Көкөністер дүкенінде
Сабақ туралы мәлімет
Оқу орны
Қарағанды қаласы, № 74 ЖББОМ (орыс сыныптары)
Пән мұғалімі
Зарубаева Лилия Елеуханқызы — қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы
«Көкөністер дүкенінде». Мекен үстеуі
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Өткен сабақта алған білімді тереңдету; жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдануға үйрету; мекен үстеуі тақырыбымен таныстыру.
Дамытушылық
Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын, ауызекі сөйлеу қабілетін дамыту; сөздік қорын және тілдік білімін байыту.
Тәрбиелік
Оқушыларды қайырымды, адал болуға және сауатты сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың форматы
- Сабақтың түрі
- Аралас сабақ
- Сабақтың әдістері
- Сұрақ-жауап, талдау, ребус шешу, сөздік диктант, диалог
- Көрнекіліктер
- Суреттер, тапсырма парақшалары
- Пәнаралық байланыс
- Орыс тілі
Сабақтың барысы
- 1 Ұйымдастыру кезеңі
- 2 Үй жұмысын тексеру: жазған сөйлемдерін оқыту және тексеру; сөйлемдер ішінен үстеулерді тапқызу
- 3 Жаңа сабақ: тақырыппен, мақсатымен және жұмыс тәртібімен таныстыру
- 4 1-тапсырма: мәтінді оқу және аудару
Көкөністер дүкенінде
Төмендегі мәтін күнделікті өмірдегі жағдаят арқылы жаңа сөздерді қолдануға және сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған.
Демалыс күні мен әжеммен бірге көкөністер дүкеніне бардым. Дүкен сөрелерінен қарбыз бен қауын, алмұрт, таңқурай сияқты көптеген жемістерді таңдап алуға болады.
Біз дүкенге қырыққабат, қызанақ, сәбіз, қияр және пияз сатып алуға келдік.
Дүкенде сатып алушылар көп екен. Сондықтан біз кезекке тұрдық. Сатушы бәрін өлшеп, бағасын айтты. Әжем ақшасын төледі.
Ата-анам денсаулығыма көп көңіл бөледі. Олар үнемі жеміс-жидек пен көкөніс сатып алып отырады, өйткені олардың құрамында менің өсуіме қажетті дәрумендер бар.
Мен алма мен анарды жақсы көремін, сондықтан оларды маған жиі сатып әперіп тұрады.