Қай тай лақтай, Қай лақ бармақтай

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Ортаңғы «Қарлығаш» тобы

Білім беру саласы

Коммуникация

Бөлімі

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы

Үй жануарлары

Мақсаты

Білімділік

Балалардың үй жануарлары мен олардың төлдерін білдіретін сөздерді қолдана отырып, жануарлар туралы әңгімелеу білігін бекіту.

Дамытушылық

Сөйлеу барысында жануарлар мен олардың төлдерінің атауын білдіретін зат есімдердің жекеше және көпше түрлерін дұрыс қолдану дағдысын дамыту (мысалы: үйрек — үйректер — үйректің балапаны, түйе — түйелер — бота — боталар) және оларды топтарға қарай жіктеуді ұғындыруды жалғастыру.

Тәрбиелік

Жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс

Үй жануарлары

Қостілділік компонент

Үй жануарларыдомашние животные

Көрнекі құралдар

  • Сөйлеуді дамыту дәптері
  • Ойынға арналған көз байлайтын орамал
  • Үй жануарларының суреттері

Сабақ барысы

Төменде ұйымдастырылған оқу қызметінің кезеңдері мен тапсырмалары берілген. Әр бөлім балалардың сөйлеуін дамытуға, сөздік қорын байытуға және жануарларға жанашырлық сезімін қалыптастыруға бағытталған.

Мотивациялық-қозғаушылық кезең

Шаттық шеңбері

Тақырыбы: «Жылы сөздер»

Шарты

Балалар шеңбер бойымен тұрып, аналары өздерін еркелеткенде айтатын жылы сөздерді кезекпен айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік кезең

Мақал-мәтел

Қарға баласын аппағым дейді,
Кірпі баласын жұмсағым дейді.

Түсіндіру: Жануар да баласын жақсы көреді, еміренеді. Адамдар да балаларын «күнім», «алтыным» сияқты еркелететін сөздермен атап, мейірімін білдіреді.

Үй жануарлары туралы түсіндіру

Үй жануарлары — қолға үйретілген жануарлар. Сондықтан оларды кейде қолға үйретілген жануарлар деп те атайды. Үй жануарларына: сиыр, түйе, қой, ешкі, жылқы, есек, үй қояны жатады. Құстардан: тауық, үйрек, қаз, күркетауық.

Дидактикалық ойын: «Үй жануарларының төлдерін тап!»

Дәптермен жұмыс

Ойын шарты

Балалар жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды: үй жануары мен оның төлін сәйкестендіреді.

Жекеше және көпше түрде айтуға үйрету

Тақтаға 1 түйе, 1 сиыр, 1 қой, 1 жылқы суреттері ілінеді. Олардың жанына әрқайсысының 2–3 данадан көпше түрдегі суреттері (түйелер, сиырлар, қойлар, жылқылар) орналастырылады. Балалар атауларды жекеше және көпше түрде айтып үйренеді.

Жекеше

түйе, сиыр, қой, жылқы

Көпше

түйелер, сиырлар, қойлар, жылқылар

Сергіту сәті

Ал, балалар, келіңдер, Бой жазайық бәріміз – Мойнымызды бұрамыз, Қолымызды созамыз, Аяқтармен топ-топ басып, Орнымызға барамыз.

Қостілділік компонент

Үй жануарларыдомашние животные

Жаңылтпашты жаңылмай айтайық

  1. Ақ тай ақ па? Қара тай ақ па?
  2. Қай тай лақтай, қай лақ бармақтай.

Ойын: «Дауысынан таны»

Тыңдалым

Ойын шарты

Балалар шеңбер бойымен тұрады. Бір баланың көзі орамалмен байланады. Көзі байланған баланың қасына басқа бір бала келіп, жануардың дауысын салады. Көзі байланған бала қай жануардың дауысы екенін және дыбысты салған кім екенін табады.

Қорытынды

Балалар үй жануарларын және олардың төлдерін атай алады, жекеше-көпше түрлерін дұрыс қолдануға жаттығады, сондай-ақ жануарларға қамқор болудың маңызын түсінеді.