Болжалды келер шақ

Сабақ туралы мәлімет

М. Ломоносов атындағы орта мектеп КММ Қазақ тілі, 7-сынып

Пән мұғалімі: Аманкелди А.

Тақырып

Келер шақ туралы түсінік. Болжалды келер шақ

Мақсаты

Келер шақтың түрлері туралы түсінік беру және болжалды келер шақтың ерекшеліктерін меңгерту.

Түйінді идея

Келер шақтың мағынасы мен жасалуына қарай бөлінуі.

Өткен материалмен байланысы

Пәнішілік және пәнаралық байланыстар арқылы бұрынғы білімді жаңа тақырыппен ұштастыру.

Оқыту нәтижесі

Оқушылар етістіктің шақтары туралы алған теориялық білімдерін практикада қолданады; бір-бірінің ойына еркін пікір қосады; өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырады; тыңдай білуді және бағалауды үйренеді; топта жұмыс істеуге дағдыланады; мағынаны ашуда бірлесе әрекет етеді және білім көкжиегін кеңейтеді.

Қолдану

Теорияны практикалық тапсырмаларда қолдану.

Коммуникация

Пікір білдіру, тыңдау және кері байланыс беру.

Ынтымақтастық

Жұптық және топтық жұмыста ортақ шешімге келу.

Әдіс-тәсілдер

  • «Шаттық шеңбері»
  • Табыс критерийін құру
  • Тест
  • «Автобус аялдамасы» әдісі
  • Венн диаграммасы (жұптық жұмыс)
  • Ассоциация, сұрақ-жауап
  • АКТ қолдану

Негізгі ұғымдар және жұмыс форматы

Оқушылар топта, жұпта және жеке жұмыс істейді; мәтінмен жұмыс барысында ақпаратты оқиды; өзгелермен бірлесіп әрекет етеді; ортақ шешімге келеді; білімін бекітеді; өзара оқыту мен бағалауды жүзеге асырады.

Күтілетін дағдылар

Топтасу Жұптық жұмыс Өзара бағалау Тыңдау Талдау Жинақтау

Ресурстар

Материалдар

Үлестірмелі материалдар, семантикалық карта.

Сандық құралдар

Презентация, интерактивті тақта.

Бағалау

Тест, бағалау парағы.

Сабақ құрылымы (уақыт бөлінісі)

Кезеңдер және минут саны

  • Қызығушылығын ояту

    Оқушы назарын сабаққа шоғырландыру.

    3 минут
  • Табыс критерийін құру

    Бағалау өлшемдерін нақтылау.

    2 минут
  • Үй тапсырмасы

    Алдыңғы тақырыпты тексеру және қорытындылау.

    8 минут
  • Мағынаны тану: түсіну

    Жаңа ақпаратпен танысу, негізгі ұғымдарды анықтау.

    8 минут
  • Талдау

    Мысалдар арқылы айырмашылықтарды талдау.

    2 минут
  • Сергіту сәті

    Қысқа қимыл-қозғалыс арқылы сергіту.

    2 минут
  • Қолдану

    Тапсырмалар орындау арқылы білімді бекіту.

    5 минут
  • Жинақтау

    Негізгі ойларды жүйелеу және қорытынды жасау.

    5 минут
  • Рефлексия

    Оқушының өзіндік бағалауы және ой қорытуы.

    3 минут
  • Бағалау

    Нәтижені жинақтап, әділ бағалау жүргізу.

    3 минут
  • Үй тапсырмасы (қорытынды)

    Келесі сабаққа дайындық тапсырмасын беру.

    1 минут

Қосымша файлдар

Қажет болған жағдайда сабақтың толық нұсқасын және слайд материалдарын жүктеуге болады.