Дәптерлеріне орындаған сөз тіркестерін жазу
Мақсаттар
Білімдік
Ақын өмірі туралы мағлұмат беру; өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету; мазмұнын меңгеріп, тақырыбы мен идеясын ашу; өлеңді теориялық тұрғыдан талдау дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық
Шығармашылық тапсырмалар арқылы ойлау қабілетін дамыту, тіл байлығын арттыру, өз ойын жүйелі жеткізуге мүмкіндік беру.
Тәрбиелік
Отансүйгіштікке тәрбиелеу; сөз өнерін бағалау; туған жерді қастерлеу; адамгершілік құндылықтарын нығайту.
Сабақ құрылымы: «10 сандықша» әдісі
Әр кезең «сандықша» ретінде ұсынылады. Тапсырма орындалған сайын оқушылар жалаушаларды жинап отырады. Жалаушалар үш түсті болып, орындалу деңгейін айқындайды (мұғалім түсіндіреді).
-
Кіріспе
1-сандықша: Психологиялық дайындық
Сәлемдесу, жағымды көңіл күй қалыптастыру, сабаққа назар аударту.
-
Қайталау
2-сандықша: «Жұлдызым жоғары»
Үй тапсырмасын сұрақ-жауап әдісімен тексеру, бекіту.
-
Жаңа тақырып
3-сандықша: «Ол ақын еді»
Жаңа тақырыпқа кіріспе: математикалық ребус арқылы құпия сөзді табу («Қазақстан»), автор туралы бейнематериал көрсету және қысқаша таныстыру.
-
Оқу
4-сандықша: Мәтінмен жұмыс
Өлеңді оқу, мазмұнын түсіну, талқылау.
-
Талдау
5-сандықша: Сөздік жұмыс
Түсініксіз сөздерді өлеңнен тапқызу, мағынасын ашу, сөйлем ішінде қолдану.
-
Қимыл
6-сандықша: Сергіту сәті
Көңілді би терапиясы арқылы сергіту.
-
Жазылым
7-сандықша: Шығармашылық тапсырма (дәптермен жұмыс)
Ақын сөздерін берілген сөздермен сәйкестендіру; шыққан сөз тіркестерін дәптерге жазу.
-
Қорытынды
8-сандықша: Қорытындылау
«Не түсіндік, не ұқтық?» сұрағы арқылы ой түю.
-
Бекіту
9-сандықша: «Бірге ойланайық!»
Сұрақ-жауап арқылы бекіту, алған білімді нақтылау.
-
Кері байланыс
10-сандықша: Үй тапсырмасы және рефлексия
Үй тапсырмасын жазып алу, кері байланыс, жалаушалар арқылы формативті бағалау.
Психологиялық дайындық мәтіні
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қане, қонақтарымызбен амандасайық.
Сабағымызға келгендер, сәлем бердік бәріңе.
Ізгілікке сенгендер, сәлем бердік бәріңе!
Өз бақытын өзгемен тең бөлісе білгендер, сәлем бердік бәріңе.
Бір-бірімізге қарап:
Сәтті өтсін сабағымыз, ашық болсын қабағымыз!
Мен де сендердің қабақтарыңның ашық болуына тілектеспін. Рахмет, балалар, отыра қойыңдар. Ендеше, сөз асылын, тіл тазалығын сезінетін ана тілі сабағымызды бастайық.
Жаңа тақырыпқа кіріспе
Сабақтың контексі
Бүгінгі сабақ Тәуелсіздік күніне арналған дайындықпен байланысты. Мектеп әр сыныпқа тапсырма берді. Біздің міндетіміз — мектеп алаңындағы қоршауға жалаушалар ілу. Жалаушаларды алу үшін біліміміз сыналады: 10 сандықшаның тапсырмаларын орындап шығамыз.
Тақырыпты ашу
Математикалық ребус арқылы құпия сөз табылады: «Қазақстан». Одан кейін Қасым Аманжолов туралы бейнематериал көрсетіліп, қысқаша түсінік беріледі.
Өлең мәтіні: «Қазақстан»
Өлеңді оқыту барысында түсініксіз сөздер анықталып, мағынасы талданады.
Дүрсілдейді сонау Балқаш жағасы,
Баршы өзің, көңіл қойып қарашы!
Тұр ғой соғып туған дала жүрегі,
Жеріміз бар қасиетті, киелі.
Сен бақытты, атам қазақ баласы.
Кең далалы, кең пейілді қазақпыз,
Құл емеспіз, еркін жанбыз, азатпыз!
Қас тағдырдың қиқаңына көнбейміз,
Ел намысын ешбір жауға бермейміз.
Сертің осы, азат жігіт, азат қыз!
Бекіту сұрақтары
- Қ. Аманжолов деген кім?
- Бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныстық?
- «Қазақстан» өлеңінде не туралы айтылған?
- Өлең неше шумақтан тұрады?
Қорытынды тапсырма
«Не түсіндік, не ұқтық?» бөлімі: тақтадағы тірек сөздерді пайдаланып, 4 жол өлең құрастыру. Оқушылар жеке оқып, мадақталады.
Үлгі құрылым
__________________________ барамын.
__________________________ саламын.
__________________________ аламын.
__________________________ баламын.
Үй тапсырмасы
Оқу
«Қазақстан» өлеңін түсініп, мәнерлеп оқу.
Жазылым
Қазақстан туралы қысқаша әңгіме жазып келу.
Рефлексия және бағалау
Сабақ соңында тапсырмалардың орындалуы талқыланып, мектеп ауласын Тәуелсіздік күніне орай безендіру жұмысы қорытындыланады. Оқушылар жиналған жалаушалар саны мен сапасына қарай формативті бағаланады.