Мақсатыңның нәтижесін анық білсең, қиын кедергіден қиналмай өтесің

Тренинг барысы

Төмендегі жаттығулар оқушылардың өз-өзін тануына, өмірлік құндылықтарын айқындауына және қиындыққа төзімділік дағдыларын дамытуға бағытталған.

1) «Мен және өмір» жаттығуы

Танысу

Оқушылар шеңберге тұрады. Әрқайсысы өзін таныстырып, өмірге қатысты жағымды сөйлем құрайды.

Мысал

«Мен — Айбол, өмірде бақыттымын».

2) «Ойлануға арналған балықтар» жаттығуы

Рефлексия

Бір-бірімізді жақын тану үшін «балық аулау» ойыны ұсынылады. Әр қатысушы үлестірмеден аяқталмаған сөйлемі бар қағазды таңдап алып, оны өз ойымен аяқтайды.

Сәби бақыты — ол…

Ең үлкен қорқыныш — бұл…

Дәрігер бақыты — ол…

Мен мынадай адамдарға сенбеймін…

Ата-ана бақыты — ол…

Мен ренжимін, егер…

Ер-азамат бақыты — ол…

Егер мен сенімді болсам, онда…

Ұлт бақыты — ол…

Ұстаз бақыты — ол…

3) «Өзіңді теңей біл» жаттығуы

Өзін-өзі тану

Қатысушылар өздерін бір затқа немесе табиғат құбылысына теңейді және неге дәл соны таңдағанын түсіндіреді. Мақсат — көңіл күйді көтеру, өмірге көзқарасты кеңейту.

Мысал

«Мен өзімді ағып жатқан бұлаққа теңеймін. Өйткені мен адамдарды да, жануарларды да нәрлендіремін. Бұл өмірге пайдам бар, себебі мен керекпін».

4) «Эксперимент» жаттығуы

Стресс-төзімділік

Мақсат — стресс жағдайында өзін ұстай білуге үйрету. Оқушыларға бейтарап әріптер тізбегінен құралған мәтін беріледі. Тапсырма: 30 секунд ішінде оқып көру.

Мәтін үлгісі

МАРИЯМҮЙГЕБАРЫПГҮЛДЕРГЕСУҚҰЙЖӘНЕТАМАҚЖАСАЖАРАЙМА.

АсЫқпАтүспеДІдепҚОлымАТЕзДамЛСЫзіздЕУІнеЕРІнбеСеҢкеРегіңӨМіріңДебоЛАдыКез.

ЗерТТЕУдеАРнаЙыБЕлгІРетінДЕҚазаҚертЕГІСінқОЛдаНдЫқҚаЗақЕрТегІЛерІарҚЫЛыБалаЛаРдЫҢжАсеРЕкшЕЛІкТЕріНЕқАРАйқИЯлДЫқШығАРмАШылдыҚкөРсетКІшІнАНықтАУкЕрЕК.

5) «Интуицияңды тексер» жаттығуы

Диагностика

Экрандағы ұяшықтардың нөмірін таңдау арқылы олардың ішінде жасырылған заттарды табу қажет. Дұрыс жауаптар саны оқушылардың интуициясының қаншалықты дамығанын шамалап анықтауға көмектеседі.

Тапсырмалар

  1. Ақ аю қай ұяшықта жасырылған?
  2. 1000 доллар
  3. «5» деген баға
  4. Алтын сағат
  5. Тесттен 125 балл жинады деген сертификат

6) «Досым, саған не тілейін?» жаттығуы

Қорытындылау

Қатысушылар жайланып шеңбер бойымен отырады. Жүргізушінің қолындағы «ғажайып бауырсақ» кезекпен әрқайсысының қолына беріледі. Бауырсақты алған оқушы өз әсерімен бөлісіп, қатысушыларға тілек айтады.

Талдау сұрақтары

  • Бұл күн саған не әкелді?
  • Бүгінгі тренингтен қандай әсер алдың?

Назар

Тілектер нақты, жылы және қолдауға бағытталған болғаны дұрыс: оқуға, мақсатқа, қарым-қатынасқа, өз-өзіне сенімге қатысты.

Қорытынды ой

Өмірдегі ең қалаулы нәрсе не екенін кез келген адамнан сұрасаңыз, көпшілігі: «Мен тек бақытты болғым келеді» дейді. Біз бәріміз де сол үшін өмірге келеміз.

Адам жанына ең қажеті — өмірінің мәнді болуы. Ал мәнді өмір мақсатпен бекиді: мақсат бақыттың іргетасын қалайды. Егер сен бір нәрсеге шын құлшынатын болсаң, уайым-қайғы өзінен-өзі сейіледі.

Өмірде кездесетін қиындықтар — мақсатыңа жетер жолдағы шағын кедергілер ғана. Нәтижені анық елестете алсаң, кез келген тосқауылдан қажымай өтесің. Адам өмірде бақытты бола алады және болуы керек — тек оны сезініп, бағалай білсе болғаны.

Автор

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Ақсуат ауылы, №100 орта мектептің педагог-психологі — Жанабилова Айнұр.