Толағай әдеби ертегісінің мазмұны, идеясымен таныстыру
Сабақтың мақсаты
Білімділік
«Толағай» әдеби ертегісінің мазмұны мен идеясын таныту.
Дамытушылық
Әдеби ертегіні халық ертегісінен ажырата білуге үйрету; өзіндік ойды дәлелдеп, тұжырым жасауға жетелеу.
Тәрбиелік
Елге, Отанға деген патриоттық сезімді оятып, сүйіспеншілікті арттыру.
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілдер
Талдау, салыстыру, топтастыру.
Көрнекілік
Интерактивті тақта.
Алдыңғы білімді пысықтау
«Алла мейірімі» тақырыбындағы эссе жұмысы.
Сабақ барысы
-
I. Ұйымдастыру
БастауОқушылардың назарын сабаққа аудару, оқу мақсаттарын нақтылау.
-
II. Өткенді пысықтау
Қайталау«Алла мейірімі» эссесі бойынша ой бөлісу, негізгі түйіндерді жинақтау.
-
III. Жаңа материалды игеру
Негізгі бөлімТақырыптың өзегі: әдеби ертегі туралы түсінік; Әбділда Тәжібаевтың өмірі; «Толағай» ертегісінің мазмұны мен идеясы.
Эпиграф «Әбділда Тәжібаев – қазақ поэзиясына әсерлі, сапалы көркем бір ағым кіргізген ақын.»
— Мұхтар Әуезов
Ә. Тәжібаевтың өміріне шолу
- 1909 жылы 4 ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
- 1998 жылы 23 қыркүйекте 89 жасында өмірден өткен.
- Ақын, драматург, әдебиет зерттеуші.
- Қазақстанның халық жазушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор.
- «Жас Алаш», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде қызмет атқарған.
«Толағай» әдеби ертегісі
- Жазылған жылы: 1978.
- Тақырыбы: Толағайдың ерлігі.
- Идеясы: ерлік, ел үшін жанын пида ету.
Ой қозғау: Бүгінгі тәуелсіз елдің тұғыры биік. Отанын қорғайтын, қиындыққа төтеп беретін ұл-қыз — сендерсіңдер. Сендердің ойларыңша, бүгінгі күн азаматы қандай болуы керек?
Сюжеттік жоспар
- Дүниеге алып болар баланың келуі.
- Толағайдың ер жетуі.
- Алғашқы ерлік.
- Алыптың жан күйзелісі.
- Тау көтерген Толағай.
- Ер есімі ел есінде.
Кітаппен жұмыс
- Толағайдың мінезі мен дене бітімін сипаттайтын тұстарды тауып оқу (1, 3, 7 жасындағы бейнелеу).
- Ана мен баланың диалогін тауып оқу.
- Айсұлудың портретін тауып оқу.
Венн диаграммасы: Кендебай мен Толағай
Кендебай
- Ай сайын емес, күн сайын өсіп, 6 күнде күліп, 60 күнде 6 жастағы бала болады.
- Шыңыраудан атанды жалғыз өзі тартып шығарады; көкжалды өлтіреді; айдаһар мен арыстанды жеңеді.
- Таз, кедей балаға ата-анасын тауып әкеледі.
Ортақ қасиеттер
Батыр Ел қорғаны Жанашыр Мейірімді Қайырымды Алып балаЕкі кейіпкер де күш-қайратын жеке басының игілігіне емес, елдің амандығына арнайды.
Толағай
- Дене бітімі алып, он баланы көтерсе де қабырғасы қайыспайтын мықты.
- Жолбарысты мысықтай көріп, ұршықтай иіреді; тауды жалғыз өзі көтереді.
- Еліне жаңбыр алып келіп, халқын аман алып қалады.
-
IV. Үй тапсырмасы
Тапсырма- Әдеби ертегінің мазмұнын баяндау.
- Ұнаған жерін жаттау.
-
V. Бағалау
ҚорытындыОқушылардың талдауы, салыстыруы, мәтінмен жұмысы және пікірін дәлелдеуі негізінде бағалау жүргізіледі.
Қорытынды ой
Еліміздің үміт артып отырған бүгінгі Толағайлары — сендерсіңдер. Ендеше осы атқа лайық болып, білімді, батыл, мейірімді әрі елжанды азамат болып өсейік.