Ана тіліме мөлтек сыр
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Е. Ш. Орақбаев атындағы ЖББОМ
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі: Журалиева Шынаргүл Дәрібайқызы
Дәйексөз
“Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі.”
Кіріспе: Үштілділік туралы
Үштілділік — бүгінгі білім кеңістігінің маңызды бағыты. Ол оқушының тілдік құзыретін кеңейтіп қана қоймай, түрлі мәдениетпен байланыс орнатуға, ақпаратты еркін қабылдауға және қоғамда өз ойын дәл, сауатты жеткізуге мүмкіндік береді.
Қазақ тілі
Мемлекеттік тіл, ұлттық құндылықтың өзегі.
Орыс тілі
Ұлтаралық қатынас тілі, кең коммуникация құралы.
Ағылшын тілі
Жаһандық білім мен экономикаға кірігу тілі.
“Тілдердің үш тұғырлылығы” бағдарламасының мақсаты
Бағдарламаның негізгі мақсаты — оқушылардың үш тілде ойлау, сөйлеу, жазу және оқу дағдыларын жүйелі түрде дамыту. Бұл бағыт көптілді тұлғаны қалыптастырып, білім алушының академиялық және әлеуметтік мүмкіндігін арттырады.
Жоспар
- Кіріспе: үштілділік туралы
- “Тілдердің үш тұғырлылығы” бағдарламасының мақсаты
- “Үш тілді білу – елге үлгі болу” сабағының жоспары
- Қорытынды
Сабақ тақырыбы: “Үш тілді білу – елге үлгі болу”
Білімділік
Қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша тапсырмалар арқылы оқушылардың ойды үш тілде жеткізуін дамыту, сауатты жазу мен оқу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық
Өзіндік пікірді еркін айтуға ықпал ету, ойды жүйелі әрі қисынды жеткізуге баулу, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту.
Тәрбиелік
Ана тілінің қадір-қасиетін сезіндіру, туған тілге сүйіспеншілік пен өзге тілдерге құрмет қалыптастыру.
Сабақтың сипаты
- Түрі: жарыс сабақ
- Әдіс-тәсілдері: ой тастау, жүйелеу, шығармашылық-ізденіс тапсырмаларымен жұмыс
- Пәнаралық байланыс: орыс тілі, ағылшын тілі, әдебиет, бейнелеу өнері
- Жұмыс формалары: топтық, жекелей
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- “Тіл туралы заң”
- Тілге қатысты ой-толғаулар жинағы
- Түрлі түсті қағаздар мен қаламдар
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
- Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
- Сабақтың мақсаты мен кезеңдерімен таныстыру.
- Сыныпты екі топқа бөлу.
- Бағалауды жүргізетін топ басшыларын тағайындау.
II. Негізгі бөлім
1) “Таң қалдыра таныстыру” тренингі
Әр оқушы өз есімін айтып, таңданарлық іс-әрекетін немесе өнерін көрсетеді, не өзі туралы қызықты мәлімет ұсынады.
2) “Адасқан сөздерге жол сілте...”
Оқушылар реті ауысқан сөздердің қисынын тауып, ана тілі туралы ой құрап, дайын сөйлемді интерактивті тақтаға жазады.
Жауап үлгілері
- 1. Ана тілім — арман қанатым.
- 2. Өнер алды — қызыл тіл.
- 3. Тіл — өмірдің айнасы.
- 4. Тіл — қоғам үні.
3) “Сұрақ–жауап” кезеңі
Әр топқа 10 сұрақтан оқылады. Оқушылар “иә” немесе “жоқ” деп жауап береді. Әр дұрыс жауап — 10 ұпай.
