Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту

3-сыныпқа арналған ашық тәрбие сағаты

Бұл тәрбие сағаты оқушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімін тереңдетуге, тарихи маңызын түсіндіруге және отансүйгіштік құндылықтарын нығайтуға бағытталған.

Мақсаты

  • а

    Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту; рәміздердің пайда болуы мен тарихтағы маңызын түсіндіру.

  • ә

    Оқушының есте сақтау қабілетін дамыту, өз ойын дұрыс әрі анық жеткізуге ынталандыру.

  • б

    Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу; мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұранды қастерлеп, құрметтеуге, ел тарихы мен тегін білуге баулу.

Көрнекіліктер

  • Рәміздерге байланысты бейнематериал
  • Слайдтар

Негізгі идея

«Рәміздерім — мақтанышым» тақырыбы арқылы әр оқушы мемлекеттік рәміздердің мәнін түсініп, оларды құрметтеу — азаматтық парыз екенін сезінеді.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Әр топқа суреттер таратылады. Топ мүшелері суреттерден мозаика құрастырады.

Сұрақ: Қандай мозаика шықты?

II. Топтық жұмыс

Құрастырған мозаика туралы ой бөліседі: Ту, Елтаңба, Әнұран.

Әр топ өз тақырыбы бойынша постер құрып, қорғайды.

I топ

Ту

II топ

Елтаңба

III топ

Әнұран

III. Мәнерлеп оқу (I топ: Ту туралы өлең)

Аспан түстес көгілдір,
Тік бұрышты матаның,
Ортасында төгіп нұр,
Күн жаяды шапағын.

Еске белгі — ұрандар,
Сары алтындай сақталған,
Күн, шұғыла, қыран да,
Алтын түспен апталған.

Астында оның қалқыған,
Қыран құстың бейнесін,
Азат елдің шалқыған,
Көңілі деп білерсің.

Сол жағында матаның,
Қызыл түсті жолақ тік.
Мұратындай атаның,
Әсем өрнек — ол ұлттық.

Көк байрағы бабаның —
Бүгінгі ұрпақ алауы,
Мияты әке, баланың —
Қазақстан жалауы!

Тарихи түсініктеме

Ерте кезеңдерде Ту бейбіт уақытта құрметпен сақталып, көбіне жаугершілік кезде ғана шығарылған. Тудан айырылу — ел үшін ауыр қасірет, намыс пен ерліктің өлшемі саналған.

Ел бірлігі туралы дерек

Қазақ жеріне көз тіккендер аз болмаған қиын кезеңдерде Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би ордабасында кеңес құрып, елдің бірлігін нығайтқан. Кейін Әбілхайыр хан үш жүздің басын қосып, Бөгенбай батырға қазақтың туын ұстатқан деген дерек айтылады.

Тәуелсіздік рәміздері бекітілген күн

1992 жылғы 4 маусым — тарихи күн. Осы күні Республика Жоғары Кеңесі тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туын және Елтаңбасын бекітті.

1992 жылдың маусым айында Қазақстанның тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев ұлттық Туға тағзым етті.

Мұғалім туралы

Мұғалімі: Уатаева Қ. С.