Бәйтерек туралы аңыз

Мақсат пен міндеттер

Мақсаты

Қала ғимараттарымен таныстыру және олардың құндылығы туралы түсінікті кеңейту.

Міндеттері

  • Астана туралы қуанышты көңіл күй қалыптастыру.
  • Патриоттық сезімдерді дамыту.
  • Сүйіспеншілікке және мейірімділікке баулу.

Көрнекі құралдар

Слайдтар мен суреттер.

Шаттық шеңбері

Балалар шеңберге тұрып, төмендегі өлең жолдарын бірге айтады:

Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Жер ана!
Амансың ба, Астана,
Келдік саған қуана.

Саяхатқа аттану

Балалар тербелген әуенмен қолдарын жайып, тікұшаққа ұқсап жүреді (әуеге көтерілгендей қимылдайды).

Тәрбиешінің сөзі

Балалар, біз бүгін «Өзін-өзі тану» әлемінің сәулетті қаласы — Астанаға аялдаймыз.

Әуежайға келіп қонамыз.

Астанадағы аялдамалар

1) Астана әуежайы

Бірінші тоқтаған жеріміз — Астана әуежайы.

2) Ақ Орда

Келесі сәулетті ғимарат — Ақ Орда. Бұл ғимаратта еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаевтың жұмыс орны орналасқан.

Қонақжай қарсы алу

Ел ордам менің — Астанам,
Осында жаңа бастама.
Сәулетті зәулім үйлер көп,
Көрікті сондай жас қалам!

Балалар «Атамекен» әнін бірге орындайды.

3) Хан Шатыр

Біз Хан Шатырға да келдік. Балалар, Хан Шатыр неге ұқсайды?

  • Киіз үйге ұқсайды.
  • Шаңыраққа ұқсайды.

Сергіту сәті: «Шаңырақ»

Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.

4) «Бәйтерек» монументі

Тәрбиеші балаларға «Бәйтерек» монументін тамашалатады (слайд көрсетіледі).

Бәйтерек туралы аңыз

Аңыз бойынша, жыл басында (таңертең) киелі Самұрық құс алтын жұмыртқа салады екен. Ал ағаштың түбінде мекендейтін айдаһар кеш батқан сайын (жыл соңында) сол жұмыртқаны жұтып қоя береді.

Бұл күн мен түннің алмасуын, жақсылық пен жамандықтың арасындағы тартысты бейнелейді. Аңыз ауыздан ауызға тарап, Есілдің сол жағалауында «Астана — Бәйтерек» монументі бой көтерді.

Дәйек сөз

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Ойындар мен шығармашылық тапсырмалар

Ойын: «Жылы сөздер»

  • Менің қалам өте әдемі.
  • Менің қалам өте бай.
  • Менің қаламда әртүрлі ұлт өкілдері көп.
  • Мен қаламды сүйемін.
  • Менің қаламның табиғаты тамаша.

«Ғажайып сөздер»: БӘЙТЕРЕК

Б
батыр
Ә
әдемі
Й
инабатты
Т
тәртіпті
Е
еңбекқор
Р
риза
Е
еліміздің
К
келешегіміз

Тыныштық сәті

Тербелген әуенмен балалар саяхаттан оралады.

Қорытынды

Бүгін біз еліміздің көрікті қалаларының бірі — Астанаға мерекелік саяхат жасадық. Бізді жылы жүректерімен қарсы алды.

Аңыз арқылы «Бәйтерек» монументінің шығу тарихымен таныстық, сәулетті ғимараттарды көрдік.

Біз Қазақстанда татулықта, достықта, бейбітшілікте өмір сүретінімізді мақтан етеміз.

«Жүректен жүрекке»

Жүрегі елімнің,
Астана — бас қала.
Әлемге көріндің,
Ұқсамай басқаға.