Балаларды қорғау күніне тақпақтарБаршамызды бала тілмен баурайтын, Бала деген бір бақыт қой самғайтынАта - ананың арманы мен тілегін, Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтынСүйкімді періштелер сендерсіңҚандай бейне өздеріңе тең келсін

1 маусым - Балаларды қорғау күніне тақпақтар

Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата - ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын
Сүйкімді періштелер сендерсің
Қандай бейне өздеріңе тең келсін!
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерсін.

Бала, бала, баламыз
Бақшамызға барамыз
Күні – бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз.

Мен гүлдерді жұлмаймын
Торғайларды қумаймын
Айтқан сөзді тыңдаймын
Апашымды сыйлаймын

Біздерде бар қуыршақ
Бұзау, қозы, құлыншақ
Ойыншықтар тыңдайды
Емес олар ұрыншақ

Алма сыйлап бөбекке
Алма ағаштар сарғайған
Төгілген тер шелектеп
Көрінеді маңдайдан.

Көк жиектен күлімдеп,
Маусымның таңы атты
Тұра қойшы күнім – деп,
Анаң сені оятты –
Даналардың тілегі,
Балалардың тілегі
Ауырмасын ешқашан
Аналардың жүрегі

Балалар бақшасында бүгін той!
Балаларды қорғау күні біліп қой
Алақай - ау, алақай
Той тойлайық, балақай
Қызарғанша алақан
Кел, соғайық балақай.

Бейбітшілік әніміз
өнерліміз бәріміз
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз
Балабақша аясында
Жадырайды жанымыз

Бізбен бірге бар әлем
Қуанады балаша
Қуанышқа бөленген
өмір қандай тамаша

Гүлмен келсін келер күн
Бала - бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің.
Басты қоссақ бәріміз
Біздер елдің сәніміз
Шаттық, бақыт, қуаныш
Елімізге сыйлаймыз.

Біз бақытты баламыз,
Ақылдымыз, данамыз
Ертеңгі күн еліміздің
Батырлары боламыз.

1 Маусым – Халықаралық Балаларды қорғау күні



Ұқсас жұмыстар

Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы
Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру
Мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеудегі салт- дәстүрлердің алатын орны
Мұқағали Мақатаев поэзиясындағы отаншылдық рух
Жұмекен Нәжімеденовтің философиялық лирикасы
Бала тәрбиесінің маңыздылығы
Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы
Шешендік өнері туралы түсінік
Сұлулық
КӨҢІЛДІ МЕРЕКЕЛЕР ЖӘНЕ ҚЫЗЫҚТЫ ЕРТЕҢГІЛІКТЕР
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
ТҮМЕН ҰЛЫ МҮДЕ ҚАҒАН
Коммерциялық ақпарат пен коммерциялық кұпия мәні және оны қорғау
Диалектика — даму мен ең жалпы байланыс жөніндегі ілім
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi
Бухгалтерлік есептің концепциялары мен принциптері
Балқаштың экологиялық ахуалы
Екінші деңгейлі банктеріндегі валюталық операциялар
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН туралы
Баланың мектепке келу мәселесі