Сұраншы - тарихта болған адам, Жетісу халқының мүддесін қорғаған нағыз батыр

СТО Миға шабуыл Венн диаграммасы Бес жолды өлең Топтық талқылау

Жалпы мақсат

Ж. Жабаевтың шығармашылығы бойынша алған білімді жинақтау; «Өтеген батыр» мен «Сұраншы батыр» дастандарындағы Өтеген мен Сұраншы бейнесін талдау; шығармалардың тәрбиелік мәнін ашу.

Оқыту нәтижесі

  • Сыни тұрғыдан ойлау (СТО) арқылы мәтінді мәнерлеп оқуға және талқылауға дағдыланады.
  • Топпен бірлесе жұмыс істейді: тақырыпты ашады, ережені сақтайды, бір-бірін тыңдайды.

Қолданылатын модульдер мен әдіс-тәсілдер

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Топтық өзара әрекет, диалог арқылы түсіну.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Салыстыру, дәлелдеу, қорытынды жасау.

Бағалау

Оқыту үшін және оқуды бағалау элементтері.

Құралдар

Тақта, кеспе қағаздар, ұйымдастырылған тапсырмалар.

Сабақтың кезеңдері

1-кезең: Ұйымдастыру және үй тапсырмасын тексеру

Оқушылармен амандасып, түгендеу жүргізіледі. Ж. Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы, өлеңдерінің мазмұны бойынша сұрақтар қойылады. «Миға шабуыл» әдісі арқылы қосымша сұрақтар беріліп, оқушылар үй тапсырмасын айтады.

Дайындық

2-кезең: Жаңа сабақ — мағынаны тану

Жамбылдың отаншыл жырларының ішінде дастандары ерекше орын алады. «Өтеген батыр» мен «Сұраншы батыр» — сюжеттік желісі күрделі, тарихи мазмұны терең дастандар. Ақын бұл екі шығарманы бір кезеңде қатар жырлағаны айтылады.

Негізгі дерек

Жамбыл «Сұраншы батыр» дастанын алғаш рет Садырмек есімді беделді кісінің асы кезінде толғаған. Жиын Жиренайғыр өзенінің бойында өтеді. Ертеде Сұраншы батыр қоқандықтармен дәл осы өңірде соғысып, жеңіске жеткені айтылады.

Сол өзен бойын жайлаған Шапырашты, Дулат, Ысты, Жаныс елінің ақындары Жамбылдан «Сұраншы батырды» жырлауды өтінеді. Халық талабымен ақын дастанды таң атқанша тоқтамай айтқан деседі.

Сұраншы бейнесі

Сұраншы — тарихта болған тұлға, Жетісу халқының мүддесін қорғаған нағыз батыр ретінде сипатталады.

Тарихи жағдай

Жер жәннаты Жетісуды бір жағынан патша үкіметі, екінші жағынан қоқандықтар иеленуге ұмтылғаны тарихтан белгілі.

Қоқандықтардың озбырлығынан зәбір көріп, басына қаралы күн туған халық үмітті Сұраншы батырдан күтеді. Сөйтіп, хабаршы жіберіп, Сұраншыны алдыртады.

Жаңа білім