Бірмүшелерге амалдар қолдану
Сабақ тақырыбы
Бірмүшелерге амалдар қолдану. Бірмүшені көбейту және дәрежеге шығару (Алгебра, 7-сынып).
Сілтеме
Күнтізбелік жоспар, орта мерзімді жоспар.
Ресурстар
- Оқулық
- Интерактивті тақта
- Сабаққа қажетті қосымша материалдар
Жалпы мақсаттар
Негізгі бағыт
- Бірмүше ұғымын қалыптастыру.
- Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту.
- Көбейту мен бөлудің негізгі қасиеттерін өмірлік жағдаяттарда қолдануға дағдыландыру.
Түйінді идея
Бірмүшелерге амалдар қолдану: көбейту және дәрежеге шығару ережелерін түсіну, стандарт түрге келтіру және коэффициентті анықтау.
Дерек көздер: оқулықпен жұмыс және қосымша мәліметтер.
Әдіс-тәсілдер
Жұмыс түрлері
- Жеке жұмыс
- Жұппен жұмыс
- Топпен жұмыс
Оқыту әдістері
- АКТ (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар)
- СТО (сыни тұрғыдан ойлау)
- Диалог және сұрақ-жауап
Оқыту нәтижелері
Психологиялық ахуал
Топқа бөлу кезеңінде жағымды психологиялық орта қалыптастыру.
Теория және талдау
Тақырып бойынша теориялық талдау жасап, анықтамалар мен ережелерді жүйелеу.
Бірлескен жұмыс
Оқушылар жеке, жұппен және топпен жұмыс істеп, идея бөліседі; өнім құрастырады; талдайды, жинақтайды, қорытынды жасайды және бағалайды.
Сабақтың барысы
Кіріспе (2 минут)
- Оқушылармен амандасу.
- Психологиялық дайындық.
- Арифметикалық 4 амал (қосу, азайту, көбейту, бөлу) бойынша топқа бөлу.
Тұсаукесер (1 минут)
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
- Сабақ барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер мен бағалау түрлерін түсіндіру.
Негізгі бөлім
Оқу әрекеттері: білу, түсіну, қолдану, талдау.
Жұптық жұмыс
Оқулық бойынша тапсырмаларды орындау.
Сұрақтар мен тапсырмалар
2) Ауызша сұрақ
2 ұпайБірмүше деп нені айтамыз? Мысал келтіріңдер.
3) Түсіндіру және жіктеу
2 ұпайБір ғана саннан тұратын өрнекті бірмүше деуге бола ма?
Бір ғана әріптен тұратын өрнекті бірмүше деуге бола ма?
Берілген өрнектердің ішінен бірмүшелерді ауызша атаңдар:
- а) 3; 4x²y
- б) x² + x
- в) −0,7xy²
- г) a − b
- д) −3mn³m²
- е) 2(x + y)²
- ж) 0,6
4) Негізгі ұғымдар
2 ұпайҚандай бірмүшені стандарт түрдегі бірмүше деп атайды?
Бірмүшенің коэффициенті деп нені атайды? Мысал келтіріңдер.
5) Практикалық тапсырма
12 ұпайБірмүшелерді стандарт түріне келтіріңдер және коэффициентін атаңдар: кез келген 6 есеп.
Тақырып: бірмүшелерге амалдар қолдану, бірмүшені көбейту және дәрежеге шығару.
Қорытынды
Сабақ соңында оқушылар бірмүше ұғымын нақтылап, бірмүшелерді стандарт түрге келтіруді, коэффициентті анықтауды және бірмүшелерге қолданылатын амалдарды (көбейту, дәрежелеу) есептер арқылы қолдануды бекітеді.