Достық ізгі қасиет

Дос және достық

Бұл танымдық сағаттың мақсаты — достың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, достықтың шынайы белгілерін ажырата білуге үйрету, әдеби тілде сөйлеуге дағдыландыру және өз ойын анық жеткізуге көмектесу. Сонымен бірге адалдыққа, имандылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу көзделеді.

Түрі

Тренинг элементтері аралас танымдық сағат.

Көрнекілігі

Нақыл сөздер, сызбалар.

Әдісі

Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, сұрақ-жауап.

Ұйымдастыру: психологиялық дайындық

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызға құрметпен,
Бас иеміз біз.

Негізгі ой: дос деген кім?

Дос туралы бәріміз білеміз деп ойлаймыз. Бірақ кейде «дос» сөзінің терең мәніне жете бермейміз. Аристотель: «Өмір үшін ең қажетті нәрсе — достық. Адам барлық игілікке ие болса да, дос-жарансыз өмірді қаламайды» деген. Сондықтан бүгін достықтың мәнін бірге талқылаймыз.

Оқушылар пікірі

  • Дос — екі адамның бір-біріне деген қарым-қатынасы.
  • Дос — қиналғанда жанынан табылатын, көмектесетін жанашыр адам.

Жүргізуші түйіні

Достық — қасиетті ұғым, таза сезім. Ол тек өзара құрмет бар жерде қалыптасып, уақыт өте бекемделеді. Нағыз достық адамды асқақтатады, ал жалған достықтың ғұмыры қысқа: ол сенімге құрылмайды, кемшілікті түзетуге ұмтылмайды.

Достықты жырлау

Досым, саған сенемін, сеніп өтем,
Жолды бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген — адамның көрігі екен,
Достық деген — ақылдың серігі екен.

Достық туралы нақтылы тұжырымдар

  • Достық — ізгі ниетті адамдардың бір-біріне жақсылық жасауға серттесуі, ниет бірлігі.
  • Достықтың нәрі — оның қадіріне жете білуде.
  • Нағыз достықтың белгісі — жан тазалығы, ақыл-парасат, әділдік.
  • Достықтың өзегі — қажетсіну мен шынайы құрмет.
  • Адал достық — өмірлік нұсқа, амал достықтың өрісі қысқа.
  • Серік табу адамның бақытына бақыт қосады.

Мұғалімнің ойы

Достық — аспандағы жарық жұлдыз, теңіздегі гауһар тас іспетті: оны кірлете салу оңай емес. Нағыз дос қуанышыңда да, сәтсіздігіңде де қасыңнан табылады. Ал жалған достық сенімге емес, жағдайға сүйенеді.

Еске сақтайық: жақсылықты көбейтетін — адалдық, ал достықтың өлшемі — тұрақтылық пен құрмет.

Көрініс: Әйтімбет шешеннің жауабы

Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген шешен кісі болыпты. Бірде замандастары: «Достық нешеу?» — деп сұрайды.

Әйтімбет: «Достықтың екі түрі болады: адал достық және амал достық» — дейді. Сонда жұрт: «Екеуін қалай ажыратамыз?» — деп қайта сұрайды.

Шешеннің жауабы қысқа да нұсқа: «Адал достық — өмірлік нұсқа, амал достықтың өрісі қысқа».

Адал дос пен амал досты ажырататын белгілер

  • Достың көңілін қалдырма.
  • Досыңа адал бол.
  • Досыңды қорлама.
  • Кешіре біл.
  • Көмектесе біл.
  • Сенімді сақта.

«Достың көңілі — шар айна, сындырып алма абайла.»

Шағын тапсырмалар

1) «Достықты теңеу» тапсырмасы

Достықты бір нәрсеге теңеп көріңдер (мысалы: жұлдыз, көпір, шырақ, арқа сүйер тірек). Таңдаған теңеулеріңді суреттеп, неге солай ойлағандарыңды түсіндіріңдер.

2) «Дос деген кім?» (бір сөйлеммен)

  • Сыр бөлісетін адам.
  • Мені жақсы түсінетін адам.
  • Сенімді адам.

Ән

«Дос болайық бәріміз» әні орындалады.

