Тaқырыбы

Сабақ тақырыбы

Бос уақыт. Шахмат — 5-сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар.

Мұғалім

Мушатова Жанар Копжасаровна

Алдыңғы оқу

О6. Хобби

Оқу мақсаттары

5Т A2 — әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-мәдени тақырыптарға байланысты диалог пен монологтердегі (ән мәтіні, хабарлама, жарнама, хабарландыру) көтерілген мәселені түсіндіру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады

Тақырыпқа қатысты ойдың мазмұнын хабарлама және жарнама құрастыру арқылы түсінеді.

Бағалау критерийі

  • Тақырыпқа байланысты көтерілген мәселені ажыратады.

Сабақтың құрылымы

Психологиялық ахуал

Сыныпта жағымды орта қалыптастыру: «Ізгі тілек» әдісі.

Топқа бірігу

«Шахмат фигурасы» әдісі арқылы 4 топқа бөліну: Уәзір, Тура, Ат, Піл.

Қайталау және үй тапсырмасы

«Шахмат тақтасы» әдісі: қара шаршылардағы сұрақтарға жауап беріп, жауаптарды ақ шаршыларға іледі.

Тыңдалым алдындағы түрткі сұрақтар

  • Бос уақытты пайдалы өткізу дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Бос уақытыңызда қандай спорт түрлерімен айналысар едіңіздер?
  • Кім шахмат ойнағанды жақсы көреді?
  • Шахмат ойнауды білесіңдер ме?
  • Шахмат ойнаудың пайдасы бар деп ойлайсыздар ма?

Осы сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбы ашылып, оқу мақсаттары мен күтілетін нәтиже таныстырылады.

Тыңдалым барысындағы тапсырма

Оқушылар тыңдалым материалындағы негізгі ойды анықтап, көтерілген мәселені түсіндіреді.

Қорытынды

Бұл сабақ жоспары оқушылардың бос уақытты тиімді пайдалану туралы ой қорытуына, шахматқа қатысты негізгі ұғымдарды меңгеруіне және тыңдалым материалындағы мәселені анықтап, түсіндіруіне бағытталған.