Тұрақты токтың жұмысы мен қуаты

Тақырыбы

Тұрақты токтың жұмысы мен қуаты.

Эпиграф

«Білім – күш».
Френсис Бэкон, ағылшын философы (1561–1626)

Мақсаты

  1. Тұрақты токтың жұмысы мен қуатын күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, оқушыларға түсіндіру.
  2. Оқушылардың танымдық қабілетін және белсенділігін арттыру арқылы өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
  3. Белсенділігі жоғары, теориялық білімін практикада қолдана алатын тұлға қалыптастыру.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру бөлімі

Оқушыларды сабаққа дайындау, жұмыс қарқынын белгілеу.

2) Үй тапсырмасын тексеру

  • Интерактивті тақтаны пайдалану.
  • Семантикалық карта толтыру.
  • «Қатені тап» тапсырмасы.

Ескерту: Үй тапсырмасы интерактивті тақтаның көмегімен тексеріледі.

3) Жаңа сабақ

Тақырыпты түсіндіру: тұрақты токтың жұмысы мен қуаты, олардың тұрмыстағы қолданылу мысалдары.

4) Бекіту

  • Кластер жасау.
  • Есептер шығару.
  • Физикалық пауза.
  • Эксперименттік есеп.

5) Үйге тапсырма

Оқушыларға жаңа тақырыпты бекітуге арналған тапсырмалар беріледі.