Жұрт отыр ұйықтайын деп қалғып - шұлғып, Түсінбей дауысты естіп айтқан сарнап
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдері
Мағынасыз мешіт
Мешіт көзге көркем, өзі биік
Тұрады жұмасына жұрт жиылып.
Ғибраттанып борышымды өтейін деп,
Мен бардым шаттықпенен көңілім сүйіп.
Қасіретті қара толқын қайғы керіп,
Қан қайнап әзер шықтым, ішім күйіп.
Білмеймін ол не нәрсе тұрған зарлап,
Қулардай құрт жинайтын халықты алдап.
Жұрт отыр ұйықтайын деп қалғып - шұлғып,
Түсінбей дауысты естіп айтқан сарнап.
Сарнады, маңырады, даңғырады,
Кей уақыт уата - уата саңғырады.
Анда - санда тартады қатты - қатты,
Көңілім сезбей, бастарым қаңғырады.
Жұрт отыр жуан созған дауысты аңдып,
Бір сөзді де ұға алмай текке қаңғып.
Қарға ма қарқылдаған, яки бұлбұл,
Біле алмай мен отырдым бұған таң ғып.
Айттым деп ол ойлайды құдай сөзін,
Айтты ма, алдады ма жұрттың көзін,
Түсіндірмей, сырнайша құр әндет деп,
Құдай қашан сайлапты оның өзін?
Ішімнен мен ойладым: Құдай,— дедім,
Міне миллет рухы былай,— дедім.
Сарнауға қанша уақыт ысырап болып.
Өмір қарға, өттің бе жылай ,— дедім.
Бұл өмір һәмма ислам жерлерінде.
Бегіректе сахрадағы елдерінде.
Мәденимін деп жаңарған шаһарлардың
Қалған жоқ асулы жүр белдерінде.
ШҚО Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
10 сынып оқушысы Сағындықова Назерке
Қазақтың бас ақыны - Абай Құнанбаев
Абай Құнанбайұлының өмірбаяны
Абай және Шәкәрім – сазгерлік өнер мәселесі
Сәкен Сейфуллин поэмаларындағы табиғат көрінісінің сұлу кестеленуі
А. Османова М. Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясындағы етістік синонимдер
Төле би және оның заманы
Төле би жайлы
МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ДӘСТҮР
Қос сөздердің түрлері
Тілдік қатынас құрамы мен тұлғалары
Бүгінгі күндегі ата ұрпақтары қордың негізгі 4 түрлі мақсаты бар деп есептеледі
СБЖ-ның схемасын өңдеп сызу
МАХАББАТ ДЕП ТҮСІНДІ МЫНА ӘЛЕМДІ..
Сот отырысы түсінігі
ОҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің жалпы экономикалық сипаттамасы
Қайтқанда
Бәрі осыған қош депті
Қазақ жұртын бірсыпыра көтеріп, берекелендіріп тұрған осы қой деген мал
Көлік тоқтасымен екеуіміз қашып кетеміз деп келістік
Райымбектің үнемі Ұлы жүз қолының атақты батырларымен тізе бүктіре отырып, ата мекенді жаудан тазартудағы ерліктері - ұрпаққа үлгі боларлықтай