Ілмек бізбен тоқылатын бұйымдарды ата

Сабақтың тақырыбы

Майлықты ілмекбізбен тоқу.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Майлықты ілмекбізбен тоқу әдісін үйрету.

Дамытушылық

Оқушылардың теориялық білімін сарамандық жұмыста қолдануын дамыту, ой-өрісін кеңейту, көркемдік талғамын арттыру және шығармашылық ойлауын жетілдіру.

Тәрбиелік

Өз бетінше жұмыс істеуге, ұқыптылыққа және іскерлікке тәрбиелеу.

Сабақтың сипаттамасы

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Сабақтың әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Түсіндіру
  • Өз бетінше сарамандық жұмыс

Көрнекіліктер

Дайын тоқылған бұйымдар, үлгілер.

Құрал-жабдықтар

Әртүрлі жіптер, ілмекбіз, қайшы.

Пәнаралық байланыс

Математика, тарих.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • Оқушыларды түгендеу.
  • Құрал-жабдықтарын тексеру.
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аударту.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тақырыпты қайталап, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қойылады:

  1. Ілмекбізбен тоқылатын бұйымдарды ата.
  2. Тоқу өнерінің қандай түрлері бар?
  3. Ілмекбізбен тоқу үшін нені білуіміз керек?
  4. Ілмекпен тоқудағы негізгі элементтерді ата.
  5. Қауіпсіздік ережелерін ата.

III. Жаңа сабақ

Бүгінгі сабақта жуан жіпті жуан ілмекбізбен, ал жіңішке жіпті жіңішке ілмекбізбен тоқу керектігін ескереміз.

Жіп таңдауы

Ілмекпен тоқуға кез келген жіп жарайды: жүн, мақта, жібек және басқа да түрлері. Әдетте үстіңгі киімдерді босаң иірілген жіппен, ал дастарқан, майлық, сөмке сияқты бұйымдарды ширақ иірілген жіппен тоқиды.

Майлықты шеңбер бойымен тоқу тәсілі

Майлықты айналдыра шеңбер жасап тоқимыз. Бұл тәсілде тоқу ортасынан басталып, бір бағытта жалғасады, сондықтан бұйымды айналдырудың қажеті жоқ.

  1. Бос шалулардан тізбек тоқу.
  2. Тізбектің бірінші бос шалуына ілмекбізді енгізіп, біріктіргіш бағаншамен сақина жасап тұйықтау.
  3. Сақинаға өрнек бойынша бағаншалар тоқу.
  4. Әр айналымды көтеретін бос шалудан бастап, соңын көтерме бос шалулармен және біріктіргіш бағаншамен аяқтау.
  5. Қатарлар бұралып кетпеуі үшін үстеме шалуларды қосып отыру.
  6. Жіпті жайманың теріс жағынан бекіту.

Қауіпсіздік ережелері

  • Қайшыны ашық қалдырма.
  • Қайшыны жолдасыңа үшкір жағымен берме.
  • Тоқым жіпті қолмен үзбе.
  • Ілмекбізбен жұмыс істегенде абай бол.
  • Жұмыс соңында орныңды жинап, тазалап кет.

IV. Сарамандық жұмыс

  1. Тізбек тоқу және өрнек жүргізу: 16 бос шалудан тізбек тоқып, 3 көтерме бос шалу алып, сұлба бойынша селдір өрнек тоқу.
  2. Майлықты крахмалдау: дайын бұйымды пішінін сақтайтындай етіп крахмалдау.

Шартты белгілер

  • - — бос ұяшық: 1 шалмалы бағанша, 2 бос шалу.
  • — толы ұяшық: 3 шалмалы бағанша.

Ескерту: Қатардың соңғы ұяшығын аяқтау үшін қосымша 1 шалмалы бағанша тоқыңыз.

V. Сабақты бекіту

Оқушылардың жұмыстарын тексеру, қорытындылау, бағалау.

VI. Үйге тапсырма

Сабақта басталған майлықты өрнек бойынша жалғастырып аяқтау және келесі сабаққа дайын күйінде алып келу.