Бәйге сұрақтар
Сабақ тақырыбы
Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер.
Сабақ мақсаттары
- Білімділік: сан есім туралы түсінік беру; дара және күрделі сан есімдерді ажырата білуге, сондай-ақ басқа сөз таптарынан айырмашылығын тануға үйрету.
- Дамытушылық: ойлау қабілетін дамыту; сауатты жазуға дағдыландыру; танымдық қызығушылықты арттыру.
- Тәрбиелік: кішіпейілділікке, адамгершілікке тәрбиелеу; тіл тазалығын сақтауға баулу.
Ұйымдастыру және құралдар
- Көрнекілігі
- Интерактивті тақта.
- Сабақ типі
- Жаңа материалды меңгеру.
- Әдістері
- Түсіндіру, сын тұрғысынан ойлау, сұрақ-жауап.
Сабақтың құрылымы
- I Ұйымдастыру
- II Үй тапсырмасын пысықтау
- IV Жаңа сабақ: «Білім мен дәстүр»
І. Ұйымдастыру
Қане, балалар: мені көріп тұрғандарыңды 1 рет шапалақпен білдіріңдер; естіп тұрғандарыңды 2 рет шапалақпен білдіріңдер; сабаққа толық дайын оқушылар 3 рет шапалақтасын.
Шапалақ даусынан бүгінгі сабаққа дайын екендерің байқалады. Жақсы отырыңдар.
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау
«Бәйге сұрақтар» арқылы өткен тақырыптарды еске түсіреміз.
Сұрақтар
- Көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын зат есім қалай аталады? Деректі зат есім
- Біркелкі заттарды, құбылыстарды жаппай атайтын сөздер қалай аталады? Жалпы есім
- Зат есімнің сұрақтары қандай? Кім? Не?
- Сын есімнің мағыналық түрлері қандай? Сапалық, қатыстық
- Көзге көрінбегенмен, адамның ойлау нәтижесінде ғана танылатын құбылыс қалай аталады? Дерексіз зат есім
Жалғасы
- Арнайы берілген есімдер мен атаулар қалай аталады? Жалқы есім
- Сын есімнің сұрақтары қандай? Қандай? Қай?
- Сын есім құрамына қарай қалай бөлінеді? Дара, күрделі
- Сөз таптары нешеу? 9
- Осы 9 сөз табының бірі: сан есім
IV. Жаңа сабақ: «Білім мен дәстүр»
Халықтық ұғымдардағы сандардың мәніне назар аударайық. Бұл бөлім оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, сан есімнің өмірмен байланысын көрсетеді.
6 «Алты игілік»
- 1.Денсаулық
- 2.Қазына
- 3.Дос
- 4.Әйел
- 5.Білім
- 6.Бала
3 «Үш дана»
- 1.Абай
- 2.Ыбырай
- 3.Шоқан
3 «Үш тоқтам»
- 1.Ақыл — арқан
- 2.Ой — өріс
- 3.Адам — қазық