Шағын өлең
Сабақ тақырыбы
Абайдың қара сөздері (Ана тілі, 4-сынып)
Білімділік мақсаты
- Қара сөздерді мәнерлеп оқу.
- Қара сөздер мен нақыл сөздерді тану.
- Нақыл сөздің мәнін бүгінгі өмірмен байланыстыру.
Дамытушылық мақсаты
- Қара сөздерді жатқа айту арқылы сөздік қорын молайту.
- Дүниетанымды кеңейту.
- Нақыл сөз, өлең құрастыру арқылы шығармашылық қабілетті арттыру.
Тәрбиелік мақсаты
- Қара сөздердегі өнегелі ойларды түсіндіру.
- Жақсы мен жаман қылықтарды ажырата білуге тәрбиелеу.
Сабақ сипаттамасы
- Сабақ түрі
- Аралас сабақ
- Сабақ типі
- Жаңа білімді игеру
- Технология
- СТО (сын тұрғысынан ойлау)
Әдіс-тәсілдер мен құралдар
Әдіс-тәсілдер
- Талдау–жинақтау, баяндау
- Сұрақ-жауап, ой қозғау
- Кластер, ассоциация, болжау
- «Аквариум», INSERT кестесі
Көрнекіліктер мен техника
- Үнтаспа, интерактивті тақта
- Нақыл сөздер жинағы
- Абай Құнанбаевтың портреті
- Шағын кітап көрмесі
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Психологиялық кідіріс: «Біз ұйымшыл топпыз».
- Әр топтың спикерін тағайындау.
- Топтардың сабаққа дайындығын тексеру.
2) Қызығушылықты ояту
Ойын
«Аққала» ойыны: оқушылар музыка ырғағымен қозғалып жүріп, аққала бейнесін құрауға қажетті суреттерді сәйкестендіреді. Музыка тоқтаған сәтте қатып тұрады. Аққала құрастырған оқушылар өз орындарына топ болып отырады.
INSERT кестесі
Оқушыларға INSERT кестесі таратылады.
Мәнерлеп оқу
Абайдың «Қыс» өлеңі мәнерлеп оқылады. Сұрақ: «Авторы кім?» Оқушылар: Абай Құнанбаев.
3) Үнтаспа арқылы тыңдау
Тақырыптық ой
«Әдептілік, ар-ұят — адамдықтың белгісі.»
Талапбек
«Ассалаумағалейкум, ата!»
Зерделі
«Сәлеметсіз бе, ата!»
Атасы
«Армысыңдар, балалар! Өркендерің өссін. “Адамдықтың белгісі — иіліп сәлем бергені” дегендей, сәлемдесуді ұмытпағандарың мені қуантады. Бүгінгі әңгімем адамдық, имандылық, ізеттілік, білімділік жайында. Құлақ салыңдар, қарақаттарым!»
4) Мағынаны ажырату
Негізгі ойды бекіту үшін төмендегі жолдар талқыланады:
«Әдептілік, ар-ұят — адамдықтың белгісі,
Тұрпай мінез — тағы жат надандықтың белгісі.»
Абайдың 38-қара сөзі
«Қара сөзде адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: біріншісі — надандық, екіншісі — еріншектік, үшіншісі — залымдық.»
- Қара сөзді үнтаспадан тыңдау.
- Үш топтан үш оқушының мәнерлеп оқуы.
- Нақыл сөздерді көшіріп жазу және жаттау.
«Жақсыдан үйрен» тапсырмасы
Жақсы қасиеттер
- қайырымды
- парасатты
- терең ойлы
- еңбекқор
- адал
- білімді, ізденгіш
- инабатты, талапты
Жағымсыз қасиеттер
- мақтаншақ
- ұятсыз
- қанағатсыз
- білімсіз
- рақымсыз
- күншіл
- надан, залым
Тапсырма интерактивті тақта арқылы орындалады: қасиеттерді салыстыру, дәлел келтіру, өмірмен байланыстыру.
5) Ой толғау
Талдау жұмысы
Абайдың 17-қара сөзі бойынша талдау жүргізіледі. Үш топқа мәтін бөліктері беріліп, «аялдамамен оқу» әдісі арқылы талқыланады.
1-топ
Ақыл
2-топ
Қайрат
3-топ
Жүрек
- 1Мәтіннің бірінші бөлігі таратылады.
- 2Оқушылардың ойы тыңдалып, болжам жасауына назар аударылады.
- 3Мәтіннің екінші бөлігі таратылады.
- 4Болжамдар салыстырылады.
- 5Қорытынды пікірлер тыңдалады.
Шығармашылық тапсырма
Оқушылар адам бойындағы жақсы және жаман қасиеттерді салыстыра отырып, өз ойынан жұмыс құрастырады.
1-топ
Нақыл сөз немесе мақал-мәтел құрастыру
3-топ
Шағын өлең құрастыру
4-топ
Эссе жазу
Нәтиже
- Ойды дәлелдеп айту, пікір алмасу мәдениетін қалыптастыру.
- Тұлғалық қасиеттерді өмірлік мысалмен байланыстыру.
6) Қорытындылау, бағалау, үй тапсырмасы
Қорытындылау
Қара сөздердегі негізгі идеялар сараланып, бүгінгі өмірмен байланысы талқыланады.
Бағалау
Топтық жұмыс, мәнерлеп оқу, талдау және шығармашылық тапсырмалар нәтижесі бойынша бағаланады.
Үй тапсырмасы
Қара сөзден таңдаулы нақыл сөздерді жаттап келу және олардың мағынасын қысқаша түсіндіріп жазу.