Туған жердің табиғатына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Табиғат – біздің анамыз
Бұл ашық оқу іс-әрекеті балалардың табиғатқа қамқорлық жасау туралы түсінігін кеңейтуге, табиғатпен үндестікті сезіне білуіне және жағымды қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған. Негізгі мақсат — туған жер табиғатына сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Мақсаты
- Табиғатқа қамқорлық туралы түсінікті кеңейту.
- Үндестікті сезіну қабілеті мен жағымды қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
- Туған жер табиғатына сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері
- Көрсету, түсіндіру, әңгімелеу
- Қимылды ойын, сұрақ-жауап
- Сөздік жұмыс, қорытындылау
Сөздік жұмыс
Табиғат, құстар, балықтар.
Билингвальды компонент
- Табиғат
- природа
- Күз
- осень
Көрнекілігі
Суреттер, гүлдер, құстар, балықтар, табиғат көріністері.
Шаттық шеңбері және сәлемдесу
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, сәлемдесу рәсімін орындайды.
Күлімде, күн, күлімде!
Табиғат – біздің анамыз!
Күлсін барлық бала шат,
Табиғатқа барамыз.
Достығымыз жарасқан,
Біз әдепті баламыз!
Балалар бір-біріне жылы тілектерін арнап, жүрек жылуын жолдайды.
Әңгіме: Күз және табиғат құбылыстары
Сұрақ-жауап
Тәрбиеші
Қазір қай жыл мезгілі?
Балалар
Күз мезгілі.
Тәрбиеші
Күз мезгілінің қандай ерекшеліктері бар? Күн қандай болады?
Балалар
Күн салқындайды, жаңбыр жауады, жел соғады. Адамдар жылы киінеді.
Негізгі ой
Күзгі салқын, жаңбыр мен жел — табиғат құбылыстары. Табиғат — бізді қоршаған орта.
Табиғат туралы түсінік: Бізді не қоршап тұр?
Сурет бойынша әңгіме
Тәрбиеші балаларға сурет көрсетіп, онда не бейнеленгенін сұрайды.
- Аспан, жер, күн
- Ағаштар, өсімдіктер, гүлдер
- Құстар, жануарлар
- Су, көбелектер және т.б.
Қоршаған ортаның маңызы
Күн — жылу береді, тіршілікке қажет. Өсімдіктер күн сәулесімен өседі.
Су — біз ішеміз, ал балық үшін ол өмірдің негізі: балық сусыз тіршілік ете алмайды.
Жер — біздің тірегіміз; жерде ағаштар, өсімдіктер, гүлдер өседі.
Ауа — біз тыныс аламыз; құстар аспанда қалықтап ұшады.
Осының бәрі — қоршаған ортаның көркі.
Балалардың тақпақтары
Кәусар
Жауды жаңбыр, ән жаңбыр,
Шөлін басты орман, қыр.
Ал, балалар, өздерін,
Қолшатырмен қорғап жүр.
Дамир
Қайың, терек басынан,
Сарғыш тартып жапырақ,
Жерге түсіп шашылған,
Жел үрлесе қалтырап.
Айару
Шыр-шыр еткен торғайды,
Қорғамасақ болмайды.
Кіп-кішкентай торғайлар,
Ағаштарды қорғайды.
Тыйым сөздер: табиғатқа құрмет
-
Сұлу
Құстың ұясын бұзба.
-
Айнұр
Суды төкпе.
-
Ақнұр
Суға түкірме.
-
Нұрлы
Құсты таспен атпа.
Жұмбақтар
Жұрттың бәрі сүйеді, бірақ қарай алмайды.
Жауабы: Күн
Жылт-жылт еткен, жырадан өткен.
Жауабы: Су
Суда өседі, өнеді, сыртқа шықса өледі.
Жауабы: Балық
Сергіту сәті
Қимыл-қозғалыс арқылы сергіп аламыз:
Торғай, торғай, тоқылдақ,
Жерден тары шоқып ап.
Бөтекесі бұлтиып,
Шық-шыҡ деп отырмақ.
Көрініс: қарғамен кездесу
Есік қағылып, ішке қарға ұшып келеді. Балалармен амандасады: «Сәлеметсіздер ме?»
Тәрбиеші қарғадан қайдан ұшып келе жатқанын сұрайды. Қарға: балабақша маңында ұшып-қонып жүретінін, ағаштарға ұя салатынын, ал қыста осы жерде қыстап қалатынын айтады.
Қарға жолда жерден жылтыраған қорапша тауып алғанын айтып, балалармен бірге ашуды ұсынады.
Қорапшадағы тапсырма
Қорапшадан шыққан сурет — балық. Балалар «Балық қайда тіршілік етеді?» деген сұраққа жауап береді: суда.
Тәрбиеші балаларды бір-бірлеп шақырып, қорапшадан алған суреттің атын атап, қайда өмір сүретінін айтып, тақтадағы суретке жапсыруды ұсынады.
Қимылды ойын
«Мысық пен торғай» ойыны ойналады. Балалар қарғамен бірге белсенді қатысады.
Қарға балалардың зеректігін, алғырлығын, шапшаң қимылдайтынын атап өтіп, қоштасады.
Тренинг: тілек тілеу
Тілек тілеу арқылы балалар күннің шуағын орнына қойып, күн бейнесін құрастырады.
- Күн ашық болсын!
- Жер көгерсін!
- Табиғатымыз көркейе берсін!
- Ата-анамыз аман болсын!
- Балабақшамыз көркейе берсін!
- Еліміз тыныш болсын!
Сұрақ: табиғатты қалай қорғаймыз?
Тәрбиеші балалардан туған жердің табиғатын қорғау үшін не істеу керектігін сұрайды.
- Ағаштарды сындырмау.
- Өсіп тұрған гүлдерді жұлмау.
- Құстарды таспен атпау.
- Суды ластамау.
- Табиғатты қорғау.
Қорытынды
Бізді қоршап тұрғанның бәрі — керемет жаратылыс, яғни табиғат екеніне көз жеткіздік. Табиғаттың тіршілік иелеріне берері мол екенін түсіндік. Ең бастысы, табиғат — Ана: ол бізге күш-қуат пен денсаулық береді.
Табиғат бізді мейірімділікке, төзімділікке және үйлесімділікке тәрбиелейді. Табиғат байлығын бүлдірмей пайдалансақ, ол баршамызға жетеді.
Тас төбеден қара бұлтты төндірмей,
Жер ананың байлығы мол — тең бірдей.
Осы байлық баршамызға жетеді,
Табиғатты бүлдірмей пайдаланайық.
Ақпарат
- Қала
- Атырау
- Мекеме
- №25 «Еркемай» балабақшасы
- Автор
- Мажиева Динара Бауыржанқызы