Топтың әні

Информатикалық «Бестік» сайысы

Бұл сайыстың негізгі мақсаты — оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, қойған мақсатына жете білуге дағдыландыру және білімдерін шыңдау.

Мақсаты

  • Шығармашылық қабілеттерін дамыту
  • Логикалық ойлауды күшейту
  • Мақсатқа жетуге дағдыландыру
  • Білімді жүйелеу және бекіту

Жоспары

  1. І тур — Топты таныстыру
  2. ІІ тур — Сергіту сәті
  3. ІІІ тур — «Жылдам, тағы жылдамырақ»
  4. ІV тур — «Сандар арифметикасы»
  5. V тур — «Информатиканы жырлаймын»
  6. VІ тур — «Бетпе-бет»
  7. VІІ тур — Шығармашылық жұмыс

Барысы

2050

Қазақстан – 2050 стратегиясы

Техника дамып, ғарышқа қадам басқан заманда виртуалдық әлемнің мүмкіндігі кеңейіп келеді. Осы рухпен баршаңызды Информатикалық «Бестік» сайысын тамашалауға шақырамыз.

Шақыру сөз:
Техника дамып, ғарыштаған,
Қонып жатыр бүгінде ғарышқа адам.
Компьютерлік ғажайып виртуалдық,
Өз өрнегіммен өріс табам!

Әділқазы туралы

Әділдікпен баға беріп, шынайы шешім қабылдау — сайыстың басты қағидасы. Бүгін жүлдегерлерді әділқазы алқасы анықтайды.

Қазылар алқасын таныстыру

Қазылар алқасымен таныстырып, сайыстың келесі бөліміне — топтарды таныстыру кезеңіне көшеміз.

І тур — Топты таныстыру

Принтер тобы

«Компьютерде келешек, ұғып-білгіш, елгезек. Әр кластың білгірлері — принтерге бер кезек», — деп ортаға Принтер тобын шақырамыз.

Сканер тобы

«Информатика пәнінен көрсетер бізге алғырлық. Ой толғайтын жүйелі — Сканер тобын шақыралық», — ортаға Сканер тобы.

Модем тобы

«Тобының жоғын мұңдайтын, ертеңі жайлы ойлайтын. Болашақтың арманын бүгіннен бастап сайлайтын», — Модем тобын ортаға шақырайық.

Принтер тобының таныстыруы

Топтың аты

Принтер (Қ. Нұртас «Телефон» әнінің әуенімен)

Топтың ұраны

Сәттілік тілейміз біз жарыста,
Қане, достым, сен де сайыстан қалыспа!
Принтерміз — Чарлз Бэббидж құраған,
Тайсалмаймыз компьютерлік тартыста.

Негізгі ой

Информатика — ой-сана тереңіне жетелейтін, дәлдік пен жүйелілікті талап ететін іргелі ғылым.

Топтың әні

1-шумақ

Армысыңдар, ақ көңілді көрермен,
Келіп қалдық сайыстарға өлеңмен.
Әділқазы алқасына мың сәлем —
Хабары бар есеппенен өнерден!

2-шумақ

Топтың аты — Принтер, достарым,
Өлеңменен осы әнімді арнадым.
Информатика — ғылымдардың патшасы,
Ой-сананың түсінетін астарын.

Қайырмасы

Ех, Принтер, атқарасың жұмысты,
Сенсіз бастамаймыз бір істі.
Драйверлік бағдарлама боламыз,
Орнатылған компьютерге келісті.

Қорытынды

Болашаққа бірге қадам басамыз,
Білімменен асулардан асамыз.
Жарыстарға үмітпенен қарап-ақ,
Сәттілікті жолдас қылып аламыз!