Сайысқа қатысатын аналар командасын таныстыру

Спорттық сайыс

«Үздік ана» атты спорттық сайыс

Салауатты өмір салтын насихаттайтын, ептілік пен тапқырлықты, шапшаңдық пен күш-жігерді отбасылық бірлікпен ұштастыратын аяулы аналарға арналған мерекелік жарыс.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Армысыздар, бүгінгі сайысымыздың қатысушылары! Армысыздар, көрермен қауым, жанкүйерлер және бүгінгі сайысымызға төрелік ететін әділ қазылар!

Күндей шалқып күлгенің —
Шаттығыңның нұры ғой.
Шат боп өмір сүргенің —
Заманыңның сыры ғой.

Сенің нұрлы жүзіңнен,
Көрем бақыт өмірді.
Сенің әрбір сөзіңнен,
Күй естілер көңілді.

Осы өлең жолдарын құрметті аналарымызға арнай отырып, дүниедегі ең асыл жан — аналарды «Үздік ана» атты спорттық сайысымызға қош келдіңіздер деп қарсы аламыз!

Әділ қазылар алқасы

Сайыс барысын әділ бағалайтын қазылар алқасы таныстырылады. Жарыс кезеңдерінің орындалу тәртібі мен ұпай қою талаптары алдын ала ескертіледі.

Қатысушы командалар

I топ

«Шуақ» командасы

Жылулық, мейірім, бірлік.

II топ

«Алау» командасы

Жігер, серпін, қарқын.

III топ

«Қыран» командасы

Биік мақсат, батыл қадам.

Сайыс бағдарламасы

Кезеңдер шапшаңдықты, ептілікті, күшті және командалық үйлесімділікті сынайды.

Тәртіп пен қауіпсіздік ережелері сақталады

А

Таныстыру

Команданың аты, ұраны, эмблемасын таныстыру.

Ә

«Жуа жинау» (уақытпен)

Берілген уақытта мүмкіндігінше көп жуа жинау.

Б

Обручпен жұптасып жүгіру

Кедергілер арасынан айналып, жұппен обруч арқылы жүгіріп өту.

В

Қол күрес

Қарсы команданың қатысушыларымен күш сынасу.

Г

Барьер + нысанаға доп лақтыру

Барьерден өтіп, сақинаға доп лақтыру. Доптың сақинаға түсуі есептеледі.

Д

Арқан тартыс

Командалық күш пен бірлікті көрсететін кезең.

Е

Спорт құралдарын апарып-әкелу (эстафета)

Құралдар: обруч, ракетка мен шарик, баскетбол добы, секіртпе.

  • Қатысушылар фишкалардың арасынан айналып өтеді.
  • 1-ойыншы обручты апарады.
  • 2-ойыншы ракеткамен шарикті жерге түсірмей алып барып, обручтың ішіне салады.
  • 4-ойыншы допты айдап барып, белгіленген жерге жеткізеді.
  • Осы тәртіппен құралдарды қайтадан алып келу қажет.

Ж

Кім көп секіреді?

Капитандар 1 минут ішінде секіртпемен қанша рет секіретінін көрсетеді.

З

Лото ойыны (сұрақ-жауап)

Кез келген сан таңдалады. Экрандағы сол санға сәйкес сұраққа жауап беріледі немесе тапсырма орындалады.

Қорытынды бөлім

Би, бастау және қорытындылау

Көңілді бағдарлама жалғасып, сайыс қорытындыланады.

Марапаттау және тілек

Әділ қазылар қорытынды сөз сөйлеп, қатысушыларға мадақтамаларын тапсырады. Сайысымызды қорытындылай келе, баршаңызға зор денсаулық, өмірдегі бар жақсылық пен қуаныш тілейміз.

Біз сіздермен қоштаспаймыз — келесі жүздескенше аман болайық. Әдемі күлейік, әдемі өмір сүрейік!

Қорытынды сөз

Сау болыңыздар!

Кездескенше, аман-есен болайық.