Үйкеліс күші тобына
Сабақ туралы мәлімет
- Сынып
- 7
- Пән
- Физика және астрономия
- Тақырып
- §32. Үйкеліс күші
- Сабақтың типі
- Жаңа тақырыпты түсіндіру
- Сабақтың түрі
- Аралас
Әдіс-тәсілдер
- Ауызша баяндау
- Сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс
- Табиғаттану
- Техника
Көрнекіліктер
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға үйкеліс күшінің мәнін, түрлерін және табиғат заңдарындағы маңызын өмірмен байланыстыра отырып түсіндіру.
Дамытушылық
Мысалдар арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ғылыми қорытынды жасау дағдыларын жетілдіру және өз ойын нақты, жүйелі жеткізуге үйрету.
Тәрбиелілік
Оқушыларды оқу нәтижесіне сүйене отырып өзін-өзі бағалауға, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
- I Ұйымдастыру
- II Үй тапсырмасын сұрау
- III Жаңа сабақты түсіндіру
- IV Оқулықпен жұмыс
- V Жаңа сабақты бекіту
- VI Қорытындылау (бағалау)
- VII Үйге тапсырма
I. Ұйымдастыру
Сыныппен жұмыс
- Оқушылармен сәлемдесу
- Оқушыларды түгелдеу
- Зейінді сабаққа аудару
Топқа бөлу
Оқушылар 3 топқа бөлініп отырғызылады:
II. Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасы сұрақтары топтар бойынша беріледі. Әр сұрақ оқушылардың негізгі ұғымдарды бекітуіне және есеп шығару дағдысын тексеруге бағытталған.
«Ауырлық күші» тобы
- Дененің салмағы дегеніміз не?
- Дененің салмағы қандай шама?
- Дененің салмағы қандай әріппен белгіленеді және оның өлшем бірлігі қандай?
- Салмағы 500 Н бала салмағы 50 Н денені ұстап тұр. Ол тіректі (жерді) қандай күшпен қысады?
«Серпімділік күші» тобы
- Ауырлық күші дегеніміз не?
- Ауырлық күшінің белгіленуі және өлшем бірлігі қандай?
- Салмақсыздық күйіне мысалдар келтіріңіз.
- Массасы 1 кг денеге Айда 1,6 Н ауырлық күші әсер етеді. Массасы 50 кг адамның Ай бетіндегі салмағы қандай?
«Үйкеліс күші» тобы
- Тіректің реакция күші дегеніміз не?
- Тіректің реакция күшінің белгіленуі және өлшем бірлігі қандай?
- Дененің салмағы мен денеге әсер ететін ауырлық күшінің айырмашылығы неде?
- Массасы 40 кг баланың Айдағы салмағын анықтаңдар. Берілгені: gАй = 1,6 Н/кг.
III. Жаңа сабақты түсіндіру
Шананы қара жолмен сүйрегеннен гөрі, мұз бетімен немесе қар үстімен сүйреген әлдеқайда жеңіл. Сол сияқты, тетіктері майланбаған велосипедті тебу де, тұрмыстық жиһаздарды еден үстімен жылжыту да қиынға соғады.
Жол бойымен келе жатқан машинаның қозғалтқышын жүргізуші өшіргеннен кейін, көлік біртіндеп тоқтайды. Мұз айдынында коньки тепкен бала да, төбешіктен сырғанаған шана да, домалап келе жатқан доп та біраз уақыттан соң тоқтайды.
Негізгі қорытынды
Бұл тәжірибелер бір дене екінші дененің бетімен қозғалғанда, қозғалыс жылдамдығына қарама-қарсы бағытталған және қозғалысқа кедергі жасайтын күштің пайда болатынын көрсетеді.
Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталады.