Тақтадағы сурет кім

Сабақтың тақырыбы

Ы. Алтынсарин — балалар әдебиетінің атасы

Сабақтың мақсаты

Ы. Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық қызметін таныту, Ыбырай туралы ой-пікірлер мен зерттеулерді талдай отырып, тәлім-тәрбиенің мәнін ашу.

Оқушыларды өзіндік пікір қалыптастыруға, түйінді ойды анық әрі дәл жеткізе білуге жетелеу, шығармашылық ізденісін арттыру.

Адамгершілікке, оқу-білімге ұмтылуға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу.
  • Жоқ оқушыларды белгілеу.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген тапсырма жетекші сұрақтар арқылы тексеріледі:

  1. 1 Ш. Уәлиханов қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
  2. 2 Ш. Уәлиханов қай жерлерге саяхат жасаған?
  3. 3 Ш. Уәлиханов жасаған саяхаттары туралы жазған еңбектерін ата.

3) Өткен сабақты қорыту және жаңа тақырыпқа кіріспе

Өткен сабақты қорыта отырып, оқушылардың назарын тақтаға аударамын. Тақтадан Ы. Алтынсариннің суреті мен бүгінгі сабақтың тақырыбы көрсетіледі.

Сұрақ

Тақтадағы суретте кім бейнеленген?

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Ы. Алтынсарин — балалар әдебиетінің атасы». Алдыңғы сабақтарда сіздерге Ы. Алтынсарин туралы мәліметтер мен зерттеулерді жинап, оқып танысу тапсырылған болатын.

4) Ой шақыру

Енді тақтадағы мәтінді іштей оқып, Ыбырай атамыздың рухани әлеміне көз жүгіртейік, ойымызды әрі қарай жалғайық.

Адамзат баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, ата-ананың аялы алақаны мен ыстық ықыласына бөленіп өседі. Ананың мейіріміне қанып, әкенің өсиетін тыңдап өскен бала талаптанып оқуға, еңбекке араласуға ұмтылады.

Музыка әуенімен

Тапсырма

Енді Ы. Алтынсариннің кім екенін толықтырып, ойларды топтастырайық.