Талап арыз қандай құжат

Сабақ тақырыбы

Еңбек қатынастарын құжаттау. Қазақ әдеби тілінің стильдері.

Қазақ тілі 11-сынып Ресми ісқағаздар стилі

Сабақ мақсаты

Білімділік

  • Оқушыларға ресми ісқағаздар стилі туралы, соның ішінде еңбек қатынастарына қатысты құжаттар жөнінде түсінік беру.
  • Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгерту.

Дамытушылық

  • Іскерлік дағдыларын қалыптастыру және ой-өрісін дамыту.
  • Жаңа сөздік қорды игерту, ізденімпаздыққа баулу.
  • Танымдық қабілеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік

  • Құжат үлгілерін толтыруда ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.
  • Сыйластыққа, бір-бірінің пікірін тыңдауға үйрету.

Сабақ ресурстары мен ұйымдастыру

Әдістер

Б. Блум жүйесі бойынша: түсіндіру, репродуктивтік тәсіл, ішінара іздену, проблемалық сұрақтарды шешу.

Көрнекілік және техникалық құралдар

  • Құжат үлгілері
  • Үлестірмелі қағаздар
  • Интерактивті тақта (слайдтар)

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі.

Сабақ барысы

  1. I. Ұйымдастыру кезеңі

    Сыныпты сабаққа дайындау

  2. II. Үй тапсырмасын сұрау

    Өмірбаян жазу, сын есім тақырыбы

    Сұрақ-жауап

    • 1. Кеңселік ісқағаздарының түрлерін атаңдар.
    • 2. Өмірбаян қандай құжат?
    • 3. Ол қандай жағдайда және қай жақта жазылады?
    • 4. Өмірбаянда қандай мәліметтер беріледі?
    • 5. Өтініш кімнің атынан жазылады?
    • 6. Өтініш қандай жағдайларда жазылады?
    • 7. Өтініштің құрылымы қандай?
    • 8. Өтініш бойынша қандай құжат шығарылады?
    • 9. Арыз қандай жағдайларда жазылады?
    • 10. Арызда қандай мәліметтер көрсетілуі керек?
    • 11. Арыз бойынша қандай іс-әрекет жүзеге асырылады?
    • 12. Талап арыз қандай құжат?
    • 13. Оның қандай құрылымдық бөліктері бар?
  3. IV. Жаңа сабақты түсіндіру

    Еңбек қатынастары жөніндегі құжаттар

  4. V. Жаңа сабақты бекіту

    Тапсырмалар, талдау

  5. VI. Жаңа сабақты қорытындылау

    Негізгі ойларды жинақтау

  6. VII. Үйге тапсырма беру

    Практикалық жұмыс

  7. VIII. Оқушылардың білімін бағалау

    Қорытынды бағалау

Жаңа тақырып: еңбек қатынастары жөніндегі құжаттар

1) Білу Материалдық жауапкершілік туралы шарт

Толық материалдық жауапкершілік туралы шарт

Толық материалдық жауапкершілік туралы жазбаша шарттар кәсіпорындармен, мекемелермен және ұйымдармен сақтауға, өңдеуге, сатуға (жіберуге), тасымалдауға тікелей байланысты жұмыстарды орындайтын немесе өздеріне берілген құндылықтарды өндіріс үдерісінде пайдаланатын (18 жасқа толған) қызметкерлер арасында жасалуы мүмкін.

Мұндай лауазымдар мен жұмыстардың тізбесі, сондай-ақ толық материалдық жауапкершілік туралы шарттардың үлгілері заңмен немесе жұмыс берушінің нормативтік актілерімен белгіленген тәртіпте бекітіледі.

Назар аударыңыз

Егер әрбір қызметкерге материалдық жауапкершілікті жеке бөліп беру немесе әрқайсысымен жеке шарт жасау мүмкін болмаса, әрі жұмыстарды қызметкерлер бірлесіп орындайтын болса, ұжымдық-материалдық (бригада) жауапкершілік енгізіледі.

Ұжымдық материалдық жауапкершілікті кәсіпорын әкімшілігі кәсіпорын ұжымының тиісті сайлау органымен келісім бойынша белгілейді. Ұжымдық материалдық жауапкершілік туралы шарт кәсіпорын мен сеніп тапсырылған құндылықтарға тікелей қатысы бар ұжым мүшелерінің барлығы арасында жасалады, бұл ортақ жауапкершілік қағидатына негізделеді.

Мәтінге арналған сөздік

материалдық жауапкершілік туралы шарт
договор о материальной ответственности
жазбаша шарттар
письменные договоры
сақтау
хранение
өңдеу
обработка
сату
продажа
жіберу
отпуск
тасымалдау
перевозка
тікелей байланысты
непосредственно связанный
құндылықтар
ценности
өндіріс үдерісінде
в процессе производства
пайдалану
применение
18 жасқа толған
достигшими 18-летнего возраста
арасында
между

Автор туралы мәлімет

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қайнар ауылы, №32 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі: Бейсенова Әлиша Асылбекқызы.