Сөздерді буынға бөліп оқыңдар

Топтамадағы сабақтар

  • 1 Тымақ
  • 2 Құстардың жазғы тіршілігі

Сабақ тақырыбы

Тымақ (61–62-жаттығулар)

Мақсаты (білімділік)

Оқушылардың өлеңді саналы түсініп оқуын қалыптастыру, шапшаң оқуға төселдіру. Буын туралы білімдерін кеңейту.

Мақсаты (дамытушылық)

Тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, танымдық белсенділікті арттыру, сауатты әрі көркем жазу дағдыларын жетілдіру, әдептілік қағидаларын бойға сіңіру.

Мақсаты (тәрбиелік)

Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Түсіндіру
  • Сөздік және көрнекілік әдістері

Сабақ түрі және көрнекілік

Түрі: саяхат сабақ.

Көрнекілігі: кесте, суреттер, сыпайы сөздер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық, достарым,

Арайлап атқан күнге.

Қызығушылықты ояту

Бүгін біз «Сыпайы сөздер еліне» саяхатқа шығамыз. Жол бойы әртүрлі елдерге тоқтаймыз. Әр елге жету үшін көлікті таңдап, билет алу мақсатында тапсырмалар орындаймыз.

Автобус Ұшақ Пойыз Кеме

Сыпайылық сәлемдесуден басталады. Ендеше алғашқы аялдамамыз — сәлемдесу елі.

II. «Сәлем бере білейік» елі

Бұл елге автобуспен барамыз. Алдымен үй тапсырмасын тексереміз.

Үй тапсырмасы

«Не деу керек?» өлеңін жатқа айту.

Оқушылар 1, 2, 3, 4 топқа бөлініп, кезекпен айтады.

III. «Рақмет» елі

Келесі аялдамаға ұшақпен жетеміз. Билет алу үшін тапсырма орындаймыз.

Ойын: «Буынға бөле білеміз бе?»

  • Суреттер көрсетіледі.
  • Оқушылар сөздерді буынға бөліп айтады.

IV. «Кешіріңіз» елі

Бұл елге бару үшін «Кешіріңіз» сөзінің мағынасын қалай түсінетінімізді анықтаймыз. Билетті пойызға аламыз.

Жаңа сабақ: «Тымақ»

Тымақ — мал мен аң терісінен тігілетін қыстық бас киім. Ол төрт сайлы, төбесі биік, маңдайы мол пішілген болып келеді. Екі құлағы мен жотаға дейін жауып тұратын артқы етегі (желкесі) болады. Сырты дүрия, шағи, пүліш, барқыт сияқты маталармен тысталады.

Оқу түрлері

Дауыстап оқу

Оқу түрлері

Іштей оқу

Оқу түрлері

Тізбектей оқу

V. «Рұқсат па?» елі

Келесі елге кемемен барамыз. Тапсырма ретінде 60-жаттығуды орындаймыз.

60-жаттығу

  1. Сөздерді буынға бөліп оқыңдар.
  2. Төмендегі сөздерді буынға бөліп, бағандағы тиісті сөздердің астына жазыңдар.
  3. Сөз буындарының неше дыбыстан құралғанын айтыңдар. Дауыссыз дыбыстардың буын басында келуін байқаңдар.

Назар аударатын тұстар

  • Буынға дұрыс бөлу — анық оқудың негізі.
  • Дыбыстардың орналасуын талдау — сауатты жазуға көмектеседі.
  • Сыпайы сөздерді қолдану — мәдени қарым-қатынастың көрсеткіші.