Нақыл сөздер

«Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас.»
А. Құнанбаев
«Ең болмаса бір нағыз досы жоқ адам, өмір сүрмей-ақ қойса да болады.»
Демокрит
«Жұрттың бәріне бірдей дос боламын дегендер ешкімге де дос бола алмайды.»
Омар Хайям
«Жаман дос — көлеңке: басыңды күн шалса қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт шалса іздеп таба алмайсың.»
Сенека
«Өрге жүзген өнегелі ісіңмен, таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.»
Нақыл
«Жақсымен дос болсаң, алдыңнан шығар елпектеп. Жаманмен дос болсаң, сыртыңнан жүрер өсектеп.»
Махамбет Өтемісұлы

Достық туралы мақал-мәтелдер

  • Сенімді дос — тірегің, қалдырма оны бір елі.
  • Досты кекетпе, сөзін екі етпе.
  • Достық мектебінде есеп пәні жүрмейді.
  • Алдымен достың қамы, содан соң бастың қамы.
  • Достардың пұлы ортақ, тілі ортақ. Достардың дауы ортақ, жауы ортақ.

«ДОСТЫҚ» ұғымын ашу

Д

Дүниедегі...

О

Озық ойлы...

С

Сабырлы...

Т

Тұрақты...

Ы

Ыстық...

Қ

Қарым-қатынас.

Адам бойындағы жақсы қасиеттер, адамгершілік нормалары, татулық пен бірлік — бәрі де осы достықтан бастау алады.

Өлеңмен түйін

Бас ауырып, балтырың сәл сыздаса,
Қиыны сол, ауыры сол бізге аса.
Қайран достар, күн шуақ қой қыздырар,
Әлде кімге көңілің бір мұздаса.

Жамандыққа бастырмайды қаққылап,
Жолдас үшін басыңды бер, жатырқап.
Жақын өлсең тағы солар жүргені,
Жұмыспенен әрлі-берлі шапқылап.

Дос үйінде сайрандайды еркін ұл,
Жолдасы ғой жігіттің бір төркіні.
Тағы солар жалғыз тастап кетпейді,
Тұғырыңнан түсіп қалсаң бір күні.

Жолдаспенен жеңіл өмір азабы,
Жеңілірек көтересің қазаны.
Содан шығар, адам бірге өмірге
Жолдасымен туады екен ғажабы.

Қорытынды ой

Достықты қадірлей біліңдер. Досыңның кемшілігін кешіре біл. «Жүз сом ақшаң болғанша, жүз досың болсын» дегенді ұмытпаңдар.

Достығымыз әрқашан берік болсын!

Достық және көпұлтты татулық

Әңгіме-талқылау

Біз көпұлтты мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Қазақстанда жүздеген ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүреді. Сендер қандай ұлт өкілдерін білесіңдер? Басқа ұлт өкілдері арасынан достарың бар ма? Өзге тілдегі қандай өлеңді немесе тақпақты білесіңдер?

Тақпақтар

Туған тілім — бабам тілім — өз тілім,
Туған тілім — анам тілім — өз тілім,
Туған тілім — далам тілім — өз тілім,
Туған тілім — адам тілім — өз тілім.

Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар!

Кто в дружбу верит горячо,
Кто рядом чувствует плечо,
Тот никогда не упадет,
В любой беде не пропадет.

А если и споткнется вдруг,
То встать ему поможет друг,
Всегда ему надежный друг
В беде протянет руку.

Жағдаяттарды шешу

Төмендегі жағдаяттар бойынша не істер едіңдер? Әр жауапта әдеп, адалдық, қауіпсіздік және әділдік қағидаларын ескеріңдер.

  1. Досың саған өкпелі. Неге екенін білмейсің. Екі күн болды сені көрсе қашқақтайды. Не істейсің?
  2. Досың сенің жақсы көретін киіміңді күйдіріп алды. Қандай шешім қабылдар едің?
  3. Досыңды үлкен балалар қорқытып жатыр. Сенің әлің жетпейді. Не істейсің?
  4. Досың өзінен кіші баланың телефонын тартып алды. Сынып жиналысында мәселе талқыланып жатыр. Ол сенен көмек күтеді. Не айтар едің?
  5. Жаңа досың бұрынғы досыңды тастауыңды сұрады, тек өзімен ғана дос болғаныңды қалайды. Не істейсің?
  6. Досың саған қымбат адам сыйлаған сувенирді ұнатып қалды, қайта-қайта қарап қызықтай береді. Егер сұраса, берер ме едің?

Мұғалімнің қорытынды сөзі

Достық — жауапкершілік. Досыңның кемшілігін бетіне баспай, түзелуіне көмектес. Қай кезде де адамдық пен сыйластықты биік қойыңдар.