Өлеңнің авторы туралы әңгімелеу

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пән, сынып, тақырып

Пән:
Ана тілі
Сынып:
2-сынып
Сабақтың тақырыбы:
Шерхан Мұртаза. «Бөрте мен Зөре»

Сабақтың форматы

Сабақтың типі:
Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер:
СТО әдістері (Венн диаграммасы, топтастыру), сұрақ–жауап, әңгімелеу
Көрнекіліктер:
Шерхан Мұртазаның портреті, «Қызыл кітап»
Пәнаралық байланыс:
Дүниетану, қазақ тілі

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Әңгіменің мазмұнын ашу, негізгі ойды ұғындыру, табиғаттың адам өміріндегі маңызы туралы білімді тереңдету.

Дамытушылық

Оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту, дүниетанымын кеңейту, өз ойын жүйелі жеткізуге және өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік

Табиғатты сүюге, аялауға және қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру және психологиялық дайындық

Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеріп, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға бағытталған қысқа сергіту жүргізіледі.

Достық туралы өлең жолдары

Сен күлгенде күледі,
Ойыңды айтпай біледі.
Ренжісең, ренжіп,
Сенімен бірге жүреді.
Сырыңды барып айтасың,
Үйге бірге қайтасың.

Оқушылар қол ұстасып, бір-біріне жылы лебіз білдіреді.

Үй тапсырмасын тексеру

1) «Ұстаз» өлеңін мәнерлеп оқу.

2) Өлең авторы туралы қысқаша әңгімелеу.

Жұбан Молдағалиев туралы мәлімет

  • Жұбан Молдағалиев (1920–1989) — ақын, жазушы.
  • Орал облысы, Тайпақ ауданы, Сайқұдық ауылында дүниеге келген.
  • Ұлы Отан соғысына қатысқан.
  • Балаларға арналған «Қызыл галстук» поэмасының авторы.

Оқулықпен жұмыс: бағыттаушы сұрақтар

  1. Өлеңде кім туралы жырланған?
  2. Бірінші шумақта ұстаздың мейірімділігі қалай сипатталған?
  3. Ақын ұстазды кімдерге теңейді? Неліктен?
  4. Үшінші шумақта ұстаздың қажырлы еңбегі қай жолдарда айтылған?

Сөздік және шығармашылық жұмыс

Сөздік жұмыс: «Суарып білім-шәрбатпен» тіркесін қалай түсінесің?

Шығармашылық жұмыс: «Менің ұстазым» тақырыбында шағын әңгіме құрастыру.

Ұстаз — білімді, мейірімді, қамқор, біз үшін екінші ана.

Өткен сабақты бекіту: Венн диаграммасы (идеялар)

Ұстаздың бейнеті

Ыстық-суық демей еңбек ету, шыдамды болу, төзімді болу.

Ұстаздың зейнеті

Еңбегі бағаланады, еленеді; елге пайдасы тиеді; алғыс алады; еңбегінің рахатын көреді.

Жаңа сабақ: «Бөрте мен Зөре»

Қызығушылықты ояту: жұмбақ

Мұғалім оқушыларға жұмбақ жасырады:

Жақпар тастың өркешіне
Секіреді құламай.
Қия құздың өр төсіне
Орғып шығар ол оңай.

Жауабы: арқар

Осы кіріспеден кейін оқушылар Шерхан Мұртазаның «Бөрте мен Зөре» әңгімесімен танысады.

Автор туралы: Шерхан Мұртаза

Шерхан Мұртаза — көрнекті қазақ жазушысы, белгілі қоғам қайраткері.

  • 1932 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ өңірінде дүниеге келген.
  • 1955 жылы Мәскеудегі М.В. Ломоносов атындағы мемлекеттік университетті бітірген.
  • 1963 жылы «Жазушы» баспасында редактор болған.
  • «Лениншіл жас» газеті, «Жалын» және «Жұлдыз» журналдарында бас редактор қызметін атқарған.