Иді терінің шел жағынан бетіне әлденеше рет жағып илеу
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы №100 орта мектебінің бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі — Есіркеев Қайрат Еленбайұлы.
- Сабақ тақырыбы
- Тері өңдеу технологиясы
- Сабақ түрі
- Аралас
- Сабақ мақсаты
- Тері өңдеу технологиясы туралы түсінік беру, үйрету және практикалық жұмыс орындату.
- Сабақ әдістері
- Түсіндіру, сұрақ-жауап, сарамандық жұмыс
- Көрнекіліктер
- Тері түрлері, плакаттар
Сабақ барысы
- 1 Ұйымдастыру кезеңі.
- 2 Оқушыларды түгелдеу.
- 3 Тақта, көрнекілік және жұмыс орнын дайындау.
- 4 Үй тапсырмасымен жұмыс.
- 5 Жаңа сабақ.
- 6 Үйге тапсырма.
Жаңа сабақ: тері өңдеу өнері
Тері туралы
Халық тұрмысында мал терілерін қарапайым тәсілдермен ұқсату — ертеден келе жатқан дәстүрлі өнердің бірі. Ірі қара малының иленбеген терісі шылғи тері деп аталады, ал иленіп, ұқсатылғаннан кейінгісі қайыс деп аталады.
Шылғи теріні ұқсатудың негізгі екі түрі:
- Жүнін сылып тастап пайдалану.
- Жүнін сылмай-ақ пайдалану.
Жаңа сойылған мал терісін тұз сеппей орап, жылы жерге қойса, ол өздігінен 2–3 күн ішінде жидіп, жүні түсіп қалады. Терінің ең сапалы бөлігі — малдың жоны мен сауырында, сондай-ақ қабырғалық деп аталатын қос қапталында болады. Мойын терісі әдетте жұқалау келеді.
Қалыңдығына қарай
- Ең қалыңы: сиыр терісі
- Келесі: түйе терісі
- Ең жұқасы: жылқы терісі
Тері атаулары (мал түріне қарай)
- Ірі қара: сиыр, өгіз, тайынша, бұзау
- Жылқы: бие, жабағы, құлын
- Түйе: атан, бота
- Қой: жабағы, қырықпа, күздік, соғым, тықыр
- Аң терісі: түлкі, қарсақ, қоян
Терінің негізгі қабаттары:
Эпидермис, тері негізі, шел қабаты.
Материалдар мен құралдар, негізгі бағыттар
Оқу бөлімдері
- Тері бояу
- Тері илеу
- Тері түрлері
- Тері өңдеу технологиясы
- Теріден жасалатын бұйымдар
Ескерту
Практикалық кезеңде қауіпсіздік ережелері, жұмыс орнының тазалығы және құралдарды дұрыс қолдану міндетті түрде сақталады.
Тері илеу
Малма — іркіттен ашыған айраннан немесе құрттың сарысуынан жасалатын, кейде оған кебек не ұн қосып ашытылатын сұйық қоспа.
-
Негізгі тәсілдер
- Теріні толықтай малмаға батырып салу.
- Иді терінің шел жағынан бетіне бірнеше рет жағып, илеу.
Илеу технологиясы (мал түріне қарай)
Түйе терісі
15–17 күн- 1 Сойылған теріні жылы жерде 1 тәулік ұстаймыз.
- 2 Келесі күні жүнін жұлып, малмаға саламыз.
- 3 Малмада 15–17 күн ұстаймыз.
- 4 Алып тазартып, 1 күн кептіреміз.
- 5 Ылғалдау күйінде талқыға салып, жұмсартамыз.
Жылқы терісі
14–15 күн- 1 Сойылып алынған теріні жылы жерде шамамен 2 күн ұстаймыз.
- 2 Жүнінен тазартып, малмаға саламыз.
- 3 Малмада 14–15 күн ұстаймыз.
- 4 Малмадан алып тазартып, 1 күн кептіреміз.
- 5 Талқыға салып, жұмсартамыз.
Илеу процесінде теріні уақытында тазалау, дұрыс кептіру және талқылау — материалдың беріктігі мен жұмсақтығына тікелей әсер етеді.