Киелі сан

Кіріспе

Бұл сайыс 5–7-сынып оқушыларына арналған. Ерекшелігі — жарыстың бірден басталуы: жылдам ойлау, нақты жауап, математикалық тілдің сауаттылығы және белсенділік жоғары бағаланады.

Бағалау қағидасы

Әр дұрыс жауапқа ұпай беріледі. Кей бөлімдерден кейін ұпайы ең аз 2 оқушы ойыннан шығарылады.

Шақыру сөзі

Математика — ермек емес балалық,
Математика — көрегендік, даналық.
Математика — құрметтеуге лайық,
Кел, балалар, мұны жақсы ұғайық!

Бүгін сендер математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. Бұл әлемнің қаншалықты қызықты әрі сан қырлы екеніне көз жеткізесіңдер.

Қатысушылар

5-сынып

  • Мұкашев Диас
  • Сардинешев Асқар

6-сынып

  • Иманғазы Алуа
  • Итыбаева Дана

7-сынып

  • Қайырден Құмар
  • Махамбет Дәния
  • Хайрудинова Замира
  • Қайкен Бибігүл

Әділқазылар

Кешті бастамас бұрын әр қатысушының білімін әділ бағалау үшін әділқазылар алқасы және ұпай санау комиссиясы белгіленеді.

I бөлім. Ой қозғау

Жылдам сұрақтар арқылы негізгі ұғымдарды еске түсіреміз. Әр сұраққа нақты әрі тез жауап беріледі.

Сұрақтар мен жауаптар

1) Координаталық сәуледегі сан
Координата
2) 1-ге көбейтілген сан
Сол санның өзі
3) Жаңа туған пілдің баласы 1 тоннаның 1/8 бөлігін тартады. Неше кг?
125 кг
4) Жарты түзу
Сәуле
5) Арақашықтықтың төрт өлшем бірлігі
км, м, дм, см
6) Ең кіші жай сан
2
7) Киелі сан
7
8) Тырна бір аяғымен тұрса 3 кг. Екі аяғымен тұрса салмағы қанша?
3 кг
9) Бүтін және бөлшек бөлігінен тұратын сан
Аралас сан
10) Бөлшек сызығының астындағы сан
Бөлімі
11) Кесіндіні өлшейтін құрал
Сызғыш
12) Алымы бөлімінен кіші бөлшек
Дұрыс бөлшек
13) 6 нөлі бар ондық сан
1 000 000
14) 100-дің 1/2 бөлігі
50
15) Нөлге көбейтілген сан
0
16) Квадрат ауданының формуласы
S = a²
17) 9 нөлі бар ондық сан
Миллиард
18) Ең кіші натурал сан
1
19) Алымы бөлімінен үлкен бөлшек
Бұрыс бөлшек
20) Киттің массасы 250 000 кг. Ол неше тонна?
250 т
21) «Алгебра» сөзі қай сөзден шыққан?
«Әл-Жәбр» (араб сөзі)
22) Бөлшек сызығының үстіндегі сан
Алымы
23) Екі бөлгіші бар сан
Жай сан
24) Жай да, құрама да сан емес
1
25) Түзудің екі нүктемен шектелген бөлігі
Кесінді
26) Массаның төрт өлшем бірлігі
кг, г, т, ц
27) Спутник Жер шарын 103 минутта айналды. Бұл неше сағат, неше минут?
1 сағ 43 мин
28) 300-дің 1/3 бөлігі
100
29) Барыс бір секіргенде 288 см. Бұл неше м, неше дм, неше см?
2 м 8 дм 8 см

II бөлім. Ғажайып үштік

Бұл кезеңде тапсырмалар үш бағытта беріледі: логикалық есептер, математикалық есептер және формулалар. Ұпайы ең аз 2 оқушы ойыннан шығарылады.

