Алма - Алма деген сөз заттың несі

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пән

Қазақ тілі, 3-сынып

Сабақ түрі

Ашық сабақ (ойын-сабақ)

Тақырып

Сөз таптарын қайталау

Мақсаты (білімділік)

Сөз таптары туралы білімді, ұғымдарды қайталау және бекіту.

Мақсаты (тәрбиелік)

Ұйымшылдыққа, ойын барысында бір-бірін сыйлауға, білімге саналы көзқарас қалыптастыруға тәрбиелеу.

Мақсаты (дамытушылық)

Оқушылардың ауызша және жазбаша тілін, сөздік қорын дамыту.

Көрнекілік

  • Слайд
  • «Алтын қақпа» моделі

Әдістер мен байланыс

Әдісі

Сұрақ-жауап, өздік жұмыс, модульдік сызба

Пәнаралық байланыс

Ана тілі

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері

Орнымыздан тұрайық, бір-біріміздің қолымыздан ұстайық.

Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай таза көңілмен,
Бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

Сабақ мақсатымен таныстыру

Бүгін бізде қайталау сабағы. Мақсатымыз — сөз таптарын қайталап, білімімізді бекіту.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасы тексеріледі, негізгі түсініктер қысқаша еске түсіріледі.

Ескерту

Бұл бөлімді мұғалім сыныптың дайындық деңгейіне қарай жеделдетіп немесе тереңдетіп өткізе алады.

III. Ертегі еліне саяхат: «Алтын қақпа» ойыны

Мұғалім оқушыларды ертегі желісімен саяхатқа шақырады: «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде… Қазақ тілі елінің шаһарында бір патша өмір сүріпті. Оның біз білетін төрт ұлы болыпты. Соларға қонаққа барып қайтайық».

1-қақпа

Тас қақпа

Сиқырлы тапсырма

Сұрақтар

  • Шаһар патшасының аты кім?
  • Оның 4 ұлының аты кім?
  • Кез келген заттың нелерін білеміз?

Талқылау (мысал)

Зат:
алма
Аты:
алма
Саны:
біреу
Сыны:
тәтті
Қимылы:
жейді

Қорытынды

Бір сөзбен — сөз таптары. Демек, патшаның аты — Сөз таптары. Ал оның төрт ұлы: зат есім, сан есім, сын есім, етістік.

2-қақпа

Күміс қақпа

Сөйлемнен тап

Қақпаны ашу үшін сөйлем ішінен сөз таптарын табамыз. Дұрыс орындасақ, патшаның төрт ұлы туралы көбірек білеміз.

Мысал

Тоқтар — тұңғыш ғарышкер.

Тоқтар — кім? зат есім жалқы есім негізгі жекеше

тұңғыш — қандай? сын есім

Көркем жазу

Қақпа ашылғанша көркем жазу дәптерін ашып, үш жол жазады.

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалады.

3-қақпа

Алтын қақпа

Бекіту

Бұл кезеңнің мақсаты — бүгінгі тақырыпты бекіту: кім нені біледі, нені толықтыру қажет екенін анықтау.

Семантикалық карта

Берілген сөздерді тиісті сөз табына орналастырыңыз:

балапан сынып келді қызыл ащы отызынша тәртіпті

Зат есім

дәптерге жазыңыз

Сан есім

дәптерге жазыңыз

Сын есім

дәптерге жазыңыз

Етістік

дәптерге жазыңыз

Тапсырма

Жұмысты дәптерде орындаңыз. Дайын болған соң, сыныппен бірге тексеріңіз.

V. Қорытынды

Алтын сандық

Алтын қақпа ашылған соң, балалар алтын сандықты көреді. Сандықтың ішінде не бар екенін білу үшін «Сәйкестендір» ойыны ойналады.

  • Үлестірмелі тапсырмалар орындалады.
  • Кім бірінші аяқтаса, сол сандықты ашады.

Тілек жазу

Сандықтан кішкентай жүрекшелер шығады. Олар — «Сөз таптары» патшасының немерелерінен келген белгі. Оқушылар жүрекшелерге бір-бір тілектен жазып, сандыққа салады.

Рефлексия

«Саяхат ұнады ма? Қай тапсырма қызықты болды? Нені қайталау қажет?»

Үй тапсырмасы

Сөз таптары бойынша қайталау тапсырмасы беріледі (мұғалім сынып деңгейіне қарай нақтылайды).

Бағалау

Оқушылардың тапсырмаларды орындауы, белсенділігі және жауаптарының дәлдігі негізінде бағаланады.

Автор туралы

Мұғалім

Өзбекханова Ақмарал Жеңісханқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

Мекеме

ШҚО, Жарма ауданы, Жайма ауылы
Арқалық негізгі мектебі