Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Математикадан ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Бұл жоспар Дьенеш блоктарын қолдану әдісіне негізделген және ортаңғы топ балаларына арналған. Сабақ құрылымы балалардың санау дағдысын, кеңістікте бағдарлануын және пішіндерді қасиеттері арқылы ажыратуын жүйелі түрде дамытуды көздейді.
Тақырыбы
«Ормандағы аңдарды құтқару» — тапсырмалар арқылы балаларды ойын желісіне енгізіп, математикалық ұғымдарды бекітуге арналған сабақ.
Мақсаты
- 1-ден 5-ке дейін тура және кері санауды жалғастыру.
- Геометриялық пішіндерді 3 қасиеті бойынша (пішіні, көлемі, түсі) ажырату дағдысын дамыту.
- «Алыс — жақын» түсініктерін бекіту.
- Кеңістікте бағдарлауға үйрету: ортасы, жоғары, төмен, сол жақ, оң жақ.
- Ойлау қабілетін дамыту, тапсырма орындау барысында ынтасын арттыру; зейінділікке, білімге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер мен материалдар
Негізгі құралдар
- Дьенеш блоктары
- Шартты белгілері бар карточкалар
- Үлкен–кіші сандар жинағы
Үлестірмелі материалдар
- 2 жолақты жолақшалар
- Геометриялық пішіндер жиынтығы
Сабақ барысы
Шаттық шеңбері
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жайнай берсін қаламыз,
Гүлдей берсін даламыз.
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, апайлар!
Әңгімелесу және қайталау сұрақтары
- Балалар, бір жылда неше мезгіл бар?
- Қандай мезгілдерді білесіңдер?
- Қазір қай мезгіл?
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Кім атап береді?
- Қазір қай ай?
Таңғажайып сәт: хат келді
Балалар, біреу есік қағып тұрған сияқты. Қараңдар, бізге хат келіпті — кімнен екен? (Хатты ашып оқу.)
Сәлем, балалар! Маған сендердің көмектерің керек. Жалмауыз кемпір ормандағы аңдарды торға қамап, құлыптап қойды. Оларды құтқару үшін Жалмауыз кемпірдің тапсырмаларын орындау керек.
Сәлеммен, Орман ата.
Балалар, аңдарға көмектесеміз бе? Ендеше, тезірек аттанайық.
Орманға сапар: «Автобусқа билет» тапсырмасы
Қалай ойлайсыңдар, орманға немен баруға болады? Бүгін біз орманға автобуспен барамыз.
Автобусқа міну үшін не керек? Дьенеш блоктарымен жұмыс басталады: балаларға шартты белгілері бар карточкалар таратылады. Белгілерді «оқу» арқылы әр бала өзіне қажет геометриялық пішінді тауып, сондай пішін жапсырылған орындыққа отырады.
Нұсқау
Кәне, билет сатып аламыз да, өз орнымызға отырамыз.
Билет тексеру сұрақтары
- Билетіңнің түсі қандай?
- Пішіні қандай?