Ұпай деңгейлері

30 / 40 / 50

Логикалық есептер

30 ұпай
Ұлы, әкесі, атасы дойбы ойнады. Барлығы 3 партия ойналды. Әрқайсысы неше партиядан ойнады? Жауап: 2
40 ұпай
Ағасы 12 жасқа толғанда қарындасы неше жаста болады, егер ағасы қазір 8-де, ал қарындасы 3 жас кіші болса? Жауап: 9
50 ұпай
Анар өзінің моншағының оң жақ бөлігіне қандай төрт моншақ қосады? Жауап: 2

Математикалық есептер

30 ұпай
Теңдеуді шешіңдер: 64 + y = 12 · 8 Жауап: 32
40 ұпай
Есептеңдер: 81 · (2423 − 1879) : 36 Жауап: 1224
50 ұпай
Тік төртбұрыштың ұзындығы 8 м, ені одан 2 есе кем. Ауданын табыңдар. Жауап: 32

Формулалар

30 ұпай
P = 2(a + b) Жауап: тік төртбұрыштың периметрі
40 ұпай
V = a³ Жауап: тікбұрышты параллелепипедтің көлемі
50 ұпай
C = a · n Жауап: заттың құны

III бөлім. Сырлы сандар әлемі

Бір қарағанда мүмкін емес көрінетін теңдіктер арқылы амалдардың ретін және сандық өрнектердің құрылымын пысықтаймыз.

Теңдіктер

  • 11111 = 100

    Түсіндіру: (111 − 11) = 100

  • 5555555 = 100

    Түсіндіру: (555 : 5) − (55 : 5) = 100

  • 33333 = 100

    Түсіндіру: (33 · 3) − (33 : 3) = 100

  • 777777 = 100

    Түсіндіру: (777 : 77) : 7 = 100

IV бөлім. Ойымды жалғастыр

Мақал-мәтелдердің жалғасын табу арқылы ой ұшқырлығы мен тіл мәдениеті бағаланады.

Мақал-мәтелдер

  1. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
  2. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
  3. Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.
  4. Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына.
  5. Бір елі ауызға екі елі қақпақ.
  6. Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын.
  7. Отыз тістен шыққан сөз, отыз елге тарайды.
  8. Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.
  9. Бір кісі қазған құдықтан, мың кісі су ішеді.

Бұл кезеңнен кейін ұпайы ең аз 2 оқушы ойыннан шығарылады.

V бөлім. Қазақтың ұлы тұлғалары

Қазақ ғылымы мен білімінің дамуына үлес қосқан тұлғалар туралы сұрақтар арқылы тарихи-танымдық көкжиек кеңейеді.

Сұрақтар

1) «Есеп құралы» атты оқулықтың авторы кім?
Міржақып Дулатұлы
2) Қазақ тіліндегі тұңғыш алгебра оқулығының авторы, көрнекті геолог ғалым кім?
Қаныш Сәтпаев
3) «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт — оқуда... Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз — оқу» сөздерінің авторы кім?
Міржақып Дулатұлы
4) Қазақтан шыққан тұңғыш профессор-математик, академик кім?
Орынбек Жәутіков
5) «Математика — ой, ақыл шегін кеңейтеді» сөзінің авторы кім?
Орынбек Жәутіков

Бұл кезеңнен кейін ұпайы ең аз 2 оқушы ойыннан шығарылады.

VI бөлім. Криптограмма

Әріптер тізбегінен жасырылған математикалық ұғымдарды табу арқылы зейін мен талдау дағдысы тексеріледі.

Криптограмма

Н Ш Е Е Ң Д Ү К Ң Т Ө Е Р Т Б Е Р У А Е Ұ Ш Т Б Д И Р Ы М Е С У А Л О С А Н Т У Д А

Жауабы

Нүкте, шеңбер, радиус, төрт, тең, бұрыш, алу, алым, сан, теңдеу, бес.

Қорытынды

Жеңімпазды анықтау

Әділқазылар алқасы және ұпай санау комиссиясы нәтижені қорытындылап, жеңімпазды анықтайды. Жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталады.

Алғыс

Көңіл бөліп, сайысқа келгендеріңізге көп рақмет.
Шын қолдау білдірген көрерменге мың рақмет!

Автор туралы

Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Есілбай жалпы орта білім беру мектебінің математика пәні мұғалімі — Абылгазинова Айымгүл Сайлауқызы.