Менен сұрақ, Сіздерден жылдам жауап

Сабақ тақырыбы

«Үздік биологтер» сайысы

Сабақтың мақсаты

  • Өткен тақырыптар бойынша алған білімді жинақтау арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту.
  • Логикалық ойлауын жетілдіріп, өз ойын нақты әрі анық жеткізу дағдысын қалыптастыру.
  • Қоршаған ортаны қорғауға, тірі ағзаларға қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Сайыс

Әдіс-тәсілі

Пікірталас, сұрақ-жауап

Көрнекілігі

Кестелер, суреттер

Сайыстың жоспары

  1. 1

    Таныстыру

    Әр топ өздерін таныстырады.

  2. 2

    «Менен — сұрақ, сізден — жылдам жауап»

    Топ басшысы 1 минут ішінде 10 сұраққа тез әрі дұрыс жауап береді.

  3. 3

    «Білім минуты»

    Биологиялық диктант (екі топқа екі түрлі тапсырма беріледі).

  4. 4

    «Орнын тап»

  5. 5

    «Биологиялық эстафета»

  6. 6

    «Ой толғау»

Жүргізуші сөзі

Армысыздар, қадірменді асыл халқым! Арта берсін абыройың, атақ-даңқың. Ұстаздар аман ба екен, құрбы-құрдас, сыныптас — бірге оқып, сырлас болған жандар!

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Үздік биологтер» сайысына қош келдіңіздер. Шеберлікті де, білімді де саралап, әділ бағаларыңызды беріңіздер.

(Әділқазылар алқасы сайланады.)

Ереже: Жарыс заңы ежелден — жеңімпазды анықтау. Жеңімпаз болудың шарты — еңбектену және жалықпау.

Сәт сапар тілей отырып, сайысты бастайық! Өнерлеріңізді көрсетіп, жасқанбай қатысыңыздар.

Сайыс жоспары бойынша бастаймыз. Ата-салт, баба дәстүрімен әуелі сәлемдесейік.

1-кезең: «Таныстыру»

Әр топ өздерін таныстырады.

Ән

«Құстар келді»

Ұран: Білімділер әркез алда. Тез жауап бер — ойланып тұрып қалма!

2-кезең: «Менен — сұрақ, сізден — жылдам жауап»

Әр топ басшысы ортаға шығып, 1 минут ішінде сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап беруі керек.

«Ақ көгершін» тобы

7-сынып оқушыларынан құралған топ

10 сұрақ
Бытыранықтар тобына дүниесіне не жатады?
Бактериялар.
«Вирус» сөзі қандай мағына береді?
У.
Ұсақ ағзаларды зерттейтін ғылым?
Микробиология.
Өлі ағзада өмір сүретін бактериялар?
Сапрофиттер.
Саңырауқұлақты зерттейтін ғылым?
Микология.
Майқұлақ қандай саңырауқұлақ?
Жеуге жарамды.
Таста өсетін қына?
Қаспақ қына.
Ғарыштық зерттеулерде қолданылған балдыр?
Хлорелла.
Таскөмір түзілген өсімдік?
Хлорелла.
Қырықбуын неге «қырықбуын» деп аталған?
Сабағы өте көп буыннан тұратындықтан.

«Сұңқар» тобы

8-сынып оқушыларынан құралған топ

10 сұрақ
Жасушаның құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылым?
Цитология.
Ұлпаның 4 түрін атаңыз.
Дәнекер, эпителий, бұлшықет, жүйке.
Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық?
Гормон.
Ұйқы безі бөлетін гормон?
Инсулин.
Жүйке жасушалары қалай аталады?
Нейрон.
Нейронның ұзын өсіндісі?
Аксон.
Орталық жүйке жүйесіне не жатады?
Ми мен жұлын.
Мидың орташа салмағы?
1300–1400 г.
Сезім анализаторларын атаңыз.
Иіс, дәм, есту, көру.
Тірек-қимыл аппаратына не жатады?
Қаңқа және бұлшықеттер.

3-кезең: «Білім минуты»

Бұл кезеңде екі топқа екі түрлі биологиялық диктант ұсынылады.