I топтың сұрақтары
- Междометие является частью речи? (да)
- В предложении глагол бывает сказуемым? (да)
- Омонимы одинаково пишутся и одинаково звучат? (да)
- Англияның астанасы Гастинг қаласы ма? (жоқ)
- Ағылшын тілінде 44 дыбыс бар. (иә)
- Past Simple — дегеніміз осы шақ. (жоқ)
- Pen-friends сөзінің аудармасы “қаламдас достар”. (иә)
- Қазақ тілінде жалғаудың бес түрі бар. (жоқ)
- -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу — салыстырмалы шырай жұрнақтары ма? (иә)
- Шылау сөйлем мүшесі бола ма? (жоқ)
II топтың сұрақтары
- Фонетика изучает состав слова? (нет)
- К главным членам предложения относятся подлежащее и сказуемое? (да)
- Антонимы — слова противоположного значения? (да)
- Қазақ тілінде сегіз сөз табы бар ма? (жоқ)
- -ған, -ген, -қан, -кен — есімшенің жұрнақтары ма? (иә)
- Әлдекім, кейбіреу — белгісіздік есімдіктері ме? (иә)
- Англияның астанасы — Лондон. (иә)
- Ағылшын тілінде 30 әріп бар. (жоқ)
- Parents дегеніміз “достар”. (жоқ)
- Past Continuous — созылмалы осы шақ. (иә)
4) “Тапқыр болсаң, тауып көр” кезеңі
Әр топқа жұмбақтар жасырылған ұяшықтар беріледі. Оқушылар ұяшықты таңдап, жұмбақтың шешуін табады және оны орыс, ағылшын тілдеріне аударады. Толық әрі дұрыс жауап — 50 ұпай.
Жұмбақтар және жауаптар (3 тілде)
-
Ақ дуалдың ар жағында қызыл ат, байлауынан бір босамас қызыл ат.
Жауабы
Тіл — язык — language
-
Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама.
Жауабы
Кітап — книга — book
-
Жаза-жаза жалықпаған, жазу жазып арықтаған.
Жауабы
Бор — мел — chalk
-
Тілдерімен жүреді, уақыт біледі.
Жауабы
Сағат — часы — clock
-
Аппақ дала, қара дән. Сепкен дәнін түсінуге жараған.
Жауабы
Әріп — буква — letter
Жұмбақтар және жауаптар (жалғасы)
-
Бір үйге көзсіз боп кіресің, бұл үйден көреген боп шығасың.
Жауабы
Мектеп — школа — school
-
Жылт-жылт еткен, жылғадан өткен, базарды басқан, кентті кешкен.
Жауабы
Су — вода — water
-
Мамықтай ұлпа, қанттай ақ: қыста жер бетін басады, жазда сайға қашады.
Жауабы
Қар — снег — snow
-
Құрғақ жерде сақтайсың, менсіз тамақ татпайсың.
Жауабы
Тұз — соль — salt
-
Қалқиып ұзын құлағы, елеңдеп қорқып тұрады.
Жауабы
Қоян — заяц — rabbit
5) “Үш тілді білу — заман талабы”
Оқушылар үш тілдің қоғамдағы рөлі туралы ой бөлісіп, нақты мысалдар арқылы көптілділіктің артықшылықтарын дәлелдейді.
6) “Ана тіліме — мөлтек сыр...”
Ана тіліне деген сүйіспеншілікті көркем сөзбен жеткізу: қысқа ойтолғау, эссе, өлең жолдары немесе нақыл сөздер арқылы.
III. Қорытындылау және бағалау
- Орындалған тапсырмалар бойынша ұпайларды есептеу.
- Топтардың нәтижесін салыстырып, жеңімпазды анықтау.
- Жекелей белсенділік пен тілдік сауаттылыққа сүйене отырып бағалау.
- Кері байланыс: оқушылардың бүгінгі сабақтан алған әсері мен түйіні.
Қорытынды
Үш тілді меңгеру — тек тіл үйрену емес, ол ойлау көкжиегін кеңейту, мәдениеттерді түсіну және болашаққа сенімді қадам жасау. Ана тіліміз — рухани тірегіміз, ал өзге тілдер — әлеммен байланыс орнататын көпір. Осы үйлесім жас ұрпақты білімді, бәсекеге қабілетті, құрмет пен жауапкершілікті қатар ұстанатын тұлға ретінде қалыптастыруға қызмет етеді.