелері және терминдермен жұмыс. Жауаптарды қысқа әрі нақты жазып, тарихи атаулар мен жылдарды дұрыс қолданыңыз.

Оқушы деректері

Оқушының аты-жөні
Сыныбы

І нұсқа

Тақырыптар: Ұлы Жібек жолы, XI–XII ғасырлардағы шаруашылық, мемлекеттер мен оқиғалар, ортағасырлық қала құрылымы.

1–2. Ашық сұрақтар

1) Ұлы Жібек жолының қандай маңызы болды?

2) XI–XII ғасырларда Қазақстан шаруашылығы қалай дамыды?

3. Есімдер мен оқиғаларды сәйкестендір

Әр әріпке сәйкес келетін нөмірді таңдаңыз.

Есім Сәйкестік Оқиға
А. Сатұқ Боғра хан 1) Найман мемлекетінің құрылуы
Б. Наркеш Даян 2) Батпақ шайқасы
В. Бату хан 3) Ақ Орда мен Моғолстанға қарсы жорықтар
Г. Ілияс Қожа 4) Жәнібек пен Керейдің көшуі
Д. Әмір Темір 5) Алтын Орданың құрылуы
Е. Әбілқайыр 6) Қарахан мемлекетінің құрылуы

4. Оқиғалар мен мерзімдерді сәйкестендір

Жыл/кезең Сәйкестік Оқиға
А. 1125 ж. 1) Әмір Темір Мауараннахрда билікті өз қолына алды
Б. 1206 ж. 2) Тоқтамыстың түпкілікті жеңілуі
В. 1370 ж. 3) Әбілқайырдың хан болып сайлануы
Г. 1395 ж. 4) Темүжінді Шыңғыс хан деп жариялау
Д. 1428 ж. 5) Мүбәрак хан Сығанақта өз ақшасын соқтырды
Е. 1327–1328 жж. 6) Жетісуға қидандардың қоныс аударуы

5–6. Терминдер мен ұғымдар

5) Ұғымдар мен терминдердің мағынасын жазыңыз

Иқта
Даруға
Инал
Тағар
Ұлысбектер
Миришикалар

6) Терминдер мен олардың маңызын сәйкестендір

Термин Сәйкестік Мағынасы
А. Тандыр 1) Санитарлық тазалыққа арналған құрылыс
Б. Сәкі 2) Қаланың орталық бөлігі
В. Ташнау 3) Ошақ
Г. Шахристан 4) Қаланың сауда-қолөнер бөлігі
Д. Рабад 5) Демалуға арналған арба үстіндегі балшықтан жасалған үй

ІІ нұсқа

1–2. Ашық сұрақтар

1) XI–XII ғасырлар басында ғылым мен білім қалай дамыды?

2) Қазақстан үшін моңғол жорықтарының қандай зардаптары болды?

3. Мемлекеттер мен олардың орталықтарын сәйкестендір

Орталық Сәйкестік Мемлекет
А. Битөбе1) Ақ Орда
Б. Ғұз Орда2) Ноғай Орда
В. Сығанақ3) Керейлер мемлекеті
Г. Сарайшық4) Шығыс Қарахан мемлекеті
Д. Орда Базар5) Қарақытай мемлекеті
Е. Қашғар6) 1431 жылдан кейінгі Әбілқайыр хандығы

4. Оқиғалар мен даталарды сәйкестендір

Жыл/кезең Сәйкестік Оқиға
А. 942 ж.1) Моғолстанға жасаған Әмір Темір жорықтары
Б. 1380 ж.2) Тоқа Темір ұрпақтарына қарсы Екіретүп жерінде Әбілқайырдың жеңіске жетуі
В. 1371–1390 жж.3) Қарахандар мемлекетінің құрылуы
Г. 1431 ж.4) Куликово шайқасы
Д. 1207–1209 жж.5) Кавказға жасаған жорығы кезінде Берке ханның қаза болуы
Е. 1266 ж.6) Шыңғыс хан таңғұт мемлекетiн өзіне қаратты

5–6. Терминдер және ескерткіштер

5) Ұғымдар мен терминдердің мағынасын жазыңыз

Орда
Баризгар
Мырзалар
Сойырғал
Көкілташ
Атабектер

6) Кесенелерді орналасқан жерімен сәйкестендір

Кесене Сәйкестік Орналасқан жері
А. Айша бибі және Бабаджа-қатын кесенелері1) Түркістанда
Б. Арыстан баб кесенесі2) Ақ Орданың орталығы — Сығанақта
В. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі3) Тараз қаласы маңында
Г. Көккесене кесенесі4) Орталық Қазақстанда, Қаракеңгір өзенінің жағасында
Д. Алаша хан кесенесі5) Отырар қаласының батыс жағында

ІІІ нұсқа

1–2. Ашық сұрақтар

1) Қазақ халқының қалыптасуы қалай жүрді?

