Өлеңнің маңызын айқындау

Әдебиет · 6-сынып

Сабақ тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров — «Шығамын тірі болсам, адам болып», «Мен – қазақ»

Мақсаты

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың әдебиеттегі орнын айқындау, «Шығамын тірі болсам, адам болып» және «Мен – қазақ» өлеңдерін оқыту және мазмұнын терең түсіндіру.

Міндеттері

  1. Ақын шығармашылығы туралы жалпы мәлімет бере отырып, екі өлеңнің тақырыбы, идеясы мен маңызын ашу; ондағы оптимистік ойды аңғарту.
  2. Өлеңді көркемдік ерекшеліктеріне сай талдау дағдыларын дамыту, тақырып бойынша өз ойын ашық айтуға үйрету.
  3. Оқушыларды оқу-білімге құштарлыққа және ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі

Жаңа материалды оқып-үйрену сабағы.

Сабақ әдісі

  • Түсіндіру
  • Мәнерлеп оқу
  • Сұрақ-жауап
  • Талдау

Құрал-жабдықтар

Оқулық, қосымша материалдар.

Сабақ барысы

Сабақ құрылымы кезең-кезеңімен ұйымдастырылып, мәтінді түсіну, талдау және қорытынды жасау әрекеттерімен толықтырылады.

I. Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, жұмыс форматын нақтылау, топтарға бөліну.

II. Жаңа сабақ

1) Ой шақыру

  1. Сұлтанмахмұт Торайғыров кім?
  2. Қандай еңбектерін білесіңдер?
  3. Биыл ол қанша жасқа толар еді?

2) Топтастыру

«Шығамын тірі болсам, адам болып» өлеңі

Өлеңді мәнерлеп оқу

Оқушылар өлеңді дауыс ырғағын сақтай отырып, мазмұнды түсініп оқиды.

Сөздік жұмысы

Тірі болсам
Өлмесем.
Көрде
Молада.
Надандық
Білімсіздік.
Жарық күнде сәуле қуған
Білім іздеген.
Серт
Уәде, ант.
Адам боламын
Білімді, саналы адам боламын.

Топпен жұмыс

Оқушылар әр топта өздеріне берілген шумақты талдайды.

1-топ

Ақын нені жақсы, нені жаман деп көрсетеді?

2-топ

Ақынның жас кезіндегі арманы мен мақсатын, меңзеген жолын анықтаңдар. Өлеңді құрылысына қарай талдаңдар.

3-топ

Өлеңнің негізгі идеясы қандай? Неліктен өлең «Шығамын тірі болсам, адам болып» деп аталған?

«Мен – қазақ» өлеңі

  • Өлеңді мәнерлеп оқыту.
  • Өлеңнің тақырыбы мен идеясын айқындау.
  • Өлеңнің маңызын анықтау.

III. Бекіту

Ақындық тұлға немесе лирикалық қаһарман ұғымын талдау: С. Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам, адам болып» және «Мен – қазақ» өлеңдеріндегі лирикалық қаһарман — ақынның өзі, яғни оның ақындық тұлғасы. Лирикалық шығармаларда ақын тұлғасы өлең кейіпкерімен тұтасып, кірігіп кетеді. Ақын өз атынан сөйлей отырып, сол дәуір ұрпағының мақсат-мұратын, сезім күйін жырға қосады. Әр оқырманның жүрегіне жол тауып, дәл өзімен сырласатындай әсер қалдыратын өлең кейіпкерін лирикалық қаһарман дейміз.

IV. Үйге тапсырма

  1. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет (мәнжазба).
  2. «Шығамын тірі болсам, адам болып» және «Мен – қазақ» өлеңдерін жаттау.

V. Бағалау

Сабақ барысында белсенділігі, мәнерлеп оқуы, талдауы және топтық жұмысқа қатысуы ескеріле отырып бағаланады.

Ескерту

Материал: Сұлтанмахмұт Торайғыров — «Шығамын тірі болсам, адам болып», «Мен – қазақ».