Қышқылдардың жіктелуіне тоқталу

Сабақ тақырыбы мен идеясы

Бұл сабақ қышқылдардың құрамы, номенклатурасы, жіктелуі, қасиеттері және алынуы тақырыптарына арналған. Сабақта демонстрациялық көрсетілім (№6 (6.4)) және зертханалық тәжірибе (№7 (7.1)) жүргізіледі.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Қышқылдардың құрамы, алынуы және жіктелуін түсіндіру. Химиялық және биологиялық тұрғыдан тірі табиғаттағы қышқылдардың маңызы, емдік қасиеті және тұрмыста қолданылуы туралы түсінікті кеңейту.

Дамытушылық

Қызығушылықты, ынта мен қиялды, қабылдауды дамыту арқылы құбылыстарды байқауға, салыстыруға және талдауға үйрету.

Тәрбиелік

Топтық жұмыс арқылы ұйымшылдыққа, бірлесіп әрекет етуге, өзара тыңдауға, құрметтеуге және бағалай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер және сабақ түрі

Өтілу әдістері

  • СТО (сын тұрғысынан ойлау)
  • «Өрмекші торы»
  • «Таныстыру станциясы»
  • «Тәжірибе ауылы»
  • «Формулалар ауылы»
  • Диалогтік оқыту

Сабақтың түрі

Аралас, демонстрациялық сабақ.

Негізгі ресурстар

  • Интербелсенді тақта, слайдтар
  • «Химия әлеміне саяхат» материалдары, суреттер
  • Электронды оқулық
  • Бейорганикалық қышқыл үлгілері
  • Плакат, маркер, стикерлер

Күтілетін оқу нәтижелері

  • Қышқылдардың химиялық формуласын біледі.
  • Қышқылдардың жіктелуін ажырата алады.
  • Қышқылдардың физикалық және химиялық қасиеттерін сипаттайды.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындау. Зейінді сабаққа аударып, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Үй тапсырмасы: «Шаттық шеңбері» және «Өрмекші торы» әдісі арқылы сұрақ-жауап.

Қайталау сұрақтары (оксидтер):

  1. Оксидтер дегеніміз не?
  2. Оксидтер нешеге жіктеледі?
  3. Оларды ата.
  4. Негіздік оксидтерге мысал келтір.
  5. Қышқылдық оксидтерге мысал келтір.
  6. Екідайлы оксидтерге мысал келтір.

Интербелсенді тақтамен жұмыс

  • Кестеден оксид формулаларын табу және екі түрде оқу (мысалы: «диалюминий триоксиді» / «алюминий оксиді», екідайлы оксид).
  • Берілген элементтерден оксидтердің формулаларын құрастыру (жұптық/сыныптық жұмыс).

Топқа бөлу және жаңа тақырыпқа шығу

Оқушылар сурет қиындыларын таңдап алып, соған сәйкес топқа бөлінеді. Суреттегі атаулар арқылы жаңа тақырыптың ортақ өзегін табады: барлық атауда «қышқыл» сөзі кездеседі.

I топ

Аскорбин қышқылы

II топ

Ацетилсалицил қышқылы

III топ

Сірке қышқылы

Проблемалық сұрақ: тақтадағы суреттердің жаңа тақырыпқа қатысын анықтау. Оқушылар суреттерде құрамында қышқылы бар заттар бейнеленгенін айтып, бүгінгі сабақтың қышқылдар туралы екенін дәлелдейді.

II. Жаңа сабақ (мағынаны тану)

Қышқылдар туралы ақпарат өмірмен байланыстырыла отырып беріледі. Негізгі тірек сұрақтар: қышқыл дегеніміз не және қышқылдар қалай жіктеледі.

1-бөлім: «Таныстыру станциясы»

ЖИГСО әдісі арқылы оқушылар өз бетімен білім алады, электронды оқулық материалын тыңдап, дәптерге қысқаша конспект жазады және бір-біріне түсіндіреді.

I топ

Қышқылдардың алынуы

II топ

Қышқылдардың қасиеттері

III топ

Маңызы және қолданылуы

III. «Тәжірибе ауылы»: зертханалық жұмыс

Қауіпсіздік

Тәжірибе басталар алдында техникалық қауіпсіздік ережелері еске түсіріледі. Сонымен бірге Бекетовтің металдардың кернеу қатарындағы сутекті ығыстыратын металдар қайталанады.

1-тәжірибе

Белсенді металл + қышқыл → тұз + сутек

Zn + 2HCl → ZnCl₂ + H₂

2-тәжірибе

Белсенді металл оксиді + қышқыл → тұз + су

Әр топ өз тәжірибесіне сәйкес реакция теңдеуін құрып, түсіндіреді.

3-тәжірибе: индикаторлар арқылы қышқылды анықтау

Метилоранж

Қызарады

Фенолфталеин

Түссіз болады

Лакмус

Қызғылттанады

Сергіту сәті

Интербелсенді тақтада берілген қышқыл формулалары мен атауларын «баспен», «көзбен», «бір қолмен», «екі қолмен», «аяқпен» кезек жазу арқылы қысқа белсенділік ұйымдастырылады.

Бекіту тапсырмалары

1-тапсырма

Семантикалық картамен жұмыс (топтық).

2-тапсырма: қышқылдардың формулаларын іріктеп жаз

Тізімнен қышқылдарға сәйкес келетін формулаларды теріп жаз:

H₂O, SO₂, HBr, Na₂CO₃, MgBa, H₂CO₃, SO₄, KOH, H₃PO₄, P₂O₅, Ca, H₂S, HNO₃, NH₃, HCl, BaS, Na₂O, H₂SiO₃, NaCl, H₂SO₄

3-тапсырма: «Кім зерек?» есептер

  1. Күкірт қышқылының молекулалық массасын есепте: H₂SO₄.
  2. Реакция теңдеулерін аяқтап, реакция типін анықта:
    Mg + Br₂ → …
    Al₂O₃ + HCl → …
    Cu + H₂SO₄ → …
    BaCl₂ + H₂SO₄ → …

Қорытынды және рефлексия

1-тапсырма: проблемалық жағдай — «Үшінші артықты тап»

HCl, HCl, H₂SO₃
H₂SO₄, H₂SO₃, H₂SO₃
HN₃, H₂S, H₃SO₄

Оқушылар таңдауын дәлелдеп, формулалардың айырмашылығын (құрамы, негіздік қалдық, элементтер саны) арқылы түсіндіреді.

2-тапсырма: атауы бойынша химиялық формулаларын жаз

  • Азот қышқылы
  • Күкірт қышқылы
  • Күкіртсутек қышқылы
  • Тұз қышқылы
  • Ортофосфор қышқылы
  • Көмір қышқылы

Алматы облысы, Көксу ауданы, Жапсарбаев атындағы орта мектеп. Химия пәнінің мұғалімі: Наурызбаева Гульназ Чапетовна.