2) XIV–XV ғасырлардағы Қазақстанның экономикалық жағдайын сипаттаңыз.

3. Есімдер мен оқиғаларды сәйкестендір

Есім Сәйкестік Оқиға
А. Насыр ибн Әли1) Египет сұлтаны Бейбарыспен дипломатиялық қатынастың орнауы
Б. Күшілік2) Қарахандардың Самани мемлекетін жаулап алуы
В. Елюй Даши3) Ақ Орда мен Моғолстанға қарсы жорықтар
Г. Шағатай және Үгедей4) Отырар апаты
Д. Берке хан5) Моғол билеушісінің Әмір Темірмен шайқасы
Е. Қамар ад-дин6) Жетісуға қидандардың қоныс аударуы

4. Оқиғалар мен даталарды сәйкестендір

Жыл/кезең Сәйкестік Оқиға
А. 1212 ж.1) Әбілқайырдың ойраттармен шайқаста жеңіліске ұшырауы
Б. 1219 ж.2) Қарахан мемлекетінің құлауы
В. 1141 ж.3) Ұрыс хан Сығанақта өз ақшасын соқтырды
Г. 1405 ж.4) Отырар апаты
Д. 1456–1457 жж.5) Әмір Темірдің қайтыс болуы
Е. 1368–1369 жж.6) Қатуан даласындағы шайқас

5–6. Ұғымдар және терминдер

5) Ұғымдар мен терминдердің мағынасын жазыңыз

Вақф
Хан
Қалан
Інжу
Харадж
Құшыр

6) Терминдер мен олардың мағынасын сәйкестендір

Термин Сәйкестік Мағынасы
А. Күйме1) Жылқы ұстағанда пайдаланылатын ұзын құрал
Б. Шұбат2) Арба үстіндегі үйлер
В. Құрық3) Халық ауыз әдебиеті
Г. Фольклор4) Түйе сүтінен жасалған сусын
Д. Жырау5) Эпосты жатқа айтушылар

IV нұсқа

1–2. Ашық сұрақтар

1) Әмір Темір жорықтарының Қазақстан үшін қандай зардаптары болды?

2) XIV–XV ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті қалай дамыды?

3. Мемлекеттер мен олардың орталықтарын сәйкестендір

Орталық Сәйкестік Мемлекет
А. Балықты1) Сібір хандығы
Б. Сарай2) Моғолстан
В. Алмалық3) 1446 жылдан кейінгі Әбілқайыр хандығы
Г. Чимги-Тура4) Батыс Қарахан мемлекеті
Д. Сығанақ5) Наймандар мемлекеті
Е. Үзгент6) Алтын Орда

4. Оқиғалар мен даталарды сәйкестендір

Жыл/кезең Сәйкестік Оқиға
А. 960 ж.1) Батысқа жасаған Моғолстан жорықтары
Б. 1236–1242 жж.2) Әбілқайырдың өмір сүрген жылдары
В. 1365 ж.3) Берке ханның Бейбарыс сұлтанға елші жіберуі
Г. 1446 ж.4) Ислам діні Қарахан мемлекетінің діні болып жарияланды
Д. 1468 ж.5) Батпақ шайқасы
Е. 1262 ж.6) Әбілқайырдың Самарқанды жаулап алуы

5–6. Ұғымдар және әдеби мұра

5) Ұғымдар мен терминдердің мағынасын жазыңыз

Күл еркін
Әмірлер
Шерби
Зекет
Жасауыл
Ұлыс

6) Есімдерді шығармаларымен сәйкестендір

Автор Сәйкестік Шығарма
А. Махмұд Қашғари1) «Ақиқат сыйы»
Б. Жүсіп Баласағұни2) «Жүсіп — Зылиха»
В. Ахмет Иүгінеки3) «Диуани лұғат ат-түрік»
Г. Ахмет Ясауи4) «Диуан-и хикмет»
Д. Әли ақын5) «Құтадғу білік»

Қысқа еске салу

Жауап сапасы

Ашық сұрақтарда 2–4 нақты дәлел келтіріп, себеп–салдар байланысын көрсетіңіз.

Сәйкестендіру

Әр жолға бір ғана нөмір/әріп жазыңыз. Бір жауапты екі рет қолдануға асықпаңыз.

Терминдер

Терминді қысқа анықтап, мүмкін болса бір қызметін немесе қолданылуын қосыңыз.